Балпық ауылдық округі 1997 жылы құрылды. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді. ( Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдары)
2026 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2065 адамды құрайды.
Ауылдық округ бойынша 3 ЖШС, 27 шаруа қожалығы тіркелген және барлығы жұмыс жасайды. 20 жеке кәсіпкер тіркелген.
Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.
Бюджеттің орындалуы туралы:
2026 жылдың 3 айының (қаңтар-наурыз) бойынша
Округ бойынша Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жылдық бюджеттік қаражатын толық игеру бойынша іс-шараларды іске асыру. Жылдық бюджет 62 млн 372 мың теңге. Бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша 2026 жылдың (қаңтар-мамыр) 3 айда бюджеттің орындалу жоспары- 9 млн 223 мың тенге, нақты орындалғаны 9 млн.223 тенге, орындалу пайызы 100 %.
Инвестиция бойынша
2026 жылдың 3 айының (қаңтар-наурыз) бойынша
1.Ауылдық округ бойынша 2026 жылы 1 тоқсанда өз қаражаты есебінен «Нұрахметов» шаруа қожалығы (Трактор ЮТО - 15 млн 330 мың теңге теңгеге алынды.)
Салық төлемдері туралы:
2026 жылы 3 айы (қаңтар-мамыр) бойынша
Балпық а/о 1 тоқсанға жоспар Түсім
01.04.2024ж. %
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202 1 млн 117тг
700 мың 700тг 62,7
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102 4мың тг 0, 00 тг -4
Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығы 104302 3000тг 1000тг 1,7
Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104401 34мың тг 1800 тг. 40,5
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402 3 млн, 145тг 4млн.482,200 тг 142,5
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша.
Егін шаруашылығы: Округте жердің жалпы көлемі 72814,7 гектарды құрайды, оның ішінде 2225,5 гектар суармалы жер, жайылым жерлер 70211,7 гектар, шабындық жерлер 20 гектар және т.б. жерлер.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында, ауыспалы егістіктің сақталуы бойынша округке қарасты шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балпық ауылдық округі бойынша“Сәтті” ЖШС-гі 30 га, қант қызылшасын өгуді жоспарлап отыр. Бүгіңгі күнге егілгені 13 га. Жоспар бойынша егілуі қатаң бақылауда тұр. Көктемгі дала жұмыстары(ылғау жабу, тырмалау, себу алдындағы өңдеу, көктемгі жер жырту жұмыстары жүріп жатыр). Бүгінгі күнге 40 га арпа, 102 га жоңышқа жоспарланып егілгіні 61 га жоңышқа.
Тыңайтқыштар: Амофос-8 тн, Силитра-8 тн,Сульфат аманий 24 тн. Берілген өтінім бойынша «ТекеліАгро Сервис» ЖШС 200 тн селитра алу жоспарлануда.
Қолда 30 тонна дизель отыны бар. Көктемгі дала жұмыстарына берілген өтінімдермен дизель отынын алуда.
Округ бойынша ауылшаруашылық техника саны 89 дана, 2 комбайн, 24 трактор, 4 кун, 11 соқа, 3 культиватор, 7 тырма, 5 шөп шапқыш, 4 тұқым сепкіш, 5 дәрі шашқыш, 2 БДД, 3 жер түзететін, 1 стогомет, 2 арық тартқыш, тіркеме -10, пресс-6, өзгеде техника тіркелген. Округ бойынша 3 тас арық орналасқан, жалпы ұзындығы 21,9 шақырым арық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Мал шаруашылығы бойынша – Округте 29 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 22 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 9 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. 2026 жылдың 01 қаңтар округте мал басының көрсеткіштері мынадай: МІҚ -4400 бас, жылқы 2200 бас, МҰМ 7500 бас, ешкі 1500 бас. Оның ішінде шаруа қожалықтарында МІҚ – 3400 бас, оның ішінде 1900 бас аналық, жылқы1900 бас, оның ішінде 255 бас аналақ, МҰМ 4500 бас, оның ішінде 3500 бас аналық, ешкі – 260 бас, оның ішінде 60 бас аналық. Тұрғындарда МІҚ-1000 бас, оның ішінде 700 бас аналық, жылқы-300 бас, оның ішінде 45 бас аналық , МҰМ-3000 бас, оның ішінде 1000 бас аналық, ешкі - 1240 бас, оның ішінде 100 бас аналық тіркелген. Мал ауру түрлері тіркелген жоқ, 6 мал дәрігері бар.
Санитарлық тазалық бойынша
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ аумағына қарасты облыстық, аудандық маңызы жол жиегіндегі қураған шөптерде тазалау жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда. Жол жиегіне кедергі келтіріліп тұрған және жақын орналасқан қураған ағаштарды кесу бойынша арнайы техника шақырылып, жұмыстар жүргізілетін болады.Жаңаталап-Айту би-Оян ауылдары арасындағы тас жолының бойында тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп, шөптерін шабу жұмыстары жүргізілді.Оян ауылы, Асықбаев көшесінің бойында орналасқан иесіз бос тұрған тұрғын үйлердің аумақтарын ретке келтіру және шарбақтарын түзеу, әктеу жұмыстары орындалды.
