Бастөбе ауылдық округі 1995 жылы құрылған. Ауылдық округке 6 елді мекен кіреді, 1 қаңтар бойынша жалпы халық саны 5049 адамды құрайды. Округтің аумағы 186 904 га құрайды. Ауылдық округ аудан орталығынан 3 шақырым, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 53 шақырым қашықтықта орналасқан. Бастөбе ауылы округ орталығы болып саналады.
Жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша кіріс құжаттар-5, шығыс құжаттар- 88, ЭҚА немесе ОДО кіріс құжаттары-43, шығыс құжаттары-22.
Бюджеттің орындалуы бойынша 2024 жылға жалпы бюджет 53млн 189 мың теңгені құрайды, 3 айлық есеп 18 млн. 075 мың теңге игерілді, соның ішінде; мемлекеттік кызметкерлердің жалақысы – 11 млн. 660 мың, техникалық қызметшілер – 1 млн 668 мың теңге, жанар жағар май 523 мың, шаруашылық, кеңсе тауарларына 492 мың, әкімшілік ғимаратының электр жарығына 100 мың, телефон және интернет желісіне 187 мың, өзге де жұмыстармен қызметтерге ақы төлеу 387 мың ( Ақпараттық жүйеде ілесу және техникалық қолдау бойынша қызмет, есеп 1 С мекеме, техникалық құрылғыларды жөндеу, картридж заправка қызметтері, Іс сапар шығындарына 148 мың, Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 3 млн 68 мың.теңге бөлінген, оның ішінде көше жарығына ақы төлеу 837 мың.-игерілгені 539 мың. ауланы абаттандыру мен көгалдандыруға 6 млн 448 мың бөлінген –игерілгені 746 мың, оның ішінде 240 мың, краска билбордтар жасату 400 мың, сметалық жоба жасатуға 94 мың теңге жұмсалды. 3 ай қорытындысы негізінде бюджеттің орындалуы жалпы барлығы - 100% құрады.
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша. Округке тиісті жалпы егістік жер көлемі 4753 гектар, жайылымдық жер 173601 гектар . Жерді пайдаланушы шаруа қожалықтар саны 157. Округте 6 ЖШС жұмыстарын жүргізеді «Шығыс Қартал», «Сырттан 9», «Қазына» Инновациялық фермасы», «Үштөбе ет», «Ақ» «Секвоя плюс». Егістік жер - 4753 гектар, жайылым жер көлемі – 173601 га.
Көктемгі дала жұмыстарының барысында округ бойынша себу алдындағы өңдеу жұмыстары жоспарланған 3976 га аяқталғаны 2600 га, көктемгі жер жырту жұмыстары толық жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 128 дана ауыл шаруашылығы техникасы, яғни 53 трактор, 32 соқа, 4 дана дәнсепкіш, 6 дана комбайн, 2 дана қопсытқыш техникаларын жұмылдыру жоспарланған. Егетін дәнді дақылдары; арпа-366 га, жүгері-251 га, май бұршақ – 425, картоп – 216, бахча – 218, былтырғы көп жылдық шөп - 430 га.
Қант қызылшасын «Ким» ш/қ - 50 га, «Сексенбаев» ш/қ - 15 га, «Наймантаев» ш/қ - 6 га, «Гульхан» ш/қ – 20, «Идрисова» ш/қ – 29 га, «Кадырбаев» ш/қ -20 га, «Югай» ш/қ -20 га, «Абдыкаримов» ш/қ -12 га, «Вячеслав» ш/қ – 20 га, «Сейтказинов» ш/қ -8 га, «Хорошун» ш/қ - 10 га, «Трофименко» - 20га, .
Барлығы 230 га
Округ бойынша барлық М.І.Қ-8800, оның ішінде бас-аналығы -3450 бас, Ұ.М.М-22000 бас, аналығы - 7800 бас, жылқы -2300 бас, аналығы -500 бас. Бүгінгі күні сырғаланған төлдер ұсақ мал-700 бас, бұзау-400 бас. Жұқпалы ауруларды алдын алуы бойынша МІҚ-ға «Аусыл» 4130 дана, «Сібір жарасы» - 500 дана, «Аусыл» Ұ.М.М-3975 бас, ит құтырығына вакцина-400 дана екпе салынды. Ірі қара малдың нодулярлық дерматитіне қарсы 4150 дана екпе салынды.
