Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қарашада № 33681 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

       Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналар:

       1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салалары;

       2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдау нысандары;

       3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

       4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

       5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

       6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

       7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары;

       8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

       9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидалары;

       10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау, "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту" құралы, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер көрсету бағдарламасы қағидалары;

       11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары;

       12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық мыналарды:

      1) 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "13. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем болмайтын;

       2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады.";

      "15. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін:

       1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем болмайтын;

       2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 2 (екі) миллиард теңгеден кем болмайтын индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады." деген редакцияда қолданылатын осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 13 және 15-тармақтарын;";

       2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "13. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем болмайтын;

       2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын;

       3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі 30 %-дан кем болмайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады." деген редакцияда қолданылатын осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім

министрі       __________С. Нурбек

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы       _____Ж. Буркитбаев

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің міндетін

атқарушы       __________С. Аблалиев

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрі       __________Н. Нуржигитов

 

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат

министрі       __________А. Балаева

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрі       __________А. Сапаров

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрі       __________К. Шарлапаев

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрі       __________Б. Мусин

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрі       __________Е. Нысанбаев

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі       ____Г. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт

министрі       __________Е. Маржикпаев

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі       _____А. Саткалиев

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрі       __________А. Шаккалиев

 

 

 

 

 

       

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167,
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

 Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салалары

 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

 

01, 03

Ауыл, орман және балық шаруашылығы 01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда

 

08.12.1, 09

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу, кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету

 

10, 11.06, 11.07, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 ,21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33

Өңдеу өнеркәсібі

 

35.3, 35.11, 35.11.2, 35.11.4, 35.11.5, 35.11.9

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

 

36, 37, 38, 39

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

 

45.2, 49.3, 49.41, 50, 52, 53

Көлік және қоймалау

 

55.10, 55.20, 55.30

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

 

58, 59.14, 61, 62

Ақпарат және байланыс

 

68.20.1, 68.20.2

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

 

69.2, 71, 72, 74, 75

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

 

77.11

Жеңіл атомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг

 

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

 

85

Білім беру

 

86, 87, 88

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

 

91, 93

Өнер, ойын-сауық және демалыс

 

95, 96.01

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

 

47.11

Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату

 

 

Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167,
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Экология
және табиғи ресурстар министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

       

 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдау нысандары

  1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру;
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
  3. Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
  4. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
  5. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру;
  6. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
  7. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу;
  8. Ақпараттық-консультациялық қызметтер, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау ұсыну, "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетті дамыту" құралын, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер көрсету бағдарламасын іске асыру;
  9. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру;
  10. Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру.

 

"Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
ақпарат министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598
және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

 Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 16.01.2024 № 38-НҚ, ҚР Энергетика министрінің 16.01.2024 № 16, ҚР Туризм және спорт министрінің 16.01.2024 № 17, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 16.01.2024 № 7, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.01.2024 № 20, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 16.01.2024 № 16-НҚ, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 16.01.2024 № 10, ҚР Көлік министрінің 16.01.2024 № 29, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 16.01.2024 № 19, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.01.2024 № 9, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.01.2024 № 26/НҚ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.01.2024 № 31 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.01.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) кредиттері/микрокредиттері/микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімдеген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкер кредитінің нысаналы мақсаты;

       2) арнайы қаржы компаниясы – "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, оның пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

       3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субектілерінің тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

       4) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі;

      5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан банктегі шоттардағы ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді жасау кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      6) жоба (бизнес-жоба) – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және жүзеге асыруға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін қызмет шеңберінде (бір жоба аясында бірнеше банктік кредит/лизингтік операцияларды алуға болады) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін іс-қимылдар мен іс-шаралар кешені;

      7) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты, кредиторлық берешек бойынша негізгі құралдардың материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

       8) ислам банкі – осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде лицензия негізінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

       9) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;

      10) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектісі мәртебесі бар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

       11) бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/ бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба;

      12) кредиттік шарт – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады), банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      13) кредитті/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      16) қаржыландыру шарты –шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беретін, ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім (шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасатын қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады);

      17) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      18) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      19) өңірлік үйлестіруші –облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      20) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      21) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

       22) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

       23) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.

      Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

       25) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

  1. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігімен арада жасалатын қаражатты аударуға арналған шарттың негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
  3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) бекітілген субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде қаражатты қаржы агенттігіне аударуды қаражатты қаржы агенттігінің арнайы шотына аудару шартына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Сыйақы/үстемеақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде бөлінген, өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында сыйақы/үстемеақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

       Жобаларды ішінара кепілдендіруге бюджет қаражаты тапшы болған жағдайда қаржы агенттігі облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органынан/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қосымша қаражат түскенге дейін жобаларға ішінара кепілдік беруді тоқтата тұрады.

       Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер бойынша төлемақы болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома жобаларға кейіннен портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Шығарылған кепілдіктердің құнынан алынған қаражат кейінге қалдырылған табыс ретінде есепке алынады және шығарылған кепілдіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын амортизацияланады.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша субсидиялау және кепілдік беру үшін бюджетті бөлу:

      өңдеу өнеркәсібіне бюджет қаражатының 50 % дейін;

      қызметтер көрсету бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында бюджет қаражатының 30 %-ға дейін;

      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) – бюджет қаражатының 20 %-на дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, көрсетілген пропорционалдылықты өзгертуге және қаржы агенттігінің қаражатты өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сауда қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жобаларды және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау шеңберінде субсидиялау және/немесе кепілдік беру қажеттілігіне қарай олардың арасында қайта бөлуіне жол беріледі.

  1. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есептіден кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

 2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібі

 1-параграф. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары

  1. Кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру, сондай-ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерінің саудасына жол беріледі) қызметті қоспағанда, салалық шектеулерсіз инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Жобаларды республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлердің инвестициялық жобалары ЕДБ/МҚҰ шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кемінде 1 (бір) адамға жұмыс орындарын міндетті түрде көбейтуді көздейді.

  1. Мыналар:

       1) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары;

      2) кредиторы ұлттық даму институттары болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

       3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерін/микрокредиттерін/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

       4) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      5) овердрафт түріндегі кредиттер;

      6) мыналар:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін растайтын құжаты болған жағдайда жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта құру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеуді);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген болса, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, шикізат және/немесе материалдар, сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      7) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      8) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алу/жалдау/қосалқы жалға беру) бағытталған кредиттерді/микрокредиттер (;

      9) ломбардтардың, микроқаржыландыру, факторинг ұйымдарын және лизингтік компаниялардың қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      10) бұрын субсидиялар және/немесе кепілдіктер алған, аяқталған және пайдалануға берілген/жұмыс істеп тұрған жобаны сатып алынатын жобаның кемінде 20 %-ын қосымша жаңғыртусыз сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      12) активті кредит/микрокредит есебінен сатып алған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға беруді/жалға алуды/тегін пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде болашақта кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жасаған және/немесе жоспарлаған кәсіпкерлер. Жобаларды мониторингтеу кезінде осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      13) субсидиялар алуға өтініш берген кезде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатқан кәсіпкерлер;

      14) меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) миллион теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) миллион теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде берілетін кредиттік желі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) миллион теңгені құрайды. Кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды қайталап алуға жол беріледі.
  2. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда олар бойынша кәсіпкерлер өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

       Жобаларын елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік беру салалық шектеулерсіз және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 % ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын базалық мөлшерлемеден аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

       Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

       Портфельдік ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

       Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.

  1. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды, айналым қаражатын толықтыру – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 (екі) жылды құрайды.
  2. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімінен аспайды.
  3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігі уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.
  4. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.
  5. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

  1. Секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды меншікті не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.

 2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау

  1. ЕДБ/МҚҰ берілетін лимиттерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы ЕДБ/МҚҰ-мен алдын ала келісу бойынша жыл сайын бекітеді, сондай-ақ лимитті игерген не ЕДБ/МҚҰ игеру жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда қаражат секвестрленген жағдайда бір жыл ішінде қосымша ұлғайтуға жол беріледі.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шеңберінде ЕДБ/МҚҰ берілетін лимиттер кредиттік шарттарға бұрын бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасына және ағымдағы қаржы жылында кредиттік шарттарға жаңа төлемдер графигін қабылдау үшін қаражат қажеттілігіне сүйене отырып белгіленеді.

      Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылына арналған кредиттік шарттарға бұрын бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелер ЕДБ/МҚҰ берілетін лимитті белгілемей төленеді.

  1. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауға;

      2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сай болуға тиіс.

