Елтай ауылдық округі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
Елтай ауылдық округі бойынша жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша
Кірістер саны 227 хат, шығыстар саны 516 хат, электронды хаттар бойынша кірістер -136 хат, шығыс - 76 хат уақытылы тіркелді.
Бюджеттің орындалуы бойынша Елтай ауылдық округі әкімінің аппаратының 2024 жылғы жалпы бюджеті 59 млн 987 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша IV-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары - 59 млн 960 мың 505.41 теңге, орындалу 99,9 пайыз.
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша.
Округте 2024 жылғы санақ бойынша Мүйізді ірі қара– 3150 бас, Мүйізді ұсақ мал – 17200 бас, жылқы – 1400 бас, 4600 бас құстар бар. Мәліметтер электрондық шаруашылық кітабына енгізіліп, жандандырылған.
Дала жұмыстарының барысында
Елтай ауылдық округі бойынша 2024 жылға егілген ауыл шаруашылық дақылдар бойынша бидай 130 га, арпа 76 га, жүгері 100 га, соя 115 га, кант кызылшасы 25 га егілген барлығы дер кезінде жиналып,Күздік бидай 30 га өнімділік 25 центнер 75 тонна, жаздық бидай 100 га өнімділік 19 центнерден 172 тонна, арпа 76 га өнімділік 25 центнерден 190 тонна, 20 га бақшадан өнімділігі 370 тен 740 тонна, 69 га көкөніс өнімділігі 346 центнерден 2387 тонна,70 га картоп өнімділігі 218 центнерден 1526 тонна өнім алынды.
Санитарлық тазалық Округ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық орындар, округтің көше бойлары, Талдықорған-Үштөбе трассасының тазалықтары уақытылы жүргізілуде. Округ бойынша 12 айда 15 сенбілік, 8 таза сәрсенбі, 18 таза бейсенбі өткізіліп, 30 тонна қоқыс шығарылды. Әр кім өз ауласын тазалау және абаттандыру ауыл тұрғындардың міндеті. Ауылымыздың тазалығы әр бір ауыл тұрғынан басталады.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша 2024-2025 жылдарғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу және нарықтағы көмір бағасы туралы ауылдың тұрғындар группасына үнемі салынып отырады. Казіргі уақытта ауылдың 40 пайызы көмірмен қамтылды.
Округте 900 тонна қатты отынды қажеттілік етеді. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарында 850 тонна қатты отын қолда бар. Тұрмысы төмен 4 отбасыға отын түрінде көмек көрсетіліп, 3 т қатты отын түсірілді
(Округ бойынша 16 тұрғын үй бос, үй иелері бар. Тұрмысы төмен отбасылар - 6, жалғыз ілікті азаматшалар – 3.)
Газ жүйесін тарту бойынша Сарыбұлақ ауылының газ жүйесіне қосылатын 52 үй бар. Сарыбұлақтан Тастөбеге дейін магистральді құбыр жүргізілді. Қазіргі уақытта Беделбайда магистральды құбырды жерастымен қосу және Сарыбұлақ ауылының ішіне құбырларды жалғау жұмыстары жүргізілуде.
(Сарыбұлақ Ауылының тұрғындары газ жүйесіне қосылу үшін осы уақыттан бастап үйдің құжаттарын заңдастыру қажет).
Көше жарығы бойынша
Түнгі жарық беру бойынша «Бектемиров» жеке кәсіпкермен шарты жасалған. Сарыбұлақ ауылының Өтеген батыр мен Сейфулин көшелерінің 70 шамын ауыстырды. Қаражиде мен Сарыбұлақ ауылының көшелеріне зерделеу жүргізіліп 100 шамның істен шықаны анықталды. қаражаттың жетіспеуіне байланысты аудандық қаржы бөліміне бюджетті өтінім берілді, қаражат бөлінген соң қалпына келтіріледі.
