Елтай ауылдық округі бойынша 2025 жылдың
1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жалпы бюджеті 51 млн 086 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары 11 млн 329 мың теңге, нақты орындалғаны 10 млн 750 мың 242.62 теңге, орындалу пайызы 99,9%
Аудан әкімдігінің кіріс және шығыс құжаттарын электрондық түрде жүргізуді 100 %-ға қамтамасыз ету және кіріс және шығыс құжаттарын уақытында тіркеу бойынша 2025 жылдың 1-тоқсанында келіп түскен кірістер саны 62 хат, шығыстар саны 124 хат, электронды хаттар бойынша кірістер -43 хат, шығыс - 10 хат уақытылы тіркелді.
«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметкерлерінің жеке деректерін, іс-сапар, еңбек демалысының өкімдері уақытылы, сапалы онлайн режимінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне енгізілуде.
2025 жылдың 1-тоқсанында жеке және заңды тұлғалдардың өтініштерін «Е-өтініш» бағдарлама жүйесінің талаптарына сәйкес 5 өтініш түсіп, уақытылы тіркеліп, өтініш берушіге белгіленген мерзімде нәтижесі бойынша жазбаша түрде жауабы беріліп, қанағаттандырылды. Әр айдың соңында және тоқсан сайын, статистикалық есебі жасалуда.
Құқықбұзушылықтың алдын-алу, мүлдем төзбеушілік іс-қызметін ұйымдастыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптарын сақтау мақсатында, еңбек ұжымдары арасында үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылып, мақалалар жарияланып, жиындар өткені жайлы ақпараттық есептер уақытында жіберіліп отырды.
Елтай ауылдық округінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарланып, брошюралар таратылып, жиындар өткізілді.
Бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында 2 мәдени іс-шара ұйымдастырушылықпен өтті.
2025 жылдың 1-тоқсанында ауыл тұрғындарымен барлығы 2 жиын, 11 жеке қабылдау өткізілді. Жиындардың хаттамалары толығымен жазылды. Кездесу жиындарының хаттамалары мен іс-қимыл жоспарлары, орындалу барысы және кездесуден кейін жеке қабылдаулардың хаттамалары мен орындалу барыстары толығымен толтырылды.
Ресми сайт және әлеуметтік желі парақшаларының барлық бағыттары мен санаттары бойынша материалдармен уақытылы толықтырылып отырды.
2025 жылдың 5 наурыз күні Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде және Сарыбұлақ ауылдарында округ әкімі А.К.Забиев ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған мәселелер қаралып, сұрақтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауаптар берілді. Кездесуден кейін ауыл тұрғындарымен жеке қабылдауы жүргізілді.
2025 жылғы мал табыны бойынша 27 наурыз күні «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында округ әкімі А.К.Забиев және учаскелік полиция қызметкері С.Б.Тажинов ауыл тұрғындарымен және бақташылармен мал табынын шығару және үш жақты келісім шарт жасау туралы жиын өткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары барлық сұрақтарына жауап алды және бақташылармен табын бағасы нақтыланды.
Салық бойынша жеке тұлғаларға салынатын көлік, мүлік салық түрлеріне қатысты іс-шараларды іске асыру бойынша 1 тоқсанда жеке табыс салығы 300 мың теңгеге, көлік салығы 1 млн 947 мың теңге, мүлік салығы 1500 теңгеге орындалды. Аудандық кірістер басқармасына уақытылы, сапалы есептерді ұсынады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай мәселелері бойынша төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес ауыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, айтылған тапсырмаларды уақытылы өткізеді.
Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық орындар, округтің көше бойлары, Талдықорған-Үштөбе трассасының тазалықтары уақытылы жүргізілуде. Округ бойынша 15 наурыз айынан бастап 2 сенбілік өтіп, 5 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарына санитарлық тазалық нормаларын сақтау бойынша хабарландырулар таратты. Қаражиде ауылының орталығындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне 40 түп қарағай ағашы, 50 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды. Экологиялық мәдениетті дамытудың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру барысында, ағымдағы жылдың 19 наурыз күні «Мөлдір бұлақ» акция аясында, Елтай ауылдық округіне қарасты Шүмек елді мекеніне тазалау жұмыстары жүргізіліп, бұлақ көзі ашылды.
