Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің өзіне қарасты аумақты елді мекендерінің 2025 жылдың қаңтар-сәуір 4 айының әлеуметтік –экономикалық дамыту қорытындылары туралы БАЯНДАМАСЫ (ЕСЕБІ)

Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің өзіне қарасты аумақты елді мекендерінің 2025 жылдың қаңтар-сәуір 4 айының әлеуметтік –экономикалық дамыту қорытындылары туралы БАЯНДАМАСЫ (ЕСЕБІ)

Балпық  ауылдық округі 1997 жылы құрылды. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді. ( Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдары)

       2025жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2045 адамды құрайды.Ауылдық округ бойынша 3 ЖШС, 27 шаруа қожалығы тіркелген және барлығы жұмыс жасайды. 20 жеке кәсіпкер тіркелген.

        Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.

Бюджеттің орындалуы туралы:

2025 жылдың 4 айының (қаңтар-сәуір) бойынша

Округ бойынша Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің  жылдық бюджеттік қаражатын толық игеру бойынша іс-шараларды іске асыру. Жылдық бюджет 56 млн 273 мың теңге.   Бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша 2025 жылдың (қаңтар-сәуір) 4 айда бюджеттің орындалу жоспары- 13 млн 747 мың тенге, нақты орындалғаны 13 млн.275мың тенге, орындалу пайызы 96,6 %.                                              

Инвестиция  бойынша

2025 жылдың 4 айының (қаңтар-сәуір) бойынша

Балпық ауылдық округі бойынша 2025 жылға инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында бүгінгі күнге «Текелі Агро Сервис» ЖШС ауылшаруашылық техникаларын және құрал жабдықтар алу мақсатында 107 млн теңгеге Қытай елімен келісім –шарт жасалып және қызмет көрсету үшін 117 млн теңгеге сатып алынды.Тоқсан соңына дейін аудандық статиска басқармасында тіркеледі.

Құрылыс жұмыстары туралы:

Жаңаталап ауылы, Жамбыл көшесінің бойынша орналасқан Ұлы Отан соғысының жауынгерлер ескерткішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Мердігер ұйым "ИнвестПромСтрой" ЖШС-гі  669 мың 999 тенгеге ұтып алып, қжөндеу жұмыстарын толығымен аяқтады.

Салық төлемдері туралы:

2025 жылы 4 айы (қаңтар-сәуір) бойынша

 

Балпық а/о

I тоқсандағы жоспар

Түсім

14.03.2024ж.

%

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202

 

640мың теңге

 

911 мың теңге

130

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102

10000 тг

0 тг

0

Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығы 104302

3000 тг

2 мың 900тг

98

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402

1 млн, 820тг

2млн. 678мың100 тг

145

Барлығы:

 

3млн 589мың тг

 

Ауыл шаруашылығы

2025 жылдың 4 айының (қаңтар-сәуір) қорытындысы бойынша:

Ауыл шаруашылық  және мал шаруашылығы бойынша.

         Егін шаруашылығы: Округте жердің жалпы көлемі 72814,7 гектарды құрайды, оның ішінде 2225,5 гектар суармалы жер, жайылым жерлер 70211,7 гектар, шабындық жерлер 20 гектар және т.б. жерлер.

         Округ бойынша көктемгі дала  жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау (түгендеу), сұйық отынға және тыңайтқыштарға өтінімдер беру жұмыстары туралы шаруаларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Көктемгі дала жұмыстары бойынша ТекеліАгроСервис ЖШС-12 тн Жахан ШҚ -1.6888 тн, Кадыров ШҚ -3,5964 тн, Бакыт-Каратал ЖШС-19,8812 тн, барлығы-37,1664 тн; Күзгі дала жұмыстары бойынша  ЖШС ТекеліАгроСервис -16,8 тн,  Жахан ШҚ -4,5384 тн,  Кадыров ШҚ -5,095 тн, Бакыт-Каратал ЖШС-34,077 тн, барлығы - 60,5104тн өтінім берілді. Келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Отандық тыңайтқыш бойынша селитраға 166 тн, аммофосқа 60 тн, шетелдік тынайтқыш бойынша  селитраға 72 тн, аммофосқа 64 тн өтініш берілді. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет  ауыл шаруашылығы бөліміне ұсынылды. 4 АШ бойынша болжамдық жоспар ауылшаруашылық бөліміне жолданды.                         «Округ бойынша «Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы  арқылы қаржыландыру жөнінде шаруалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  “ТекеліАгроСервис” ЖШС-гі 50 000 000 (елу миллион) теңгеге, “Кадыров” ШҚ 6 000 000 (алты миллион) теңгеге өтінім берді        Округте жануарлардың (төлдердің) бірдейлендіру жүйесіне енгізілуі, сонымен қатар өзге аудандардан жеткізілетін немесе сатылатын жануарлардың қозғалысы қатаң бақылауда тұр. Сатылатын және тасымалданатын жануарлардың тиісті  анықтамалары  мен рұқсат беру құжаттары бар және міндетті түрде беріліп жатыр.144 бас жасы үлкен МҰМ иесінен өтініш алып, АШЖБ дерек қорынан шығарылды.    