  1. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ:

       1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауға;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу болуға;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауға;

       4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сәйкес болуға тиіс.

  1. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болса, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.
  2. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

       2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

       3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатқа сәйкес пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

  1. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/мерзімінен бұрын толық өтеуі туралы, сондай-ақ төлем графигінің өзгергені туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайда қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл ретте хабарлау мерзімдері ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген.

      Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматта (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хатын ұсынуға жол беріледі.

 3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі

  1. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.
  2. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.
  3. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша деректерді;

       2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.

  1. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

       Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда кепілдік міндеттемені қаржы агенттігі сервис арқылы жібереді.

  1. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  2. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредиттің/микрокредиттің /қаржыландырудың берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді.
  3. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.
  4. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Егер кәсіпкер кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоя алады.
  6. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.
  7. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.
  8. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.
  9. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

  1. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылының республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін нақтылағанға дейін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілетін қаражатты одан әрі өтеу кезінде кепілдік шарттарын жасасады.

       Қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының бюджетті кезекті нақтылау кезінде қаражатты одан әрі өтеуі үшін өтеу сомасын көрсете отырып, ай сайын 10 күнге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органын жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді. Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қаржы агенттігі бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

 4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау тәртібі

  1. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.
  2. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит беру/қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

       2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).

  1. Кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатқа сай пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

  1. ЕДБ субсидиялар сомаларын аудару үшін қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

  1. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 39-тармағын ескере отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агенттігіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есептемелерді тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің қай кез үшін жүзеге асырылғаны көрсетіледі.

  1. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының нашарлауының өзге де белгілері төмендеген жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасау фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      ЕДБ/банк-төлем агенттігінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

  1. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті қаражатты шоттардағы жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ субсидияларды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлемдер графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу графигі бойынша өтейді.

  1. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде ЕДБ/МҚҰ сыйақы төлеуді кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына өтеу графигіне сәйкес жүргізеді.

      Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/ қаржыландыруы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні кәсіпкерді қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;

      2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

  1. Кәсіпкер кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
  2. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
  3. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
  4. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Бұл ретте қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі тиісті өңірлік үйлестірушіден қаражат түскен кезде жүзеге асырылады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі белгілеген субсидиялау лимиті болған кезде қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған сәтке дейін осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттарды ЕДБ/МҚҰ-дан қабылдамайды.

  1. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.
  2. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатқа сәйкес пайдаланбаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбаған кезде қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесін/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте, оның ішінде қаржы агенттігі мақсатқа сәйкес пайдаланбауды/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбауды өзі анықтаған кезде субсидиялау кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған сомасына барабар тоқтатылады.
  3. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.
  4. ЕДБ/МҚҰ:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/ қаржыландыруды мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдалану, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатылады;

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;

       3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

  1. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

      Мынадай:

      1) жоба және/немесе кәсіпкер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;

      2) субсидиялар жүзеге асырылатынн кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатты/ішінара мақсатты пайдаланбаған анықталған жағдайда кәсіпкер төлеген субсидиялар сомасы жергілікті атқарушы органдардан субсидияларды қайтару үшін деректемелерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, кәсіпкер қаржы агенттігіне берешекті толық төлеген жағдайда қайтарылуға жатады.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

 3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

  1. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;

      төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.

  1. Қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 54-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша іріктеп мониторинг жүргізеді.

 4-тарау. Өтпелі ережелер

  1. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Қағидалардың қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

 Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

 

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

 Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы кызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану*****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      **** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

       ***** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік
беруді ұсыну қағидаларына
2-қосымша

 Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

 

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

 Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да бөтелкелердегі сусындар өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы қызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Пошталық және курьерлік қызмет ***

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және соған ұқсас тұруға арналған орындардың қызмет көрсетуі

55.20

 Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру****

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару*****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану******

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру

бойынша қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет *******

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда

      **** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      ***** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

       ****** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

      ******* дискотекалар мен караокені қоспағанда

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ-ға

 Хабарлама-хат

       "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен ________АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында қол қойылған 20__ "___" ________№ ___ Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім шеңберінде банк "_______________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**

 

 

Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

 

 

Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы

 

 

Тіркелген күні (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ)

 

 

Банктің атауы

 

 

Қарыз алушы шотының нөмірі

 

 

Бенефициар коды (КБЕ)

