Көше жарықтандыры бойынша:
2024 жылы Жергілікті бюджет есебінен округтегі Жаңаталап ауылы бойынша Жамбыл, №1 проспект көшелеріне көше жарығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тапсырыс беруші «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і конкурста ұтып алған жеке кәсіпкер «ЖК ЗН24» 400 мың теңге қаражат жұмсалды. Орындалған мерзімі: мамыр айы.
Көше жарық шамдарымен Оян ауылының 3 көшесі, Жаңаталап ауылының 5 көшесі және кіре-беріс Проспект №1 толық қамтылған., ұзындығы 5,5 км. Ұмтыл ауылының 2 көшесі жарықпен қамтылған. Елді мекендердегі барлық (12) көшелелермен салыстырғанда жарықпен қамтылған көшелер 90 пайызды құрайды. Қазіргі кезде Ұмтыл ауылында 2 көше жарықпен қамтылмаған. Көше жарық шамдары барлығы 398.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
1). Округтегі Ұмтыл ауылы бойынша Жаңабайұлы Досмұрат көшесіне көше жарығын жүргізу қажет; (1 млн. 120 000 теңге қажет, ЖСҚ бар);
2). Округтегі Жаңаталап ауылы Жамбыл көшесі жарық беру шамдарын ауыстыру қажет; (Жөндеу жұмыстарына 2 млн. 745 424 теңге қажет, ЖСҚ бар);
3) Округтегі Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдарындағы көше жарықтарын күтіп баптау үшін (барлығы 398 шам бар, оның ішінде Жаңаталап ауылында Жамбыл көшесі-53, № 1 проспектіде-32, Оян ауылында Ұ.Шорабаева-20, Б. Мусанов-14 көшелерінде ескі шамдар орнатылған) және елді мекендердің көшелерінің жарықтарының төлемдеріне қаражат сомасын ұлғайту үшін 7 млн. теңге қаржы қажет.
Шағын және орта бизнес бойынша
2024 жылы округте шағын және орта кәсіпорындар 61 бірлікті құрайды, оның ішінде 3-ЖШС, 26-шаруа қожалығы, 25-жеке кәсіпкерлерде 81 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 7 дүкен объектісі бар.
Ауыл шаруашылығы
Округте жердің жалпы көлемі 72814,7 гектарды құрайды, оның ішінде 2225,5 гектар суармалы жер, жайылым жерлер 70211,7 гектар, шабындық жерлер 20 гектар және т.б. жерлер.
Ауылдық округ бойынша 3 ЖШС, 26 шаруа қожалығы тіркелген. ШҚ ішінде 18 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 8 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. 2025 жылдың 01 қаңтар айына округте мал басының көрсеткіштері мынадай: МІҚ -4000 бас, жылқы 1080 бас, МҰМ 7800 бас, ешкі 900 бас. Оның ішінде шаруа қожалықтарында МІҚ – 2950 бас, оның ішінде 1900 бас аналық, жылқы 950 бас, оның ішінде 255 бас аналақ, МҰМ 4800 бас, оның ішінде 3490 бас аналық, ешкі – 100 бас, оның ішінде 60 бас аналық. Тұрғындарда МІҚ-1050 бас, оның ішінде 600 бас аналық, жылқы-130 бас, оның ішінде 45 бас аналық , МҰМ-3000 бас, оның ішінде 1000 бас аналық, ешкі - 800 бас, оның ішінде 100 бас аналық тіркелген.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында, ауыспалы егістіктің сақталуы бойынша округке қарасты шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балпық ауылдық округі бойынша “ТекеліАгроСервис” ЖШС-гі 150 га, “Сәтті” ЖШС-гі 50 га, “Бақыт-Қаратал” ЖШС-гі 17 га, “Кадыров” ШҚ 10 га, “Былшанов” ШҚ 3 га, барлығы 230 га жоспар бойынша егілген қант қызылшасы толық жиналды.
Шаруа қожалықтардың биылғы еккен егін бойынша:
Арпа - 130 гектар өнімділігі - 20 цн, алынған өнім – 260 тонна; Жаздық бидай -106 гектар өнімділігі -20 цн, алынған өнім-212 тонна; Жуа-46 гектар, өнімділігі -380 цн, алынған өнім- 1748 тонна; Жүгері -75 гектар өнімділігі -26,6 цн, алынған өнім-200 тонна; Соя - 150 гектар өнімділігі - 10 цн, алынған өнім – 150 тонна; Күнбағыс - 80 гектар өнімділігі – 10 цн, алынған өнім – 80 тонна; Арпа - 130 гектар өнімділігі - 20 цн, алынған өнім – 260 тонна өнім алынды.
