Бастөбе ауылдық округі Қаратал ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі                   «Қаратал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы № 328 Қаулысы бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.

(ҚР Әділет министрлігі Жетісу облысының Әділет департаментінде                   2023 жылғы 07 тамызында тіркелген)

 

Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 29 мамырдан – 27 маусым аралығы.

 

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қаратал ауданы, Бастобе ауылы, С.Юн к-сі № 26.  анықтама үшін телефон: Тел.: 8(72834) 4 01 66

Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2024 жылғы 27 маусым сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

 

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлік);

4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5)  сауда объектісінің эскиздік жобасы (түсті форматта);

6)  салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

 

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

 

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Танысу үшін конкурстық құжаттама Бастөбе ауылдық округі  әкімдігінің ресми сайтында электронды түрде  https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe?lang=ru қолжетімді. Сонымен қатар  «Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік желілерінде https://www.instagram.com/bastobe.akimat/                 https://www.facebook.com/

жарияланды.    

Конкурс қорытындысы Бастөбе ауылдық округі  әкімдігінің ресми сайтында электронды түрде  https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe?lang=ru қолжетімді. Сонымен қатар   «Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік желілерінде https://www.instagram.com/bastobe.akimat/ https://www.facebook.com/  жарияланады.

        (Конкурстық комиссия отырысынан кейін 10 жұмыс күні ішінде)

 


 №

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы

 (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан   инфрақұрылымы

 1.          

Бастөбе ауылы Юн С.Г. № 26

       60

1 жылдан 5 жыл 

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

Юн С.Г. № 24

Комарова № 8

 

Бастөбе ауылында  стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурстық құжаттама.

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Бастөбе ауылында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындарын (әрі қарай СЕСО) бөлу бойынша конкурстық құжаттама «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264» бұйрығына сәйкес әзірленген.

1.2. Конкурстың нысаны Бастөбе ауылдық округі аумағында СЕСО орналастыру құқығы болып табылады. Конкурс ашық болып табылады.

1.3.  СЕСО орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурстық комиссия отырысының шешімі (хаттама) Бастөбе ауылының аумағында СЕСО орналастыру негізі болып табылады.

1.4.  СЕСО орналастыруға арналған орындар жер учаскесіне құқықсыз, уақытша пайдалану құқығымен беріледі. СЕСО-нің сауда қызметін жүзеге асыру кезеңін кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері бойынша конкурстық комиссия бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын уақытқа дейін белгілейді.

1.5.  СЕСО орналастыру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу, шарттардың орындалуын бақылауды «Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ(бұдан әрі ұйымдастырушы) жүзеге асырады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: өтінім қабылдау және қорытынды шығару.

1.6.  Конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурс комиссиясының отырысына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей Бастөбе ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

1.7.  Конкурсқа қатысушы оның конкурсқа қатысуына байланысты барлық шығыстарды өзі көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия конкурс қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.

1.8.  Осы конкурстық құжаттамада көрсетілмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

2.1. Конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес рәсімделіп, белгіленген мерзімде өтінім берген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

2.2. Конкурсқа қатысушы тарату немесе төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану процесінде болмауы керек, оның қызметі конкурсқа қатысуға өтінім беру және қарау кезіндегі тоқтатылған болмауы керек.

2.3. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге жататын салықтарды, алымдарды, айыппұлдар мен санкцияларды төлеу бойынша орындалмаған міндеті бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алмайды.

  1. Конкурс туралы хабарландыру

          3.1. Конкурс өткізу бойынша хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:

1) конкурсқа қатысу тәртібін;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімін;

3) қажетті құжаттар тізімін;

4) конкурс қорытындысын шығару және жариялау мерзімін.

 

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

4.1. Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

4.2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім  қатысушының арызы мен растайтын құжаттарының көшірмелерінен тұрады.

4.3. Конкурсқа қатысуға өтініш нысаны қоса беріледі (№2 қосымша).

4.4. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.

4.5. Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

4.6. Құжаттар жетіспеген және талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтінімге комиссияны қараудың 2 кезеңіне жол берілмейді.

  1. Объектілерді орналастыруға қойылатын талаптар

5.1. СЕСО «Қаратал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 04 тамыздағы№328  қаулысына сәйкес конкурстық комиссия белгілеген шекараларда орналастырылуға тиіс.

5.2. СЕСО «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай болуы керек.

5.3. Меншік иелері өз объектілерінің сыртқы келбетінің күтімін қамтамасыз етуге, оларды таза ұстауға, маңдайшалардағы, құрылымдық элементтердегі зақымдануларды уақытында қалпына келтіруге, тиісті аумақтарды санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалық пен ұқыптылықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес іргелес аумақты тазартып, абаттандырады.

5.4. Сатылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек және олардың алыну көзін көрсететін, сондай-ақ олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоса берілуі керек.

5.5. СЕСО-нің сәулеттік келбеті шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның ұсынылған эскизіне сәйкес болуы керек.

5.6. Жалға берілген аумақты басқа тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға беру фактісі анықталған жағдайда СЕСО орналастыру үшін орын берудің күші жойылады, тексеру актісі жасалғаннан кейін хабарлама беріледі және 14 күн ішінде алынып тастауға жатады.

Сондай-ақ, жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссия сауда объектісінің сәулеттік келбетін, қатысушының әлеуметтік мәртебесін ескереді.

Бір орынға бір өтінім берілген жағдайда, орын бөлу туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

2 немесе одан да көп қатысушының өтінімдері бірдей болған жағдайда  жеңімпаз жақын орналасқан инфрақұрылымды ескере отырып, сатылатын өнімнің ассортименті және ұсынылған ең жақсы шарттар бойынша анықталады.

Бір қатысушыға СЕСО орналастыруға бөлінетін орындарының саны конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады.

Өтінім талаптарға сәйкес келмеген немесе онда құжаттар жетіспеген кезде өтінім комиссияны қараудың 2-кезеңіне жіберілмейді.

  1. Конкурс қорытындылары бойынша шарт жасасу тәртібі

6.1. Ұйымдастырушы жеңімпазға шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлайды.

6.2. Конкурстың жеңімпазы хабардар етілген күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоюы тиіс.

6.3. Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға СЕСО рналастыруға қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай жеңімпаз шарт жасаудан жалтарған деп танылады. 

                                              

 

Конкурсқа қатысуға өтініш (№2 қосымша).

Өтініш

 

Қаратал ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға

Өтінішберуші___________________________________________________

Заңды (үй)мекен-жайы_____________________________________

Аты-жөні _________________________________________________________

ЖСН / БСН өтініш берушінің байланыс телефоны ______________________ 

Эл. пошта (болған жағдайда) ______________________________________

Сізден__________________________________________________________________________________________________________________________ (стационарлық емес сауда объектісінің атауы)

орналастыру үшін орын бөлуді қарастыруды сұраймын

іске асыру үшін ____________________________________________________

 мекен-жайы бойынша:_______________________________________________

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі мен талаптары туралы ережемен таныстым_____________________(қолы).

 

Осы өтінішпен кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тарату және банкроттық рәсімі жүргізілмейтінін, қызметі тоқтатылмағанын растаймын _____________________ (қолы).

Осы өтінішпен СЕСО-ны орналастыру кезінде міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті барлық материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие екенімді растаймын осы өтінішпен СЕСО -ны орналастыру кезінде міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті барлық материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие екенімді растаймын_______________ (қолы).

Өтінішке стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы ереженің талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар топтамасын қоса беремін.

         Өнім туралы мәліметтер:

Өткізілетін өнім:

Өз өндірісінің өнімдері___________________________

Жергілікті өндірушінің өнімдері ____________________________

Басқа өндірушілердің өнімдері _____________________________

 

Жұмыс орындарын құру:

Жұмыс орындарының саны _____________________

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру _____________________

Стационарлық емес сауда объектісінің түрі:

Автосөре / арба _______________

Жылжымалы сөре___________________

Шатыр / Павильон ___________________

Шатыр________________________

 

Стационарлық емес сауда үшін қажетті алаң_______________ш.м.

 

Стационарлық емес сауда объектісін орналастыру кезеңі:

___________________________________________

 

 

«____» ____________ 20__ж.                           ____________________________

               (өтінішті беру күні)                                                       (аты-жөні, қолы)

 

Дата публикации
04 июня 2024