"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқарулары туралы есепті enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер-Инвестициялық қызмет" бөлімінде ұсынады.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 509,38 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ)[1] есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 18 449,01 млрд теңгені[2]. құрады. ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі 18,5 млрд теңгеден асты.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 41,87 млрд теңгеден асты.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,74%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,83%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,31%, ҚРҰБ депозиттері -3,28%, акциялар және депозитарлық ҚР эмитенттерінің қолхаттары - 2,01%, ХҚҰ – 1,95%.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,8%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 32,2%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 275,12 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 103,05 млрд теңгені құрады. Шетел валютасын қайта бағалау теріс сипат алды және 26,41 млрд теңге болды. Басқа шығындар 0,65 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы табыс оң болып табылады.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2024 жылдың басынан бастап 351,12 млрд теңге.
болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 67,05% немесе 140,93 млрд теңгеге артық.
Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 1,91% болды.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ЗА ЖМЗЖ инвестициялаудың негізгі бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 72,26%, РЕПО операциялары – 18,58%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 9,16%.
ЗА ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.
2024 жылдың басынан бастап 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ЗА ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 14,58 млн теңге болды. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2024 жылдың басынан бергі кезеңдегі ЗА ЖМЗЖ кірістілігі - 0,11%.
Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.
Эмитенттерді көрсете отырып, ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфельдің құрылымы туралы ақпарат орналастырылған.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 41,87 млрд теңгеден асады.
01.03.2024 ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,5 млрд теңгеден асты.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 38,28%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,32%, РЕПО – 13,69%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,74%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары – 5,45%. Айта кетейік, портфельдің 64,22% мөлшері теңгемен, 35,78% - АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың алғашқы 2 айында есептелген инвестициялық табыс мөлшері 137,63 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,88%.
"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.03.2024 ж.жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,6 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 44,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,61%, ХҚҰ облигациялары – 7,29%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,91%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары.
5,26%, шоттардағы ақшалай қаражат - 4,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары -3,76%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,48%, АҚШ долларында 24,31%, еурода - 0,21% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың басынан бастап 317,17 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі -1,47%.
«Қазақстан Халық банкінің "Halyk Finance ЕҰ» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін мұндай компанияларды өз беттерінше таңдап, сенімгерлік басқаруға бере алады. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ-ге 100% көлемінде бере алады.