Жиналыс төрағасы: Е.АтанбековЖиналыс хатшысы: М. Жексембаева Жиналыс жұмысына мыналар қатысты:
Ауыл тұрғындары - 25
КҮН ТӘРТІБІ :
Округ әкіміне тұрғындар көтерген сұрақтар мен өтініштер жеке бақылауға алынып, орындалуы қамтамасыз етіледі. Осы мәселелердің барлығы елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі тиіс екенін округ әкімі атап өтті. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатындаҚазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілгенін хабарлады.
«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін қабылдауға арналған ақпараттық жүйе.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе.
Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі екенін атап өтті.
Кездесуде: 1. Кусбекова Гульминиса – Оян ауылының тұрғыны, зейнеткер.
Сұрақ: Оян ауылының маңынан жер учаскесін алып, мал ұсауға қора салуға болды ма?
Шешу жолдары: ҚР Жер Кодексінің тиісті нормаларына сәйкес, Оян ауылының маңынан бау-бақша егу үшін уақытша 1 гектар жер учаскесі беріледі. Бау-бақша егетін жерге мал қора салуға рұқсат жоқ. Сондықтан мал ұстау, бордақылау үшін округтен тыс жерлерден жер учаскесін конкурсқа қатысып ұтып алған жағдайда жер учаскесін заңға сәйкес алатыны туралы түсініктеме берілді.
Ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Кездесу қорытындысында округ әкімі тиісті мемлекеттік қызметкерге төмендегі тапсырманы берді.
1.1. Оян ауылының тұрғындарынажайылымдық жер және бау-бақша егетін жер учаскелерін алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. 2024 жылы 22ақпан (Л. Малдыбаева)
Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бақылауға алуды өзіме қалдырамын.
Жиналыс төрағасы : Е. Актанбеков
Жиналыс хатшысы : М. Жексембаева