Елтай ауылдық округі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар

Елтай ауылдық округі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

 

Елтай ауылдық округі бойынша жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша

Кірістер саны 150 хат, шығыстар саны 380 хат, электронды хаттар бойынша кірістер -160 хат, шығыс - 90 хат уақытылы тіркелді.

     Бюджеттің орындалуы бойынша Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылғы жалпы бюджеті бюджеті 51 млн 086 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша 4-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары - 51 млн 086 мың теңге, орындалу 99,9 пайыз.

   Ауыл шаруашылық  және мал шаруашылығы бойынша.          

Округте 2025 жылғы санақ бойынша Мүйізді ірі қара–2700 бас, Мүйізді ұсақ мал –15500 қой 950 бас ешкі,  жылқы – 1850 бас, 4450 бас құстар бар. Мәліметтер электрондық шаруашылық кітабына енгізіліп, жандандырылған.

      Дала жұмыстарының барысында    

№

Дақылдың атауы

Егілген алқап(га)

Жиналған алқап(га)

Өнімділік(ц)

Жалпы өнім(тн)

1

Күздік бидай

30

30

25

75

2

Жаздық бидай

61

61

21

128

3

Арпа

60

60

20

120

4

Қант қызылшасы

19

 

 

 

5

Соя

170

 

 

 

6

Бақша

20

20

380

760

7

Көкөніс

69

69

328

2263

8

Картоп

13

10

220

220

9

Көпжылдық шөп (га)

130

130

45

585

10

Көпжылдық шөп(га)

145

145

50

725

11

Жүгері

30

 

 

 

Арзандатылған дизель отынына 2025 жылы 17,500 литр, 2026 жылға өтініш берілгені 10 тонна. Сүдігер жоспар 220 га, терең жырту 20 га, орындалған -200 га

 

   Санитарлық тазалық  Округ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық орындар, округтің көше бойлары, Талдықорған-Үштөбе трассасының тазалықтары уақытылы жүргізілуде. Округ бойынша  11 айда  25 сенбілік, өткізіліп,  1000 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарына санитарлық тазалық нормаларын сақтау бойынша хабарландырулар таратты. Ауыл тұрғындарына санитарлық тазалық нормаларын сақтау бойынша хабарландырулар таратты. Қаражиде ауылының орталығындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне 40 түп қарағай ағашы, 50 түп арша ағашы, Елтай атындағы орта мектебіне 70 түп арша ағашы, Д.Қонаев көшесінің орталығына 40 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды. Қаражиде орталығына сондай-ақ 200 түп жапырақты ағаштар отырғызылды. Жалпы 400 түп. Экологиялық мәдениетті дамытудың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру барысында, ағымдағы жылдың 19 наурыз күні «Мөлдір бұлақ» акция аясында, Елтай ауылдық округіне қарасты Шүмек елді мекеніне тазалау жұмыстары жүргізіліп, бұлақ көзі ашылды.  Учаскелік полиция инспекторымен бірлесе ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес жыл басынан 33 хаттама, оның ішінде маусым айында 11  хаттама толтырылып, ескертпелер берілген.

          Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша 2025-2026 жылдарғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу және нарықтағы көмір бағасы туралы ауылдың тұрғындар группасына үнемі салынып отырады. Казіргі уақытта ауылдың 40 пайызы көмірмен қамтылды.

Округте 900 тонна қатты отынды қажеттілік етеді. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарында 850 тонна қатты отын қолда бар. Тұрмысы төмен  10 отбасыға отын түрінде көмек көрсетіліп, 3 т қатты отын түсірілді.

(Округ бойынша 16 тұрғын үй бос, үй иелері бар. Тұрмысы төмен отбасылар - 6, жалғыз ілікті азаматшалар – 3.)

          Газ жүйесін тарту бойынша  Сарыбұлақ ауылына газ жүйесін жүргізу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі уақытта 7 үй газга қосылды.

          Қаражиде ауылына магистральді құбыр және ауылдың ішкі құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Көше жарығы бойынша. Көше жарығы бойынша Елтай ауылдық округі түнгі жарық беру бойынша толық көше жарық шамдары ауыстырылды. Жарық беру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Істен шыққан шамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 95 шам ауыстырылды.

           Маусым айында  Т.Атимов көшесіне жаңадан түнгі жарық беру шамдары орнатылды.          

            Сарыбұлақ ауылына ауыз су жүйесін тарту жұмыстары аяқталды. Бірақ бүгінгі күнге су жүйесін қосу бойынша кемшіліктер бар. Су мұнарасы автоматты режимде іске қосылмауда. Қазіргі таңда автомат қолмен қосылуда       

        Инвестиция тарту  бойынша   “Тұрсынбек А” шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын ашу мақсатында төмен пайызды несие алу үшін қүжаттарын жинастыруда. 2025 жылы «Марғұлан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару әдісін іске қосу мақсатында, құбырлар өндіру мини завод ашу үшін құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сатып алынған құрал жабдықтардың 20%  аудандық статистика бөліміне тіркеліп, 1 инвест есебі тапсырылды. Уалиевтар әулиеті Елтай орта мектебінде өз аталарына арнап география кабинетін ашты. Оңғаровтар әулиеті өз аталарына арнап Елтай орта мектебінде математика кабинетін ашты. «Смаилов А» шаруа қожалығы 12 миллионға, «Мұқаш» шаруа қожалығы 5 миллионға ауыл шаруашылығы тракторларын алып, аудандық статистика бөліміне тіркелді. «Смаилов А» ШҚ ауыл шаруашылық техникасы 12 млн. «Мұқаш» шаруа қожалығы 5,5 млн лизинг бойынша трактор алды, аудандық статистика бөліміне тіркелді.

