Ұмтыл ауылы, 16 ақпан 2024 жыл сағ 11-00 Жиналыс төрағасы : Е. Ақтанбеков
Жиналыс хатшысы : М. Жексембаева
Жиналыс жұмысына қатысқандар:
Ж. Теңелбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы, Ауыл тұрғындары -20
КҮН ТӘРТІБІ :
Балпық ауылдық округінің әкімі Е.Е. Актанбековтың төрағалығымен өткен халықпен кездесу жиын барысында округтің елді мекені Ұмтыл ауылында көтерілген өзекті мәселелерді талқылау.
Округ әкіміне тұрғындар көтерген сұрақтар мен өтініштер жеке бақылауға алынып, орындалуы қамтамасыз етіледі. Осы мәселелердің барлығы елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі тиіс екенін округ әкімі атап өтті.
Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілгенін хабарлады.
«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін қабылдауға арналған ақпараттық жүйе.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе.
Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі екенін атап өтті.
Кездесуде: 1. Смаилова Гульнара Жаксылыковна, Ұмтыл ауылының тұрғыны, зейнеткер.
Сұрақ: Ұмтыл ауылының бастауыш мектебінің жабылуына қарсылық білдіру туралы.
Шешу жолдары: Ұмтыл ауылындағы бастауыш мектебінің жабылмауы үшін аудан әкімі атына ауыл тұрғындары атынан ұжымдық өтініш жолдауға ұсыныс енгізуге шешу жолдары қарастырылсын.
Кездесу қорытындысында округ әкімі тиісті мемлекеттік қызметкерге төмендегі тапсырманы берді.
Ұмтыл ауылындағы бастауыш мектебінің жабылмауы үшін аудан әкімі атына ауыл тұрғындары атынан ұжымдық өтініш жолдауға және түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. 2024 ж. 15 наурыз. (М. Жексембаева)
Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бақылауға алуды өзіме қалдырамын.
Жиналыс төрағасы : Е. Актанбеков
Жиналыс хатшысы : М. Жексембаева