Округке 8000 га жайылымдық жерді ауыл тұрғындарына беру мақсатында, бүгінгі таңда бөлінген жердің шекарасын анықтау үшін жерлердің картасына тапсырыс берілді. Кішітөбе ауылы маңайында ауыл тұрғындарына жеке меншік малдарын бағу үшін берілген жер учаскесінің заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Суарым суға келісім шартқа отырған ш/қ саны - 20 және «Шығыс Қаратал» ЖШС-гі. Жұмыстар жалғасуда.
«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлығы 61 адам өтініш берген. Оның ішінде, Бастөбе -54, Жылыбұлақ ауылында-2, Ортатөбе ауылында- 5 өтініш бар. Бүгінгі күнге дейін есептен шығарылғандар 28 өтініш. Жұмыстар жалғасуда.
Инвестиция тарту бойынша «Зимовцов» шаруа қожалығының басшысы 20 000 000 теңге көлемінде ауылшаруашылық техникасын сатып алды.
Салық төлемдері бойынша Жоспар бойынша: мүлік салығы – 55,0, жер салығы – 50,0, көлік салығы – 2421,0, жеке табыс салығы - 1500,0. Барлық түсімдер бойынша жалпы жиналғаны 216 пайыз. Жоспар толығымен орындалды. Жұмыстар жалғасуда.
Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар: Бастөбе ауылдық округі бойынша әскери қызметке шақырылған әскери міндеттілер саны 32. Тізімде көрсетілген әскери шақырушыларды Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу мақсатында 3-ретті шақырту қағаздары толтырылып, таратылды. 29-адам шақырту қағаздарын алды, 3- тіркелген мекен-жай бойынша тұрмайтындығы анықталды. Әскери міндеттілер мен жасөспірімдерді аудандық Қорғаныс бөліміне шақыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Әлеуметтік сала 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша қоғамдық жұмысқа 38 жұмыссыз азамат қабылданды
Білім саласы бойынша ауылдық округте 3 орта мектеп 1 орталау мектеп және 1 колледж жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылында БСТК колледжінде 1-курсқа қабылданған студенттер саны – 150. Түлектер саны – 141 сутдент. 2023-2024 оқу жылында М.Горький орта мектебінде оқу жылын 803 оқушымен бастады. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 72. Түлектер саны-26, оның ішіндегі 13 түлек ҰБТ тапсырады, Панфилов атындағы орта мектебінде оқу жылын 198 оқушымен бастады. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 22. Түлектер саны-13, оның ішіндегі 8 түлек ҰБТ тапсырады. Жылыбұлақ орталау мектебінде 98 оқушымен бастады. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 9. Ғабдуллин атындағы орталау мектебінде 47 оқушымен бастады.1-сыныпқа қабылданған оқушы саны – 5. «Айзере» балабақшасында – кіші топта-25, үлкен топта-25 бала тәрбиеленуде.
Мәдениет және спорт саласы. Округте 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана орналасқан. Саламатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу үшін футбол, волейбол, баскетбол үйірмелері өткізіледі. Жаттықтырушылар Д.Қ Утельбаев, Д.Б. Омирбаев, Ж.Б.Мұздыбаев.
Денсаулық саласы. Округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория (дәрігерлер-7), 3 ФАП (2 мед.қызметкер) жұмыс істеуде. Сақтандырылатын тұрғындар 919 адам. Оның ішінде 120 адам Кореяда, 10 адам-ЖК, 2-студент, 104 адам округте тұрмайтыны, 57 тұрғын Үшкөмей ауылының азаматтары екені анықталды. Қалған 626 адамнан 73 адам сақтандырылды. Жұмыстар жалғасуда.
Қоғамдық тәртіп туралы ағымдағы жылдың 1 тоқсан бойынша 1 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 1-қылмыс мал ұрлығы (ашылмаған), 1 жеке мүлік ұрлығы (ашылған). Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 505-бап бойынша 52 ескерту таратылды
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген.
«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке тұлғалардан барлығы 9 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізінде өтініштердің жауаптарын заңға сәйкес берілді.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе. Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі.
Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 6 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 6 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.