Оян ауылында орналасқан әлеуметтік объектілердің маңайларын тазартылып, ойын алаңдарының аумақтары ретке келтіру жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізіліп, аумақтарын көгалдандыру үшін суғару жұмыстары өткізілді.
Ауыз сумен жабдықтау және Газ тарту жұмыстары бойынша
Округ бойынша Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдары ауыз су жүйелері толығымен тартылған.
1) Жаңаталап ауылы бойынша ауыз су жүйесіне 88 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Жаңаталап орта мектебі, ауылдық дәрігерлік амбулатория, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і қосылған, барлығы 92 абонент.
2) Оян ауылдары ауыз сумен 63 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Оян орта мектебі, ауылдық фельдшерлік пункті, 2 азық –түлік дүкендері қосылған, барлығы 67 абонент. 3) Ұмтыл ауылы ауыз сумен 15 тұрғын үй, Ұмтыл бастауыш мектебінің ғимараты, ауылдық фельдшерлік пункті қосылған, барлығы 20 абонент.Қалған 14 абономент көктем айларында қосылады деп жоспарлануда. 3 тұрғын иесіз бос тұр.
Газ жүйесі Жаңаталап, Оян ауылдарына жүргізілді. Жаңаталап ауылында 140 үй газға қосылып, 153 үй техникалық шарт алған.Оян ауылында 45 үй газға қосылып, 49 үй техникалық шарт алған. Газға қосылу бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік сала.
2026 жылы 3 айы (қаңтар-наурыз) бойынша
Округ бойынша жыл басынан 15 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 тоқсанға отбасы саны –7. «Күміс жас» жобасына – 5 адам қатысты. Жастар практикасына 1 азамат қабылданып, 3 азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді.
Мәдениет және спорт саласы.
Жаңаталап ауылында 16808 кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана мәдениет үйі ғимаратында орналасқан. Кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттандыру (КАБИС) жүйесіне және интернетке қосылған.
Мектептерде 2 спорттық объектілер бар, оның ішінде 2 спортзал және шағын спорт алаңы.
Жаңаталап ауылында жаңа Мәдениет үйі мен спорт кешені салынып, жұмыс істеуде.
Округ бойынша Оян ауылында спорт алаңы жоқ.
Жыл сайын спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ауыл тұрғындар саны көбеюде, спорт және дене шынықтырумен айналысатын адам саны 409 пайызы 20%.
Білім саласы.
2025 жылы округ бойынша 2 орта типтік мектеп жұмыс істейді.
1. МДШО бар Жаңаталап орта мектебі, 1986 жылы салынған, бір үлгідегі мектеп, 600 орынға арналған. Мектепте шағын балабақша-1 топ 25 балаға арналған жұмыс істейді. Жылу жүйесі –жанар-жағар май (солярка). 1-11 сыныпқа дейін барлығы 195 оқушы, мектепке дейінгілер -22.
2. МДШО бар Оян орта мектебі, 2013 жылы салынған, бір үлгідегі мектеп, 300 орынға арналған. Мектепте шағын балабақша-1 топ 25 балаға арналған жұмыс істейді. Жылу жүйесі – қатты отын, пеш. 1-11 сыныпқа дейін барлығы 86 оқушы, мектепке дейінгілер -11.
3. Ұмтыл ауылының балалары мектепке дейінгі және 1-11 сыныпқа дейін барлығы 26 оқушы Жаңаталап орта мектебінде арнайы автокөлікпен тасымалдау арқылы оқиды. Ұмтыл ауылындағы бастауыш мектеп 2024 жылы типтік стандартқа сәйкес келмегендіктен жабылды.
2 мектепте 4 –интерактивтік тақпалар орнатылған, 2- мультимедийный бөлмелер бар. Мектептерде бөлмелер жаңа үлгідегі модификациямен жабдықталған: химия-2, физика -2, биология -2. Бұл күнде барлық мектептер интернетке қосылған, 15 балаға 1 компьютермен қамтамасыз етілген.
Пияз разъезінде мектеп жоқ. 4 тұрғын отбасы бар. Мектеп жасында балалар жоқ.
Ауылдық округте барлық оқушылардың саны -321.
Денсаулық саласы.
Ауылдық округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 1 фельдшерлік пункт бар, онда 2 дәрігер 10 медбике жұмыс атқарады.
Жыл басынан округте 22 сәби дүниеге келген, қайтыс болған 4 азамат. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Қоғамдық тәртіп.
2026 жылдың басынан қылмыс тіркелмеді. Әкімшілік іс қозғалмаған, хаттамалар толтырылды. Ауыл тұрғындарының тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспектор тарапынан күндізгі және түнгі мезгілде рейдтер жүргізіліп отырады. 437 бабы бойынша 2 хаттама, 441- бабы бойынша 1 хаттама толтырылып, 434 бабы бойынша 1 айыппұл салынды. 505-бап бойынша 25 ескерту таратылды.
Балпық ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосынов