Балпық ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

         Балпық  ауылдық округі 1997 жылы құрылды. Округтің құрамына 3 елдің мекен кіреді. ( Жаңаталап, Оян, Ұмтыл ауылдары) 2024 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2044 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 3 ЖШС, 26 шаруа қожалығы тіркелген және барлығы жұмыс жасайды. 20 жеке кәсіпкер тіркелген.  Округтегі негізгі күн-көріс, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы.

Бюджеттің орындалуы бойынша :   Округ бойынша Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің  жылдық бюджеттік қаражатын толық игеру бойынша іс-шараларды іске асыру. Жылдық жалпы бюджет 45 млн 252 мың теңге. 2024 жылдың 1 тоқсанда жалпы жылдық бюджеттің  13 млн. 241 мың теңгеге  99,6 пайызы  игерілді.           

 Жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша:  кіріс құжаттар-61, шығыс құжаттар-124, ЭҚА немесе ОДО кіріс құжаттары-58, шығыс құжаттары-55.

Инвестиция тарту  бойынша  Балпық ауылдық округі бойынша 282 млн. 800 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды. «М Нефте Сервис» ЖШС Жаңаталап ауылындағы, Конысбаев 43 мекен–жайы бойынша орналасқан бала-бақша ғимаратын күрделі жөңдеу жұмыстарына 250 млн. 000 мың теңге. 2025 жылы қолданысқа беріледі. Ауылдық округ бойынша 2024 жылы алынған техника - барлық соммасы - 32 млн 800 мың теңге. (Трактор МТЗ 82.1 - 9 млн теңге, Трактор ЮТО 1404 - 19 млн 700 мың теңге, соқа -1 млн 600 мың теңге, кун - 2 млн 500 мың теңгеге алынды.)

Салық төлемдері бойынша:

Балпық а/о

Жылдық жоспар

Түсім

05.04.2024ж.

%

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202

1 млн 500тг

 

639,900

182,8

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102

300,00тг

24460

35

Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығы 104302

10,000тг

1600

16

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104401

400,00тг

1млн819мың900

303

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402

4 млн, 600тг

0

0

Барлығы

6 млн 700 тг

 

 

Ауыл шаруашылық  және мал шаруашылығы бойынша.

 Егін шаруашылығы: Округте жердің жалпы көлемі 72814,7 гектарды құрайды, оның ішінде 2225,5 гектар суармалы жер, жайылым жерлер 70211,7 гектар, шабындық жерлер 20 гектар және т.б. жерлер.

Шаруа қожалықтардың  былтырғы еккен  егін  бойынша:  Арпа - 220  гектар өнімділігі - 20 цн, алынған өнім – 440 тонна. Соя - 50 гектар өнімділігі - 24 цн,  алынған өнім - 120 тонна. Жүгері  - 267 гектар өнімділігі -110 цн, алынған өнім – 2937 тонна. Қант қызышасы 156 гектар өнімділігі-110 цн, алынған өнім – 4202 тонна. Жаздық бидай -101,3 гектар өнімділігі -10 цн, алынған өнім-110 тонна. Көкеніс - 51 гектар, өнімділігі -372,2 цн, алынған өнім- 1898 тонна. Күнбағыс-305 гектар, өнімділігі -20 цн, алынған өнім- 610 тонна. Жуа-41 гектар, өнімділігі -380 цн, алынған өнім- 1558 тонна және т.б. өнім алынды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында, ауыспалы егістіктің сақталуы бойынша округке қарасты шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балпық ауылдық округі бойынша “ТекеліАгроСервис” ЖШС-гі 150 га, “Сәтті” ЖШС-гі 50 га, “Бақыт-Қаратал” ЖШС-гі 20 га, “Кадыров” ШҚ 20 га, “Орленок” ШҚ 12  га, барлығы 242 га қант қызылшасын өгуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша егілуі қатаң бақылауда тұр. Көктемгі дала жұмыстары(ылғау жабу, тырмалау, себу алдындағы өңдеу, көктемгі жер жырту жұмыстары жүріп жатыр). Бүгінгі күнге 20 га арпа, 30 га жоңышқа егілді.

  Дәнді дақылдардың сорттары: Жаздық бидай-«Казахстанская-10», Арпа- «Арна», Жүгері-«Пионер», Май бұршақ-«Селекта-302», Қант қызылшасы –«Ардан» себіледі.

Тыңайтқыштар: Амофос-92 тн, Силитра-145 тн,  Барлығы 237 тн өтінім берілді.  Берілген өтінім бойынша «ТекеліАгро Сервис» ЖШС 40 тн амофос, 40 тн селитра алды. Қолда 3 тонна дизель отыны бар. Көктемгі дала жұмыстарына берілген өтінімдермен дизель отынын алуда.