          Инвестиция тарту бойынша 2025 жылы «Марғұлан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару құрылғыларын өндіруге арналған шағын заводы алынды. «Смаилов А» шаруа қожалығы 12 млн 230 мыңға  «Мұқаш» шаруа қожалығы 5 млн 830 мыңға, «Касенов Б» шаруа қожалығы 12 млн 980 мыңға  ауылшаруашылығы тракторларын алды.

 

          Салық төлемдері бойынша  Округ бойынша салық төлемдері жоспарға сай мерзімді орындалуда. Берешек көлік салығы бойынша 1 азамат. Төлемдерді мерзімді төлеу бойынша жұмыстар атқарылуда.

№

Салық түрлері

2024 жылға берілген  жоспар, теңге

Орындалған, теңге

Орындалу пайызы,  %

1

Мүлік салығы

300 000

317 400

109

2

Жеке табыс салығы

1 500 000

2 196 000

172

3

Көлік салығы(жеке тұлға)

4 200 000

3 501 000

92,3%.

          Әскери есеп  Күзгі әскерге міндетті және әскерге шақырушылар бойынша 9 азамат. Оның 2 студент, 3 әскерде, 1 босатылған, 3 азаматқа әскерге шақырту берілді. Әскерге кетті 3- адам. Әскери міндеттілер қорғаныс бөліміне уақытылы баруда.

         Әлеуметтік сала  «Күміс жас» жобасы бойынша 3 адам, «Жастар практикасы» бойынша 4  тоқсанға 2 адамға, қоғамдық жұмысқа 25 адамға өтініш  жіберілген, қазіргі таңда 21 адам қоғамдық жұмысқа қабылданды, 3 адам «Жастар практикасына»  қабылданды, 3 адам қысқа мерзімді оқып жатыр. Мемлекеттік атаулы көмек алу үшін 4 отбасы құжат тапсырған болатын, 1 отбасының зейнетақы жарнасы төленбеуіне байланысты , 3 отбасына  тағайындалды.. «Қарызсыз қоғам» ауыл азаматтарының сауаттылығын арттыру мақсатында 92 азамат оқытылды.

Елтай орта мектепке баратын айналма жолға құм-қиыршық тас төгу жұмыстары жүргізілді. (Мердігер ЖК «М.Нигматуллин». Қаражат  1 737 000 теңге)

          Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылының Ақбұлақ бөлімшесінің жолдарына демеушілердің көмегімен құм-қиыршық тас төгу жұмыстары жүргізілді.

           Елтай атындағы орта мектебінде Оңғаровтар және  «Уалиевтар әулеті 2 кабинетке толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп ішін заман талабына сай жабдықтармен қамтып, математика қабинетіне Нұрпәзіл Оңгаров және  география кабинетiне Талғат және Марат Уалиевтар аты берілді. 

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(Мердігер ЖШС «ЭнергоПромСтрой». Қаражат көлемі 777 777 теңге.)

           «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмекке мұқтаж балаларға материалдық қолдау көрсету шаралары ұйымдастырылып, 40 оқушы мемлекет тарапынан және 5 оқушыға демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.

  (Білім саласы бойынша  ауылдық округте  2 мектеп, Елтай атындағы орта мектебі мен Сарыбұлақ бастауыш мектебі, 1 балабақша жұмыс істейді.)

           Денсаулық саласы.  Округте 1 ФАП, 1 медициналық пункт  жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы Сарыбұлақ ауылына 1 медициналық пунк салу жоспарланған салу мерзімі 2026 жыл, (тапсырыс беруші аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімі) алайда салу мерзімі өтуіне байланысты сотқа талап арыз жолданды. Қаражиде ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының құрлысының жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 90 пайыз жұмыстары жүргізілді. ( мердігер «БК-С Сервис ЖШС»). аяқталу мерзімі 2026 жыл.

Қаражиде ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша аяқталуы 2025 жылдың желтоқсан айы

          Сонымен қатар  мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2026 жыл.

          Елтай ауылдық округі бойынша 2025 жылдың басынан еш бір қылмыстар тіркелмеді.

          (Өткізілген іс-шаралар, жеке қабылдаулар мен жиындар бойынша  2025 жылда ауыл тұрғындарымен барлығы 4 жиын, 49 жеке қабылдау, 9 қоғамдастық жиналыстары өткізілді. Жеке қабылдаудың хаттамалары толық жазылып, «Е-Өтініш» жүйесіне уақытымен тіркелді. Жиындардың хаттамалары толығымен жазылды. Бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында 4 мәдени іс-шара ұйымдастырушылықпен өтті.

2025 жылы атқарылатын жұмыстар

  1. Қаражиде ауылына саябақ демалыс орнын салу.
  2. «Жұлдыз» балабақшасының орнын тазалау.
  3. Абай атындағы кооператив кеңсесін иесіз нысан ретінде тіркеп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  4. Сарыбұлақ ауылына медициналық ғимарат салу.
  5. Сарыбұлақ ауылына шағын футбол алаңы салу.
  6. Сарыбұлақ ауылының Өтеген батыр көшесінің тұйық көшесіне құм-қиыршық тасын төгу.

 

Дата публикации
05 января 2026