2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.
Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік кебірден тартылатын болады.
Сондай-ақбастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күн іішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс.
Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрыс ұсынғанын көрсететін дәлел жеткілікті болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.
«Бұл шаралар бастапқы статистикалық деректердің дәлдігімен дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл – мемлекеттік статистиканың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісінің бірі», – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы МақсатТұрлыбаев.
Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енетінін ескертеміз.
Біз барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде апсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.