Шілде айында Сарыбұлақ ауылы Райев көшесіне балалар ойын алаңы мен стрит воркаут алаңы салынып қолданысқа берілді. (Мердігер ЖК Кенженова )
Қаражиде ауылы Қолдасбай көшесінде стрит-воркаут спорт алаңы салынды. Мердігер «Koksu Service» жеке кәсіпкер. (1 818 000) Сыртындағы қоршауын көше тұрғындардың сұрауы бойынша, өз күшімізбен Елтай ОМ ескі қоршауынан жасалды. Басталды 9 шілдеде аяқталды 3 қыркүйекте.
Қаражиде ауылы Конаев көшесінде спорт алаңы салыну үшін, «GM» жеке кәсіпкермен шарт жасалған, салу мерзімі 20 қыркүйек күні өтуіне байланысты сотқа ісі жиберілді. ЖҰмыстарын аяқтау үстінде.
Абай ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Lux Pro Lab» жеке кәсіпкермен (құны 6 666 667 теңгеге) шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Елубай көшесінде 3 арендалық тұрғын үйдің құрылы жүргізді. Көп балалы отбасыларға қолданысқа берілді.
Сарыбұлақ ауылына ауыз су жүйесін тарту жұмыстары аяқталды. Су жүйесі автоматты режимде жұмыс жасауда.
Күн суытуына орай сыртта тұрған су құбарларын ішке кіргізу керек. Ескі су жүйесінде отырған кісілер жаңа
Инвестиция тарту бойынша «Kazakhstan Grand Construction» ЖШС-ы Қаражиде ауылы, Елубай көшесі бойынан арендалық 3 тұрғын үй құрылысын жүргізді. Жалпы соммасы 55 164 000 инвестиция тартылды. «Марғұлан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару жабдықтарын өз қаражатына 40 млн теңгеге сатып алған, келесі жылы 2025 жылы 150 га қант қызылшасын егу жоспарлануда.Сатып алынған құрал жабдықтардың 20% аудандық статистика бөліміне тіркеліп,1инвест есебі тапсырылды.
Салық төлемдері бойынша Округ бойынша салық төлемдері жоспарға сай мерзімді орындалуда. Берешек 1 көлік 38 мың теңге. Төлемдерді мерзімді төлеу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Салық түрлері
1 Мүлік салығы : жоспар бойынша 381 000, орындалғаны-381 000 (100% орындалды).
2 Жеке табыс салығы : жоспар бойынша -600000, орындалғаны-1 278 000 (213% орындалды).
3 Көлік салығы(жеке тұлға): жоспар бойынша-3 500 000, орындалғаны-4 260 000 (121% орындалды).
Әлеуметтік сала бойынша 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылды.Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде Елтай ауылдық округі бойынша субсидияланатын жұмыс орындары,соның ішінде «Жастар практикасы» -2 адам т, «Алғашқы жұмыс» орынына- 1 адам қабылданды. «Ұлттық жоба» бойынша жоспарда берілген 5 адам жұмысқа орналастырылды. Ауыл тұрғына, көп балалы ана Төребаева Әлия Шернарқызы қайтарымсыз грант 1476800 теңге алып, өз ісін ашып, тігіншілікпен айналысу мақсатында, 4 тігін машинкасын,1 кнопка басатын және тағы басқа қажетті ұсақ- түйек заттар сатып алды.Аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті 6 отбасы алады. Демеушілер есебінен тұрмысы төмен көп балалы 10 отбасыға азық түлікпен көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмекке мұқтаж балаларға материалдық қолдау көрсету шаралары ұйымдастырылып, казіргі таңда 36 оқушы мемлекет тарапынан және 20 оқушыларға демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.
(Білім саласы бойынша ауылдық округте 2 мектеп, Елтай атындағы орта мектебі мен Сарыбұлақ бастауыш мектебі, 1 балабақша жұмыс істейді.)
Денсаулық саласы. Округте 1 ФАП, 1 медициналық пункт жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы Сарыбұлақ ауылына 1 медициналық пунк салу жоспарланған салу мерзімі 24 қыркүйекке дейін, (тапсырыс беруші аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімі) алайда салу мерзімі өтуіне байланысты сотқа талап арыз жолданды.