 

 

Банкке өтініш берілген күн

 

 

Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн

 

 

Қорландыру бағдарламасы

 

 

Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты

 

 

Осы шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы

 

 

Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы

 

 

Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен)

 

 

Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі

 

 

Қаржыландыру саласы

 

 

Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)

 

 

Кепілдік мерзімі (басталу және аяқталу күнін көрсете отырып)

 

 

Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа) – атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны

 

 

Жоба іске асырылатын жер (облыс, қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып)

 

 

      * шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен,

      ___________ ____________ ____________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кепілгердің атауы:
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ
Мекенжайы:
__________________
Кімге:______________________
(банктің/МҚҰ толық атауы
және деректемелері)

 № _______ кепілдік міндеттеме

_____________ қаласы

20____ жылғы "____"__________

       Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – қарыз алушы) _______АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға _____________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты _____, осы шартпен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын және есептелген сыйақы/үстеме баға, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, өсімпұлдар, айыппұл санкциялары, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасылары, қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның басқа да шығындары сомасын ескермей, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.

      Кепілдік қарыз алушы кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

       Кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.

       Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

       Кепілдік қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – Келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте біз Сіздің жазбаша талабыңызды жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз қажет.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын, оның ішінде кепілдікті ұсыну және орындау тәртібін, кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібін, кепілдікті тоқтату негіздерін және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігін қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін барлық құқықтар мен міндеттер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, Келісіммен реттеледі.

      _______________________________

      (бірінші басшының қолы)

 

"Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

 Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 16.01.2024 № 38-НҚ, ҚР Энергетика министрінің 16.01.2024 № 16, ҚР Туризм және спорт министрінің 16.01.2024 № 17, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 16.01.2024 № 7, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.01.2024 № 20, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 16.01.2024 № 16-НҚ, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 16.01.2024 № 10, ҚР Көлік министрінің 16.01.2024 № 29, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 16.01.2024 № 19, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 16.01.2024 № 9, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.01.2024 № 26/НҚ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 16.01.2024 № 31 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.01.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;

      2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

  1. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімделген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкер кредитінің нысаналы мақсаты;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

       3) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      5) банк – қызметті осы Субсидиялау қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) банк-агент – синдикаттың құрамына кіретін және/немесе бір мезгілде кредитор-банк болып табылатын синдикатталған кредиттер бойынша кредиторлар мүдделерінің өкілі ретінде әрекет ететін екінші деңгейдегі банк;

      7) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      8) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде банк кәсіпкерге беретін ақша сомасы;

       9) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      10) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосу туралы өтініші;

      11) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      12) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      13) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

       14) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілетін "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" (бұдан әрі – Қаулы) "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      15) жоба (бизнес-жоба) – кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік қаржылай қолдау берілетін (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер алуға/лизингтік мәмілелер жасасуға болады) қызметтің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;

      16) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы агенттігінің шешімімен айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде тауардың шығу жолында болуы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес пайдалануға беру және кәсіпкердің мәлімделген қызметін жүзеге асыру актісінің болуы;

      17) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      18) кәсіпкер – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие және өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      19) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосу туралы өтініші;

       20) кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламасы/кәсіпкерлікті қолдауды бұрын бекітілген бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;

      21) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      22) кредитті/микрокредитті/қаржылық лизинг шартын нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты/микрокредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті/лизингті осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес нысаналы пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын және (немесе) басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттармен расталады);

      23) көпфункционалды ғимараттар (кешендер) – инженерлік, әлеуметтік, функционалдық өзара байланыстар жүйесімен біріктірілген, заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына жауап беретін, негізгі функцияларды атқаратын түрлі мақсаттағы үш және одан астам (балалардың келуіне арналған үй-жайлары немесе алаңдары бар екі) объектілерді орналастыруға арналған және кинотеатрлардың, фуд-корттардың болуын болдырмайтын біртұтас сәулет тобы немесе жеке тұрған ғимараттар;

      24) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген кредиттерді кредит/лизинг қаражаты есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда негізгі борыш кіреді;

      25) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      26) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      27) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      28) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын, жалпы ұсынылған шартқа қосылу жолымен талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания қабылдайтын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты;

      29) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерге бөле отырып, банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржылық лизинг шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;