Округ бойынша ауылшаруашылық техника саны 89 дана, 2 комбайн, 24 трактор, 5 кун, 11 соқа, 3 культиватор, 7 тырма, 5 шөп шапқыш, 4 тұқым сепкіш, 5 дәрі шашқыш, 2 БДД, 3 жер түзететін, 2 арық тартқыш, тіркеме -10, пресс-6, өзгеде техника тіркелген. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы техникаларына мониторинг жүргізіліп, ескі техникалар есептен шығарылды. Жыл басынан 40 млн 125 мың теңгеге 5 ауыл шаруашылық техникасы алынды. Олар: «Кадыров» ш/қ-ғы 33 млн 425 мың тенгеге 4 дана жаңа техника сатып алды. (Трактор YТО, Трактор Беларус-82.1, кун, соқа) «Дамир» ш/қ-ғы 1 дана пресс подборщик 6 млн 700 мың тенгеге сатып алды. Статистика бөліміне алынған техникалар толық тіркелді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
1) Жаңаталап ауылы бойынша ауыз су жүйесіне 88 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Жаңаталап орта мектебі, ауылдық дәрігерлік амбулатория, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і қосылған, барлығы 92 абонент.
2) Оян ауылдары ауыз сумен 70 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Оян орта мектебі, ауылдық фельдшерлік пункті, 2 азық –түлік дүкендері, құрылыс объектісі қосылған, барлығы 76 абонент.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
Ұмтыл ауылын ауыз сумен толық жабдықтау мәселесі Ауыз су жүргізу мәселесі 2025 жылдың жоспарына тапсырыс беруші «Қаратал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығығ автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-н енгізілді.
Газдандыру жұмыстары бойынша:
Оян ауылында барлығы 90 тұрғын үй, оның ішінде 19 тұрғын үй газ жүйесіне қосылды және 26 үйдің иелері техникалық шарт жасады. Тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жаңаталап ауылында барлығы 269 тұрғын үй, оның ішінде 75 тұрғын үй газ жүйесіне қосылды және 104 үйдің иелері техникалық шарт жасады. Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Көлік және коммуникация бойынша:
2024 жылы Округтегі Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдарында автомобиль жолдарының ұзындығы -24,8 км, оның ішінде асфальтталғаны- 13,6 км. Көшелердің 55 пайызы ғана асфальтталған немесе 13,6 км.
2024 жылы Ұмтыл ауылының Бейсембіұлы Ахметше көшесіне жалпы ұзындығы 600 метр қиыршық тас төселіп, жұмыстың құны 3 млн.170 000 теңгеге теңгені құрады.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
Инвестиция бойынша
Жылдық жоспар 400 млн теңге. Ауылдық округ бойынша өзіндік жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 227 млн теңге инвестиция тартылды.
Округ бойынша 2024 жылы алынған техниканың барлық соммасы - 40 млн 125 мың теңгені құрайды. Техникалар статистика бөліміне тіркелді.
«ТекеліАгроСервис» ЖШС-гі 137 млн 508 мың теңгеге тамшылатып суғару бойынша құрал-жабдықтары алынып, статистика бөліміне тіркелді. Инвестиция бойынша бекітілген Инвестиция бойынша жылдық жоспар 400 млн. теңге 1-ші желтоқсан айына 100 % орындалды.
Білім беру
2024 жылы округ бойынша 2 орта типтік мектеп жұмыс істейді.
2 мектепте 4-интерактивтік тақталар орнатылған, 2- мультимедийный бөлмелер бар. Мектептерде бөлмелер жаңа үлгідегі модификациямен жабдықталған: химия-2,
физика -2, биология -2. Бұл күнде барлық мектептер интернетке қосылған, 15 балаға 1 компьютермен қамтамасыз етілген.
Пияз разъезінде мектеп жоқ. 4 тұрғын отбасы бар. Мектеп жасында балалар жоқ.
Ауылдық округте барлық оқушылардың саны -319.
Денсаулық сақтау
2024 жылы округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және 2 фельдшерлік пункті бар.
Ағымдағы жылдың шілде айынан, Оян ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктін салу құрылысына республикалық бюджеттен 192,9 млн. теңге бөлінді, мердігер "ABADAN Construction" ЖШС. Тапсырыс беруші: Жетісу облысының құрылыс басқармасы. Орындалу мерзімі 2025 жылдың наурыз айы. Құрылыс жүргізілуде.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған балалар саны-13, өлу фактілері - 5 адам.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
Жаңаталап ауылында 16808 кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана ауылдық әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттандыру (КАБИС) жүйесіне және интернетке қосылған. Мектептерде 2 спорттық объектілер бар, оның ішінде 2 спортзал және шағын спорт алаңы. Жаңаталап ауылында жаңа Мәдениет үйінің құрылысы 2024 жылдың маусым айынан басталды. Мәдениет үйі ғимаратын салу туралы. Тапсырыс беруші: «Қаратал ауданының құрылыс, сәулет қала құрылысы бөлімі» ММ-сі. Мердігер
«Қаз Даму» ЖШС-і құрылысты жүргізуді ұтып алды. Бөлінген қаражат 117 млн. теңге. 2024 жылдың 27 желтоқсанда қолданысқа берілді.