Төтенше жағдай мәселелері жұмыстарын ұйымдастыру бойынша дала өртінің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлардың су тасқыны кезеңі маусымында, яғни наурыз айында елді-мекендерге таудағы еріген қар суының кіру салдарының алдын алу мақсатында ішкі және сыртқы тоғандарды айналма тоғанға қосу жұмыстары жүргізілді. Қаратал өзенінің су көлемі тұрақты бақылауда.
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ауыл тұрғындары мен мекемелерге түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Аудандық хаттамаларға уақытылы есеп береді.
Әскери есеп 2025 жылдың 13 ақпан күні әскерге міндетті және әскерге шақырушылар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген. Тізім бойынша 11 адам. Оның 3 әскери міндетті 2024 жылы әскерге кетіп қалған, 1 азамат әскерге жарамсыз, 2 азамат оқуда,1 азамат асыраушысынан айырылғандықтан босатылып, құжаттары рәсімделген, 1 азамат әскери есептен шығып, тұрғылықты жері бойынша тіркелген, 2 азамат тұрмайтындығы анықталды. Әскерге 1 азамат жіберілді. Әскери бөлімге келген, кеткен қайтыс болған азаматтар туралы айлық есеп беріледі. Көктемгі әскери мерзімге азаматтарды шақыру және алдын ала зерделеу жұмысына шақыру парақшаларын таратты. Қорғаныс бөліміне анықтамалары өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, яғни «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бойынша қаңтар айында 8 қызметтер, ақпан айында 11 қызметтер, наурыз айында 15 қызмет көрсетіліп, 51 ЭЦҚ ашылды. Барлығы 1 тоқсан бойынша 34 қызмет көрсетіліп, 51 ЭЦҚ кілті ашылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша қаңтар айында тұрғындарға 3 түсіндіру жұмысы, ақпан айында 3 түсіндіру жұмыстары, наурыз айында 3 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үн парақтар таратылды.
Барлығы 1 тоқсан бойынша 9 мемлекеттік қызметтерді насихаттау жұмыстары жүргізілді.
«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне 1 тоқсан бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі бойынша 2 өтініш тіркелді. Ақпараттық жүйені күнделікті бақылау, жұмыстары жүргізілуде.
Статистикалық есептер бойынша жұмыстар сапалы жүргізіліп, жылына екі рет адам саны, мал санын анықтау мақсатында аулаларды аралап, келген-кеткен тұрғындар санын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ауылға келген, кеткен адамдарды, мал санын электронды шаруашылық есеп кітаптарына тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
2025 жылдың 1 қаңтарына адам саны, мал саны анықталып, аудандық статистика бөліміне 7М, 6М есептері өткізілді, округтің әлеуметтік-эконикалық төлқұжаты жасалды.
Егін шаруашылығы, мал шаруашылығы отбасы мүшелері туралы анықтамалар берілді. (берілген анықтамалар саны-2). Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінінен, аудандық статистика басқармасынан, жұмыспен қамту мандат орталығынан, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік бөлімі, экономика бөлімдерінен келген тапсырмаларды (кестелерді) орындау жұмыстары уақтылы жүргізіледі.