      30) лизингтік компания – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      31) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      32) мемлекеттік даму институттары – экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

       33) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік және жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      34) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

       35) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      36) микрокредит бойынша шарт – оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит беретін микрокредит беру туралы шарт;

      37) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      38) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      39) синдикат – бір-бірімен келісе отырып беруге немесе кәсіпкерге әрбір кредитор үшін шартта/барлық кредиторлармен бірыңғай шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде кредит беруге міндеттенетін бірнеше кредиторлардың кредиті, ал егер оларды төлеу міндеті кредитормен (-лармен) шартта/кредиторлармен бірыңғай шартта көзделген болса, кәсіпкер кредиторларға олардан алынған кредитті қайтаруға, сыйақы, сондай-ақ өзге де төлемдерді төлеуге міндеттенеді;

      40) синдикат кредиторы (кредитор-банк) – екінші деңгейдегі банк;

      41) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      42) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі: арнайы қаржы компаниясының бөлінген банк активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;

      43) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын, шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайтын үшжақты жазбаша келісім;

      44) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;

      45) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      46) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

       47) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      48) шекті мән ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды "жасыл", яғни тиісті "жасыл" таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;

      49) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш;

      50) экономикалық орынсыздық – жоспарланған жобадан тиімділіктің болмауы, оның ішінде жұмыс орындарын құру және (немесе) салықтарды ұлғайту жөніндегі өлшемшарттың орындалмауы, жоба мақсатының ЭҚЖЖ мәлімдегенге сәйкес келмеуі және осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес өзге де талаптар;

      51) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      52) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

  1. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
  2. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржы агенттігіне қаражатты аударуға өздерінің араларында жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

       Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға көзделген қаражат "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының негізінде өңірлік үйлестіруші субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес қаржы агенттігіне аударады.

      Кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын қолданыста болған бағдарламалары шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдаудың осы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты пайдалануға жол беріледі.

      Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер қаражаты есебінен аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

       Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша субсидиялау үшін бюджетті бөлу:

      бюджет қаражатының 50 %-на дейін өңдеу өнеркәсібіне;

       бюджет қаражатының 30 %-на дейін көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында;

       бюджет қаражатының 20 % – микро кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қаржы агенттігінің қаражаттың көрсетілген пропорционалдығын өзгертуіне және өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау шеңберінде және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және сауда қызметі саласында және/немесе субсидиялау қажеттілігіне қарай микрокәсіпкерлік субъектілерінің арасында өзара қайта бөлуіне жол беріледі.

  1. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Субсидиялау қағидаларының ережелерін ескереді.
  2. Кәсіпкерге осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде мынадай:

      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;

      2) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерде шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау;

      3) моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау;

      5) шағын жеке және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағыттары бойынша кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.

  1. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асырылуын кредиттер/лизинг/исламдық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
  2. Қаржы агенттігі өңірлік және салалық бөліністердегі шағын және орта кәсіпкерліктің ағымдағы жай-күйі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін кешенді жалпыреспубликалық талдауды көрсететін, Қазақстанда және оның өңірлерінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы есептің жыл сайынғы шығарылымын, Қазақстанның әрбір өңірінің шағын және орта кәсіпкерлік секторына жеке-жеке шолуды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты дайындайды.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған;

       7) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруына растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды сатып алуды қоспағанда үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;

      8) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      9) жылжымайтын мүлікпен операцияларды (жеке тұрғын үй құрылысы бойынша апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау) жүзеге асыруға бағытталған;

       10) сатып алынатын жобаның 20 %-нан аз қосымша жаңғыртусыз бұрын субсидиялау және/немесе кепілдік алған дайын және пайдалануға берілген/жұмыс істеп тұрған жобаны сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      12) экономикалық тұрғыдан орынсыз жобалар субсидиялауға жатпайды.

  1. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

       5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) кредит/микрокредит есебінен сатып алынған тұлғаға активті сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға беруді/жалға алуды/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған, оның ішінде осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында кәсіпкердің кәсіпорнын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыратын және/немесе жоспарлайтын кәсіпкерлер. Мониторинг барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      7) субсидиялауға өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтата тұрған кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.

