Ауылдық округ әкімі Бекбосынов Рүстем Нұрәділұлы 2024 жылғы 23 қыркүйекте ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Округтің аумағы 138849 га құрайды.
Округке 3 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 2044 адам.
Балпық ауылы округінің орталығы - Жаңаталап ауылы, тұрғылықты халық саны 1384 адам, Оян ауылында 477 адам, Ұмтыл ауылында 183 адам тұрады.
Округте 71 шаруашылық субъектісі бар.
Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 30218,25 га, оның ішінде егістік-2164 га, жайылымдық – 137786 га, шабындық – 8 га.
Жаңаталап, Оян ауылдары ауыз сумен жабдықталған, Ұмтыл ауылы ауыз сумен жабдықталмаған. Ауылдар электр жүйелерімен толық жабдықталған, электр жүйелерінің тозуы үш ауылды қосқанда 84 пайызды құрайды.
Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 7 км шақырымды құрайды (қатты жабынмен).
4G билайн, кеңжолақты интернетпен 2 ауыл (Жанаталап, Оян) қамтылған.
Жаңаталап ауылында 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды.
1 ауылдық дәрігерлік амбулатория Жаңаталап ауылында, 2 медициналық пункт Оян, Ұмтыл ауылдарында, 1 кітапхана, 1 Мәдениет үйі, 1 Спортзал кешені Жаңаталап ауылында, Балпық ауылдық әкімдігі, 5 дүкен, 26 шаруа қожалығы, 3 ЖШС-і, Оян ауылында 2 дүкен, жұмыс жасайды.
Жаңаталап ауылында 1 учаскелік пункт орналасқан.
«Жаңаталап» орта мектебі Жаңаталап ауылында, Оян ауылында «Оян» орта мектебі жұмыс жасауда. Ұмтыл ауылында бастауыш мектеп 2024 жылы жабылды.
Ауылдық округ бойынша 2 шағын орталық бар, оның біреуі Жаңаталап ауылында, екіншісі Оян ауылында, барлық балалар саны – 296. Жаңаталап ауылындағы «Жаңаталап» орта мектебінде (1986 жылы салынған) оқушылар саны – 206, «Оян» орта мектебінде (2013 жылы салынған) 90 оқушы оқиды.
| Мекенжайы | Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі №43 |
| телефон: | 8(72834)2-87-33 |
| телефон: | 8(72834)2-88-36 |
| akimat.balpyk@zhetysu.gov.kz | |
| Өтініш беру |
eOtinish |





