Жаңаталап ауылы 14ақпан 2024жыл сағат 15-00
Жиналыс төрағасы : Е. Ақтанбеков
Жиналыс хатшысы : М. Жексембаева
Жиналыс жұмысына қатысқандар:
Округ әкіміне тұрғындар көтерген сұрақтар мен өтініштер жеке бақылауға алынып, орындалуы қамтамасыз етіледі. Осы мәселелердің барлығы елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі тиіс екенін округ әкімі атап өтті.
Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатындаҚазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілгенін хабарлады.
«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің барлық түрлерін қабылдауға арналған ақпараттық жүйе.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе.
Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі екенін атап өтті
Кездесуде: 1. Ашмуханов Елдос Мадиевич– Жаңаталап ауылының тұрғыны, жалдамалы жұмыскер.
Сұрақ:Жаңаталап ауылына газ қай уақытта газ келуі және тұрғын үйлерге газ тарту туралы.
Шешу жолдары:Жаңаталап ауылына аяқталмаған құрылыстары аяқталып, жоспар бойынша 2024-2025 жылдың аяғына дейін газ келеді. Ауылдағы тұрғын үйлерге газ тарту, пеш қондырғыларын орнату мәселесі туралы «Жетісу Газ Сервис» ЖШС-сі өкілдерімен түсіндірме жұмыстарыжүргізілетін болады. Кездесу қорытындысында округ әкімі тиісті мемлекеттік қызметкерге төмендегі тапсырманы берді.
1.1. Жаңаталап ауылының тұрғындарымен тұрғын үйлерге жүргізілетін газ және газ пештерін орнату, қандай мекемелермен келісім-шарт жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.2024 жылы 21 ақпан (М. Жексембаева)
Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бақылауға алуды өзіме қалдырамын.
Жиналыс төрағасы : Е.Актанбеков
Жиналыс хатшысы : М.Жексембаева