          Балпық ауылдық округіне қарасты шаруаларда көктемгі дала жұмыстары бойынша көктемгі жер жырту, тырмалау, ылғал жабу жұмыстары жүргізілуде. Нақты айтқанда: Көктемгі жер жырту жоспар 855 га, орындалғаны- 500 га; Тырмалау жоспар-350 га, орындалғаны- 350 га; Ылғал жабу жоспар - 620 га, орындалғаны -500 Егіс алқабында жұмыс жасап жүрген техникалар саны: Трактор- 12 Тырма-4 Тегістегіш-3 Соқа- 4.

          Округ бойынша ауылшаруашылық техника саны 89 дана, 2 комбайн, 24 трактор, 4 кун, 11 соқа,  3 культиватор, 7 тырма, 5 шөп шапқыш, 4 тұқым сепкіш, 5 дәрі шашқыш, 2 БДД, 3 жер түзететін, 1 стогомет, 2 арық тартқыш, тіркеме -10, пресс-6,   өзгеде техника тіркелген.  Округ бойынша 3 тас арық  орналасқан,  жалпы ұзындығы 21,9  шақырым  арық тазалау жұмыстары толық тазаланды.

          Мал шаруашылығы бойынша – Округте 26 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 18 шаруа қожалығы  мал    шаруашылығымен, 8 шаруа қожалығы егін  шаруашылығымен  айналысады. 2025 жылдың 01 қаңтардағы  округте мал басының көрсеткіштері мынадай: МІҚ -4000 бас, жылқы-1080 бас, МҰМ 7800 бас, ешкі 900 бас. Оның ішінде шаруа қожалықтарында МІҚ – 2950 бас, оның ішінде 1900 бас аналық,  жылқы 950 бас, оның ішінде 255 бас аналақ, МҰМ 4800 бас, оның ішінде 3490 бас аналық, ешкі – 100 бас, оның ішінде 60 бас аналық. Тұрғындарда МІҚ-1050 бас,  оның ішінде 600 бас аналық, жылқы-130 бас, оның ішінде  45 бас аналық , МҰМ-3000 бас, оның ішінде 1000  бас аналық, ешкі - 800 бас, оның ішінде 100 бас аналық тіркелген. Мал ауру түрлері тіркелген жоқ,  6 мал дәрігері бар.

                            Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар:

   Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16.02.№561-IV «Әскери қызмет және     әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Заңының 17 бабы 1 тармағына сәйкес 2025 жылдың 2000-2005 жылдары туылған азаматтарды көктем айлары аралығындағы әскер қатарына Балпық ауылдық округі бойынша зерделеуге 14 азамат шақырылды.Оның 4 азаматқа хабарлама таратылып,қалған азаматтар тиісті анықтамаларын өткізді.

                     Ауыз сумен жабдықтау және Газ тарту жұмыстары бойынша

Округ бойынша Жаңаталап, Оян ауылдары ауыз су жүйелері толығымен тартылған. Ұмтыл ауылына тартылмаған.

1) Жаңаталап ауылы бойынша ауыз су жүйесіне 88 тұрғын үй,  ауылдық мешіт, Жаңаталап орта мектебі, ауылдық дәрігерлік амбулатория, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і қосылған, барлығы 92 абонент.

2) Оян ауылдары ауыз сумен 63 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Оян орта мектебі, ауылдық фельдшерлік пункті, 2 азық –түлік дүкендері қосылған, барлығы 67 абонент. 3) Ұмтыл ауылы ауыз сумен жабдықталмаған. Ауыз су жүргізу мәселесі 2025 жылдың жоспарына енгізілді.

Газ жүйесі Жаңаталап, Оян ауылдарына жүргізілді. Жаңаталап ауылында 82 үй газға қосылып,100 үй техникалық шарт алған.Оян ауылында 25 үй газға қосылып,33 үй техникалық шарт алған.Газға қосылу бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

 Әлеуметтік сала.

2025 жылы 4 айы (қаңтар-сәуір) бойынша

      Округ бойынша жыл басынан 25 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 тоқсанға отбасы саны – 6. «Күміс жас» жобасына – 8 адам қатысты.

 Мәдениет және спорт саласы.

Жаңаталап ауылында 16808 кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана мәдениет үйі ғимаратында орналасқан. Кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттандыру (КАБИС) жүйесіне  және интернетке қосылған.

Мектептерде 2 спорттық объектілер бар, оның ішінде 2 спортзал және шағын спорт алаңы.

          Жаңаталап ауылында жаңа Мәдениет үйі мен спорт кешені салынып, жұмыс істеуде.