  1. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде алынған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша кәсіпкердің өнім берушілермен, мердігерлермен, өзге де контрагенттермен есеп айырысуы қолма-қол ақшасыз төлем нысанында жүзеге асырылады.
  2. Қатысушы лизингтік компанияларға қойылатын ең төменгі талаптар, атап айтқанда:

      1) лизингтік компанияның меншікті капиталы өтініш берілген кезден бастап айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейін 1 (бір) миллиард теңгеден төмен емес;

      2) негізгі қызметті өтінім беру алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыру.

 2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

 1-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

  1. Экономикалық қызметтің басым түрлерінде меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

  1. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар да қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қаулымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болып табылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

       Жаңа тиімді инвестициялық жобалар (оның ішінде "жасыл" жобалар), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар/"жасыл" жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа тиімді инвестициялық жобаларды (оның ішінде "жасыл" жобаларды), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды/"жасыл" жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
  2. Мыналарды:

       1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.

  1. Субсидиялауға:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне қарауға енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне қарауға енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;

      4) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуді қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер;

      5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      6) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер де жатады.

  1. Мына:

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту;

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарындағы, сауда ойын-сауық орталықтарындағы сауда алаңдары ретінде үй-жайларды реконструкциялау жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі.

      Кәсіпкерлердің жобаларына мынадай экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қолдау көрсетіледі:

      ЭҚЖЖ 47.11 "Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату";

       астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.1 "Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару".

      Осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жобалар бойынша:

      сауда жабдығын сатып алуға;

      сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде бір өңірде орналасқан екі немесе одан астам объектіні іске асыруға жол беріледі. Бұл ретте екі және одан астам жобаны бір объект (физикалық немесе технологиялық жағынан ажырамайтындай байланысқан біртұтас ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) ретінде қаржыландыруға жол берілмейді.

      Сауда орталықтары/заманауи форматтағы сауда объектілері/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендер үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      ҚР СТ 3836 ""Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісі". Техникалық талаптар" және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер" Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" таңбасы бар отандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын өткізу үшін, сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде орналастыруды қамтамасыз ету;

       Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 8-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының СТ 3836 "Қазақстанда жасалған". Техникалық талаптар" таңба белгісі" ұлттық стандарттарының және және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" белгісін қолдану тәртібінің талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" таңбасы бар отандық өндірілген тамақ өнімдерін сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде өткізу үшін қосымша орналастыруды қамтамасыз ету;

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3833 "Тауарлар мен қызметтерді сәйкестендіру және оларды кодификациялау тәртібі. Негізгі ережелер" ұлттық стандартына сәйкес тауарлардың ұлттық каталогын қолдану.

      Осы тармақта көрсетілген шарттар моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын сауда қызметі саласындағы жобалар бойынша қолдауды шектемейді.

  1. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) миллиард теңгеден аспауға болмайды.

      Бір мезгілде мына 2 (екі):

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша үлестес/байланысты тұлғалар/компаниялар бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Осы абзацтың шарттары орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі мыналарды құрайды:

       өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттерге субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл;

       осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өзге де қызмет түрлері, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша қызметте субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жыл.

       Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және берілген мерзімін ұзарту үшін кредит мерзімін ұлғайту кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.
  2. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
  3. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігінің мақұлдауын алған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарда қайта қаржыландырылуы мүмкін.
  4. Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және оның ішінде 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады:

      алғашқы 3 жылды 8 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      4-ші жылды 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      5-ші жылды 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

       Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету және өзге де қызмет түрлері саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

  1. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 30-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.
  2. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.
  3. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 2-параграф. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

  1. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа және қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп:

       салық аударымдары және (немесе) еңбекке ақы төлеу қорының өсуі және (немесе) кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін кірістердің өсуі бойынша оң серпіні бар кәсіпкерлердің жобалары – тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем кәсіпкерлерге бұл өлшемшарттар жатпайды;

      қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып және көбейте отырып еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

       Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалары бар шағын кәсіпкерлік субъектісі 3 (үш) қаржы жылы өткеннен кейін Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына көшуді растайды, осы тармақтың шарты орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

  1. Жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
  2. Субсидиялауға мыналар да жатады:

       1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ "Қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу саласындағы 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеу) бағытталған кредиттер;

      3) кәсіпкердің бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде өңдеу өнеркәсібі, энергетика өндіру, көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер;

      4) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      5) бір кәсіпкер үшін айналым қаражатын толықтыруға және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизингі шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептелетін 5 (бес) миллиард теңгеге дейінгі кредиттер.