Округ бойынша ауылшаруашылық техника саны 89 дана, 2 комбайн, 24 трактор, 4 кун, 11 соқа,  3 культиватор, 7 тырма, 5 шөп шапқыш, 4 тұқым сепкіш, 5 дәрі шашқыш, 2 БДД, 3 жер түзететін, 1 стогомет, 2 арық тартқыш, тіркеме -10, пресс-6,   өзгеде техника тіркелген.  Округ бойынша 3 тас арық  орналасқан,  жалпы ұзындығы 21,9  шақырым  арық тазалау жұмыстары жақында бастайды.

  Мал шаруашылығы бойынша – Округте 26 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 18 шаруа қожалығы  мал    шаруашылығымен, 8 шаруа қожалығы егін  шаруашылығымен  айналысады. 2024 жылдың 01 қаңтар  округте мал басының көрсеткіштері мынадай: МІҚ -5200 бас, жылқы 1050 бас, МҰМ 16000 бас, ешкі 1350 бас. Оның ішінде шаруа қожалықтарында МІҚ – 3800 бас, оның ішінде 1350 бас аналық,  жылқы 630 бас, оның ішінде 105 бас аналақ, МҰМ 8500 бас, оның ішінде 2950 бас аналық, ешкі – 150 бас, оның ішінде 60 бас аналық. Тұрғындарда МІҚ-1400 бас,  оның ішінде 750 бас аналық, жылқы-150 бас, оның ішінде  55 бас аналық , МҰМ-3500 бас, оның ішінде 1700  бас аналық, ешкі - 1200 бас, оның ішінде 100 бас аналық тіркелген. Мал ауру түрлері тіркелген жоқ,  6 мал дәрігері бар.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы: Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында  «Ауыл аманаты» бағдарламасы наурыз-сәуір айларында іске асырылатын болады. Аталған бағдарлама шарты бойынша 2,5% 7 жылға дейін несие қарастырылған.  2023  жылы 4 округ тұрғыны 2,5  пайызбен несие алып, бизнес жоспар бойынша мал бастарын алды. Биылғы жылы 6 адам несие алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құжаттарын дайындауда. Ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ауыз сумен жабдықтау және Газ тарту жұмыстары бойынша.  Округ бойынша Жаңаталап, Оян ауылдары ауыз су жүйелері толығымен тартылған. Ұмтыл ауылына тартылмаған. Жаңаталап ауылы бойынша ауыз су жүйесіне 90 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Жаңаталап орта мектебі, ауылдық дәрігерлік амбулатория, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і қосылған, барлығы 94 абонент.  Оян ауылдары ауыз сумен 63 тұрғын үй, ауылдық мешіт, Оян орта мектебі, ауылдық фельдшерлік пункті, 2 азық –түлік дүкендері қосылған, барлығы 67 абонент. Ұмтыл ауылы ауыз сумен жабдықталмаған. Ауыз су жүргізу мәселесі 2024 жылдың жоспарына енгізілді. Газ жүйесі Жаңаталап, Оян ауылдарына жүргізілді. Оян ауылында 11 тұрғын үй  газ жүйесіне қосылды және   11 үйдің иелері «Жетісу Газ Сервис» ЖШС-мен  келісім-шарт жасады. Тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жаңаталап ауылының тұрғындарынан 46 үйдің тұрғындары газ жүйесіне қосылуға келісім-шарт жасады. Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

  Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою" Балпық ауылдық округі бойынша «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлығы 79 өтініш берген.  Оның ішінде Жаңаталап ауылында 59 өтініш, Оян ауылында 15 өтініш, Ұмтыл ауылында 9 өтініш түскен. 2022 жылдың  қараша айында өтініш иелеріне «Жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орны» базасында (АР МИО) көрсетілген 79 адамға  хабарластық, 5 нөмер тіркелмеген. Аталған мемлекеттк қызметті түсіндіріп, келіспеген жағдайда өтініштерін кері қайтарып алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларынан өтінім берушілер өте көп. Жерді келіп көрем деушілер 14 адам. Бүгінгі күнге Жаңаталап ауылы бойынша 14 өтініш, Оян ауылы бойынша  5 өтініш, Ұмтыл ауылы бойынша 4 өтініш қайтарып алынды. Қалған өтініш иелерімен жұмыстар атқарылуда.   Балпық ауылдық округі бойынша «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша барлығы 79 өтініш берген.  Оның ішінде Жаңаталап ауылында 59 өтініш, Оян ауылында 15 өтініш, Ұмтыл ауылында 9 өтініш түскен. 2022 жылдың  қараша айында өтініш иелеріне «Жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орны» базасында (АР МИО) көрсетілген 79 адамға  хабарластық, 5 нөмер тіркелмеген. Аталған мемлекеттк қызметті түсіндіріп, келіспеген жағдайда өтініштерін кері қайтарып алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларынан өтінім берушілер өте көп. Жерді келіп көрем деушілер 14 адам. Бүгінгі күнге Жаңаталап ауылы бойынша 14 өтініш, Оян ауылы бойынша  5 өтініш, Ұмтыл ауылы бойынша 4 өтініш қайтарып алынды. Қалған өтініш иелерімен жұмыстар атқарылуда.                      

Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар: Балпық ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16.02.№561-IV «Әскери қызмет және     әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Заңының 17 бабы 1 тармағына сәйкес 2024 жылдың 2000-2005 жылдары туылған азаматтарды наурыз-маусым айлары аралығындағы көктемгі әскер қатарына Балпық ауылдық округі бойынша 14 әскери міндеттілер шақырылған болатын. Оның ішінде студент 9 анықтамалары өткізілді қорғаныс бөліміне, отбасалық жағдайына байланысты 1, әскер қатарына ниет білдірген 2 азамат, тұрғылықты мекен жайы бойынша 2 азамат тұрмайтыны анықталып жұмыстар жалғасуда.1 азамат әскер қатарына жіберілді.          

 Әлеуметтік сала 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша жыл басынан 20 ауыл тұрғыны қоғамдық жұмысқа қабылданды.   Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 тоқсанға отбасы құжаттарын өткізуде, сәуір айының соңында саны толық анықталады.  «Күміс жас» жобасына – 5 адам қабылданды. Жоспар бойынша 5 адам қабылдануы қажет. Кәсіпкерлік оқуға 1 адам жіберілді. Жұмыстар жалғасуда.

Білім саласы бойынша.  Округтегі Жаңаталап ауылында «Жаңаталап» орта мектебі бар 202 оқушы, 32 мұғалім қызмет атқаруда.  Оян ауылында «Оян» орта мектебі бар,  95 оқушы, 25 мұғалім қызмет атқаруда.    Ұмтыл ауылында «Ұмтыл» бастауыш мектебі  жұмыс жасайды, 14 оқушы, 5 мұғалім қызмет атқаруда. Ауылдық округі бойынша «Жаңаталап» және «Оян» орта мекетептерінен ашылған 2 шағын орталық бар, барлығы алты жасқа дейінгі 50 баланы қамтиды.

Мәдениет және спорт саласы. Ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жоқ, қызметкерлері Жаңаталап ауылындағы «Бақыт-Қаратал» ЖШС-сі кеңсесінің бір бөлмесін жалға алып, жұмыс жасап отыр. Мәдениет үйінің ғимаратының құрылысын салу; Спортзал құрылысын салу.  «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратының құрылысын салу 2024 жылдың жоспарына енгізілді.   Жаңаталап ауылдық кітапхананың жеке ғимараты жоқ, қызметкерлері «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратының 2 бөлмесінде қызмет атқарады. Округ бойынша 1 стадион, 2 мектептің ішінде ойынзалы  бар. Жалпы жыл басынан округ бойынша – 10 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Футбол мен волейболдан балалар мен жас өспірімдерге үйірме жұмыс жасауда.                                            Денсаулық саласы.

Ауылдық округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункттер бар, онда 1 дәрігер 10 медбике  жұмыс атқаруда. Жыл басынан округте 3 сәби дүниеге келген,  қайтыс болған  азаматтар жоқ. Ана мен бала өлімі      тіркелген жоқ. 

 Қоғамдық тәртіп туралы  2024 жылдың басынан қылмыс тіркелмеді.   Әкімшілік іс қозғалмаған, хаттамалар толтырылды. Ауыл тұрғындарының тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспектор  тарапынан күндізгі және түнгі мезгілде рейдтер жүргізіліп отырады.     437 бабы бойынша  2 хаттама, 441- бабы бойынша 1 хаттама толтырылып, 434 бабы бойынша 1 айыппұл салынды. 505-бап бойынша 25 ескерту таратылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген.

«Е-Өтініш» - «бір терезе» қағидаты бойынша жеке тұлғалардан барлығы 11 өтініш түсіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізінде өтініштердің жауаптарын заңға сәйкес екі тілде берілуде. Сондай-ақ, ақпараттық жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге және жұмыс сапасын арттыруға жол ашатын бірегей жүйе. Ресми тәртіппен «Е-Өтініш» жүйесі арқылы арыз-шағымыңызды жолдау проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі.

 Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 3 кездесу өтті. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда.

 

Дата публикации
19 апреля 2024