АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақ мерзімді сын-қатерлер және олардың зейнетақы жүйесіне әсері
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны - 20 млн-нан асты. Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөліністер байқалды: 25 жасқа дейін - 8,5 млн адам (42,6%), 25 жастан 65 жасқа дейін – 9,7 млн адам (48,5%), 65 жастан асқан – 1,8 млн адам (8,9%).
Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжануда.
Өмір сүру ұзақтығы (халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылмен бірдей болған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының мәні) пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.
|
|
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Бүкіл халық |
70,62 |
71,44 |
71,97 |
72,41 |
72,95 |
73,15 |
73,18 |
71,37 |
70,23 |
74,44 |
75,09 |
|
Ерлер |
65,91 |
66,90 |
67,49 |
67,99 |
68,72 |
68,84 |
68,82 |
67,09 |
66,33 |
70,26 |
70,99 |
|
Әйелдер |
75,23 |
75,82 |
76,26 |
76,61 |
76,92 |
77,19 |
77,30 |
75,53 |
74,03 |
78,41 |
79,06 |
БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті және осылай өсуін 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін жалғастыра бермек. Яғни 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады).
60 жастағы және одан асқан адамдар үлесінің нақты дерегі мен болжамы