          Ұмтыл ауылында балалар ойын алаңын  салу жұмыстары аяқталды. Балалар ойын алаңы Ақжанұлы Қасен көшесі мекен жайында орналасқан. Бүгінде ойын алаңы қолданысқа берілді.

          Округ бойынша Оян ауылында спорт алаңы жоқ.

Жыл сайын спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ауыл тұрғындар саны көбеюде, спорт  және дене шынықтырумен айналысатын адам саны 409 пайызы 20.

Білім саласы.

          2025 жылы округ бойынша  2 орта типтік мектеп жұмыс істейді.

  1. МДШО бар Жаңаталап орта мектебі, 1986 жылы салынған, бір үлгідегі мектеп, 600 орынға арналған. Мектепте шағын балабақша-1 топ 25 балаға арналған жұмыс істейді. Жылу жүйесі –жанар-жағар май (солярка). 1-11 сыныпқа дейін барлығы 207 оқушы, мектепке дейінгілер -15.
  2. МДШО бар Оян орта мектебі, 2013 жылы салынған, бір үлгідегі мектеп, 300 орынға арналған. Мектепте шағын балабақша-1 топ 25 балаға арналған жұмыс істейді. Жылу жүйесі – қатты отын, пеш. 1-11 сыныпқа дейін барлығы 91 оқушы, мектепке дейінгілер -8.
  3. Ұмтыл ауылының балалары мектепке дейінгі  1 оқушы және 1-11 сыныпқа дейін барлығы 28 оқушы Жаңаталап орта мектебінде арнайы автокөлікпен тасымалдау арқылы оқиды. Ұмтыл ауылындағы бастауыш мектеп 2024 жылы типтік стандартқа сәйкес келмегендіктен жабылды.

          2 мектепте  4 –интерактивтік тақпалар орнатылған, 2- мультимедийный  бөлмелер бар. Мектептерде бөлмелер  жаңа үлгідегі модификациямен жабдықталған: химия-2, физика -2, биология -2. Бұл күнде барлық мектептер интернетке қосылған, 15 балаға 1 компьютермен қамтамасыз етілген.

          Пияз разъезінде мектеп жоқ. 4 тұрғын отбасы бар. Мектеп жасында балалар жоқ.

          Ауылдық округте барлық оқушылардың саны -321.

Денсаулық саласы.

Ауылдық округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункттер бар, онда 1 дәрігер 10 медбике  жұмыс атқарады. Жыл басынан округте 7 сәби дүниеге келген,  қайтыс болған 3  азамат. Ана мен бала өлімі      тіркелген жоқ. 

Қоғамдық  тәртіп.

  2025 жылдың басынан қылмыс тіркелмеді.   Әкімшілік іс қозғалмаған, хаттамалар толтырылды. Ауыл тұрғындарының тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспектор  тарапынан күндізгі және түнгі мезгілде рейдтер жүргізіліп отырады. 437 бабы бойынша  2 хаттама, 441- бабы бойынша 1 хаттама толтырылып, 434 бабы бойынша 1 айыппұл салынды. 505-бап бойынша 25 ескерту таратылды.

2025 жылға атқарылатын жұмыстар жоспары.

Балпық  ауылдық округі бойынша атқарылатын және жоспардағы жұмыстар (салалар бөлінісінде ұсынылады):

  • Жаңаталап ауылындағы балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (Құрылыс жүргізуге қаражат қажет. ЖСҚ әзірленуде);
  • Жаңаталап ауылында Воркаут алаңына қосымша құрылыс жүргізу (Құрылыс жүргізуге қаражат қажет. ЖСҚ әзірленуде.);
  • Оян ауылына спорт алаңының құрылысын жүргізу (Құрылыс жүргізуге қаражат қажет. ЖСҚ әзірленген) ;
  • Ұмтыл ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету; (ЖСҚ дайын, сараптама қорытындысы алынды.) тапсырыс беруші «Қаратал ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы»;
  • Ұмтыл ауылының Жаңабайұлы Досмұрат көшесіне жарықтар орнату (құрылыс жүргізуге қаржы қажет, ЖСҚ әзірленген);
  • Ұмтыл ауылына блокты-модульді медициналық пунктінің ғимаратын салу;
  • Жаңаталап ауылындағы Жамбыл көшесінің жарықтарын ауыстыру қажет,

Жөндеу жұмыстарына 2 млн. 594 мың 729 теңге қажет, ЖСҚ дайын;

      -  Әкімшілік ғимаратына газ жүйесіне қосу үшін 1 млн 737 мың 337 теңге қаражат бөлу қажет. (ЖСҚ әзірленген) .

       -  Жаңа әкімшілік ғимаратының жанынан шарушылық қоймасын салуға  1 млн 737 мың 337 теңге қаражат қажет (ЖСҚ әзірленген)

      

Дата публикации
14 апреля 2025