Көктемгі дала жұмыстары бойынша 1 тоқсанда 5 трактор жұмыс жасауда, 30 га ылғал жабу, 50га жер жырту, 20 га көпжылдық шөпті тырмалау жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша “Нұр” шаруа қожалығы 60 тонна амофос, 50 тонна селитраға өтініш беріліп, 50 тонна селитра алынды. ”Жұмай Д”, “Смаилов С” шаруа қожалықтары органикалық тыңайтқыштарды 100 тонна септі. Тоғандарды тазалау, қамыстарын өртеу жұмыстары жүргізілуде. «Нұр», «Смаилов С» шаруа қожалықтары арзандатылған жанар-жағар майға 7500 тоннаға тапсырыс берілді. Тыңайтқыштарға «Аммиакты селитра» -80, «Аммофос»-50 тоннаға «Нұр» шаруа қожалығы тапсырыс беріп, 50 тонна аммиакты селитра алынды. «Төреғали» шаруа қожалығының басшысы Құрманғалиев Абуғали «Аграрлық несие корпарациясынан» көктемгі дала жұмыстарына 11 млн несие алды, 19 га қант қызылшасын егуді жоспарлап отыр. Шаруа қожалық басшыларына, ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер жайлы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Инвестиция тарту бойынша “Тұрсынбек А” шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын ашу мақсатында тқмен пайызды несие алу үшін қүжаттарын жинастыруда. 2025 жылы «Марғұлан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару жабдықтарын алып 150 га қант қызылшасын егу жоспарлануда. Сатып алынған құрал жабдықтардың 20% аудандық статистика бөліміне тіркеліп, 1 инвест есебі тапсырылды.
«Күміс жас» жобасы бойынша 3 адам, «Жастар практикасы» бойынша 1 тоқсанға 2 адамға, қоғамдық жұмысқа 25 адамға өтініш жіберілген, қазіргі таңда 19 адам қоғамдық жұмысқа қабылданды, 3 адам «Жастар практикасына» қабылданды, 3 адам қысқа мерзімді оқудың басталуын күтіп отыр. Мемлекеттік атаулы көмек алу үшін 6 отбасы құжат тапсырған болатын, 1 отбасының табысының асып кетуіне байланысты ала алмады, 5 отбасы алып отыр.
Газ жүйесін тарту бойынша Сарыбұлақ ауылының газ жүйесіне қосылатын 52 үй бар. Тұрғындарға газ жүйесін кіргізу кезінде тұрғын үй құжаттарын ретке келтіру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Магистральді құбыр және ауылының ішкі құбырлары толығымен бітіп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мешіт пен ауылдың тыл ардагеріне тегін газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде.
Көше жарығы бойынша Елтай ауылдық округі түнгі жарық беру бойынша толық көше жарық шамдары ауыстырылды. Жарық беру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. 2025 жылы 1 млн теңге қаражат бөлінді. Істен шыққан шамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Сарыбұлақ ауылына ауыз су жүйесін тарту жұмыстары аяқталды. Бірақ бүгінгі күнге су жүйесін қосу бойынша кемшіліктер бар. Су мұнарасы автоматты режимде іске қосылмауда. Қазіргі таңда автомат қолмен қосылуда.
Білім саласы бойынша ауылдық округте 2 мектеп, Елтай атындағы орта мектебі мен Сарыбұлақ бастауыш мектебі, 25 орынды 1 балабақша жұмыс істейді.
Денсаулық саласы бойынша округте 1 ФАП, 1 медициналық пункт жұмыс істеуде. 2024 жылдың қыркүйек айында Қаражиде ауылында ФАП құрлысы басталды (Мердігер «БК-С Сервис» ЖШС). Аяқталу мерзімі 2025 жылдың сәуір айы. Сарыбұлақ ауылына 1 медициналық пунк салу жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы атқарылатын жұмыстар.
- Қаражиде ауылы Жамбыл көшесіне түнгі жарық беру шамдарын орнату.
- Сарыбұлақ ауылының Өтеген батыр тұйық көшесіне құм қиыршық тастарын төгу.
- Қаражиде ауылы, Елубай көшесіне жөндеу жұмыстарын жасау.
- Орталықтағы стрит воркаут спорт алаңына жұмсақ төсеніш төсеу. ЖСҚ әзірлеу.
- Сарыбулақ ауылындағы медпунк құрылысы.
- ҰОС ардагерлер ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау.
- Қаражиде ауылына ФОК құрылысы.
- Қаражиде ауылындағы ФАП құрылысы.
- Қаражиде ауылындағы апатты жағдайда тұрған ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жылы сүру жұмыстары.
Орындаған: Ә.Е.Нүрпәзіл
Телефон: 8 72834 29 198