Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысы.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы       10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке

тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан

Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің2012 жылғы 26 маусымдағы№ 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 381

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.

 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасыныңазаматтарын есепке қою тәртібі

 Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 381(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

 1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Азаматтардың көрсетілген санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің

3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; 2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент

мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды 3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік

органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда,

астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 N 1090 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

 2-1. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды

өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.

 Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 N

1090 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 756 (алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:

 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген

ардагерлер;

 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде аталған

кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (бұдан әрі – кейбір

созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі);

 7) жасына байланысты зейнеткерлер;

 8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа

толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылатын болса, жасы мерзiмдi әскери қызмет өткеру мерзiмiне ұзартылады;

 9) қандастар;

 10) экологиялық апаттар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар

салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

 11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана

" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған

көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

 12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызмет атқару, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе оны жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару, құқық

тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

 13) толық емес отбасылар жатады.

 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны

бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасының заңнамасына

сәйкес бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.

 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы кәсіпорынның қызметкерлері қойылады. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және

тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

 Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.

6-1. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

 Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:

 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының

аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

 2-1) өздеріне сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғынжайы болмаса;

 3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланғанкүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

 4) өздері тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасытұрып жатса;

 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімі бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  1. Азаматтарды есепке қою үшін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттар ұсынылуы қажет (ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді):

 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш (өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынүйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетіледі);

 2) ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері. Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сотшешімінің көшірмесін ұсынады;

 3) ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады;

 4) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан

әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың

әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ

отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін

отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді

ұсынады;

 5) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық

талаптарға сай келмеген жағдайда өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық

қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері

бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық

қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

 6) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген

жағдайда өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы

аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық

зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

 7) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

 Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың, некеге тұру немесе бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәліктің, өзіне меншік құқығында тиесілі (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтаманың мәліметтері, тіркелген мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері санатына тиесілілігін растайтын құжаттардың мәліметтері,салық салынатын табысы туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "

электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшесі үшін ұсынылады. Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік

мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақтың 2),3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ

екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар www.gosreestr веб-порталында орналасқан "Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі" ақпараттық ресурсының құралдары арқылы алады.

 Осы тармақта көрсетілген құжаттардың мәліметтерін жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақта көзделген қажетті құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонға sms-хабарламаны алған кезден бастап береді.

 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектегі реттік нөмірі көрсетілген хабарлама бере отырып, есепке қою не есепке қоюдан дәлелді бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме өтініш берілген күннен бастап он бес

жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес өтініш берушіге хабарлама

порталдағы "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі. Мемлекеттік кәсіпорын не мемлекеттік мекеме шешімге сәйкес өтініш берушіні жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол хабардар етеді.

 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған

елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай

жолдармен мұқтажға айналғаны:

 1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;

 2) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған

ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң –

Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша

мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда оның Қазақстан Республикасының

белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi,

тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып

алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;

 3) тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;

 4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке

тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған

кезде тұрғын үйiнен кетуi;

 5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ

еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса,

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi

атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

 Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

 10-1. Азаматтар:

 1) егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берiлуi үшiн негiздер жойылған;

 2) басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорындағы

немесе мемлекеттік мекемедегі еңбек қатынастарын тоқтатқан;

 3) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй

қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беруді қажет ететіні туралы

шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;

 4) жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғынжай

сатып алған;

 5) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алған жағдайларда, оларды

мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару

жүзеге асырылады.

 Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) қаулысымен.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан мынадай

негіздер бойынша бас тартылады:

 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін

ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылатын деректердің (мәліметтердің)

анық еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін

қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің

Заңда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 756 (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

 11-1. Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке

қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық

емес отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "

Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен

наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін

есептен шығарылмайды.

 Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

 11-2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан

жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте Ұлы Отан

соғысының ардагерлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балалар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр

ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен

наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар құқылы. Мемлекеттік қордан

тұрғынжайларды (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайларды бөлу

кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй

қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының

кемінде жиырма проценті бөлінеді.

 Ескерту. 2-тарау 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

 11-3. Егер бірінші және екінші топтағы мүгедектік он сегіз жасқа толған, отбасы

мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы ретінде есепте

тұрған мүгедектігі бар балаға белгіленсе, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан

тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған

тұрғынжай беру кезектілігі тұрғынжайды алғанға дейін сақталады.

 Ескерту. 2-тарау 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 162 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

қаулысымен.

  1. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру

мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар

қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың

ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке

алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық

тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан

Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.

 Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы

мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы

органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту

қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.

 

 

Дата публикации
08 августа 2024