Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 28
қарашадағы № 470-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2023 жылғы 28 қарашада № 33693 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 04.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-2-бабының
бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы
жазбаша арыз нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен
қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 470-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Нысан
Кімге
__________________________,
(мемлекет пен азаматтық
қоғамның өзара іс-қимылы
саласындағы уәкілетті органның
атауы)
Кімнен
________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған кезде)
ЖСН:
__________________________
(нөмірді көрсету)
Нақты тұратын жерінің
мекенжайы:
____________________________
(нақты тұратын жерінің
мекенжайын көрсету)
Тіркеу орнының мекенжайы:
____________________________
(тіркеу орнының мекенжайын
көрсету)
Байланыс телефоны:
_____________
(телефон нөмірін көрсету)
Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) интернет-ресурста
__________________________ (мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және
(немесе) атқарушы органның атауы) атына жіберілетін (петицияның нысанасы
бойынша дәлелдермен және ұсыныстармен) мынадай мазмұндағы петицияны
орналастыруды
сұраймын:
"__________________________________________________________________".
Арызға мынадай құжаттар:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны арыз
иесінің өкілі берсе);
3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (
қажет болған кезде) қоса беріледі.
Осы арызбен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзім ұсынатын (
толтырған) ақпараттың анықтығына жауапты болатынымды растаймын.
Дербес деректерді өңдеуге келісемін:
______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

Дата публикации
15 апреля 2024