Жаңаталап ауылында Спортзал құрылысының жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталды.Тапсырыс беруші: «Қаратал ауданының құрылыс, сәулет қала құрылысы бөлімі» ММ-сі. Мамыр айында конкурста ұтып алған "Эст-нас"ЖШС-сі 99 млн. 232 000 теңге бөлінген қаржымен құрылыс жұмысы жүргізіліп, 2024 жылдың 27 желтоқсанда қолданысқа берілді.
Ұмтыл ауылында балалар ойын алаңын салу жұмыстары аяқталды. Балалар ойын алаңы Ақжанұлы Қасен көшесі мекен жайында орналасқан. Бүгінде ойын алаңы қолданысқа берілді . Округ бойынша Оян ауылында спорт алаңы жоқ. Жыл сайын спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ауыл тұрғындар саны көбеюде, спорт және дене шынықтырумен айналысатын адам саны 409
пайызы 20.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
(25 594 729 теңге қаражат қажет ЖСҚ бар.)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
2024 жылға халық саны -2044 адам, оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны -1135 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -460 адам, нәтижелі өзін-өзі жұмыспен қамтушылар- 652 адам, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар -351 адам.
2024 жылы жұмыссыздар саны 25 адам, 2,9 пайыз жұмыссыздықты құрайды.
2024 жылы күнкөріс деңгейі төмен 9 отбасына жаңа форматтағы әлеуметтік көмек тағайындалды. Д категориясында 95 адам, Е категориясында-34 адам.
Округте 24 мүгедектер және 227 зейнеткерлер тұрады. Үйінде отырып оқитын мүгедек 4 бала бар.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША
Округте қызметтік үйімен біріктірілген 2019 жылы салынған полиция учаскелік пункітінің ғимараты бар, Жаңаталап ауылында орналасқан, полиция инспекторының саны-1 адам. Өртке қарсы бөлімі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 7 км қашықтықта орналасқан. Округте қатты тұрмыс қалдықтарын төгетін полигон жоқ.
2025 жылғы жоспарға енгізу:
Округке тұрмыс қалдықтарын төгетін полигон қажет.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспар:
Ұмтыл ауылына блокты-модульді медициналық пунктінің ғимаратының құрылысын жүргізу. Округке тұрмыс қалдықтарын төгетін полигон құрылысын жүргізу.
Жаңа әкімшілік ғимаратының жанынан шарушылық қоймасының құрылысын жүргізу.(1 737 337 теңге қаражат қажет. ЖСҚ бар.)
Оян ауылына спорт алаңының құрылысын жүргізу. (25 594 729 теңге қаражат қажет. ЖСҚ бар).
Жаңаталап ауылындағы балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Жаңаталап ауылындағы воркаунт алаңына қосымша құрылыс жүргізу.
ОкругтегіҰмтыл ауылы бойынша Жаңабайұлы Досмұрат көшесіне көше жарығын жүргізу қажет; (1 млн. 120 000 теңге қажет, ЖСҚ бар);
Округтегі Жаңаталап ауылы Жамбыл көшесі жарық беру шамдарын ауыстыру қажет; (Жөндеу жұмыстарына 2 млн. 745 424 теңге қажет, ЖСҚ бар); Округтегі Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдарындағы көше жарықтарын күтіп баптау үшін (барлығы 398 шам бар, оның ішінде Жаңаталап ауылында Жамбыл көшесі-53, № 1 проспектіде-32, Оян ауылында Ұ.Шорабаева-20, Б. Мусанов-14 көшелерінде ескі шамдар орнатылған) және елді мекендердің көшелерінің жарықтарының төлемдеріне қаражат сомасын ұлғайту үшін 7 млн. теңге қаржы қажет.
Жаңаталап ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымды жөндеу жұмысын жүргізу қажет. (Жөндеу жұмыстарына 1 млн.510 168 теңге қажет, ЖСҚ бар).
Ұмтыл ауылының Ж. Досмұрат, Б. Ақметше көшелеріне асфальт төсеу. (ЖСҚ жоқ).
Жаңаталап ауылындағы №1 проспектіге жолаушылар жүретін асфальтты тротуар төсеу. (ЖСҚ дайын, 12млн. 584 000 теңге қажет.
Балпық ауылдық округінің әкімі Р. Бекбосынов