  1. Инвестициялық жобалар бойынша кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес/байланысты кәсіпкерлерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс.

      Бір мезгілде мына 2 (екі):

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылатын;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылатын өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан астам жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

  1. 500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін қаржылық лизингонымен үлестес/ байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады, сондай-ақ 10 (он) миллиард теңгеден астам сомамен тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет, оны қаржы агенттігі субсидиялауға өтінімді қарау кезінде тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органнан сұратады.

      Кәсіпкер көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизингтік компанияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (мына ақпаратты қоса алғанда: өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесі (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.

      Банк/лизингтік компания осы тармақта көрсетілген құжаттарды мақұлдаған жағдайда, оларды банк/лизингтік компания банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне жібереді. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір мезгілде жіберіледі.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

  1. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Олар шарттарға сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

       Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

  1. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің Жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, бір кәсіпкер үшін қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша қаржы агенттігі қаржылық лизингсубсидиялаудан бас тартады. Жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітіледі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Бір кәсіпкер үшін кредиттер сомасы 10 (он) миллиард теңгеден жоғары болған кезде, онымен үлестес/ байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, жоба бойынша кірістіліктің ішкі нормасының көрсеткіші 12 %-дан аспайтын кредиттер субсидиялауға жатады. Субсидиялау мерзімі Әдістемеге сәйкес өтелу мерзімінен аспайтын, бірақ осы Қағидаларда көзделген мерзімнен аспайтын мерзімге белгіленеді.

      Субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайтын онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті есепке алмағанда, бір кәсіпкер үшін сомасы 15 (он бес) миллиард теңгеге дейінгі синдикатталған кредитті субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі:

       өндеу өнеркәсібінде, энергетика өндірісі осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды;

       көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен тау-кен өндіру өнеркәсібі жөніндегі қызметте осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

       Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

       Осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

  1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және кейінге қалдыру мерзіміне кредит мерзімін ұлғайту кезінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.
  2. ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыз санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларға кредит беру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 55.20 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 55.30 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.
  3. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау, осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес энергетика өндірісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде:

      алғашқы 3 жылды 8 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      4-ші жылды 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      5-ші жылды 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

       Жоғарыда белгіленген субсидиялау тәртібі осы субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) қызмет түрлерінің тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау кезінде де қолданылады. Бұл ретте 6-шы және 7-ші жылдары кәсіпкер – 10% төлейді, ал айырманы мемлекет субсидиялайды.

       Осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 9 % кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді;

      6) банк-агенттің көрсетілетін қызметтерін (синдикатталған кредит бойынша) қоспағанда, банк/лизингтік компания/банк-агент/банк-кредитор кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

  1. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 48-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
  2. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.
  3. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 3-параграф. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

  1. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмай есептеледі (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына, салық төлеуіне байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      Сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзінің тұрғын емес үй-жайы немесе сауда үшін жалға берілетін алаңы болған кезде 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

  1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

  1. Субсидиялауға мыналар да жатады:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      3) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеу) бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер;

      4) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс);

      5) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер.

  1. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті /қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмай есептеледі.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін қаржылық лизингонымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

  1. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
  2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және кейінге қалдыру мерзіміне кредит мерзімін ұлғайту кезінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.
  3. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
  4. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігінің мақұлдауын алған жобаларын басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруға жол беріледі.
  5. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның ішінде:

      өңдеу өнеркәсібі саласында, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша 7 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      көрсетілетін қызметтер салаларында және өзге де қызмет түрлерінде 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

  1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.
  2. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

  1. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

  1. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 63-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
  2. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.
  3. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

 4-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

  1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.
  3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына:

      инвестициялау (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

  1. Қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге жатады.
  2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуіне байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кредит сомасы әлеуметтік кәсіпкерліктің бір субъектісі үшін 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейін құрайды және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегін есепке алмай есептеледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

  1. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады, оның 7 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.
  2. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
  3. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

 5-параграф. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

  1. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" (бұдан әрі – Өңірлік бағдарлама) бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу жергілікті бюджеттің микширленген қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

      Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау төтенше жағдай/төтенше жағдай енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Төтенше жағдай/төтенше ахуал енгізілген кезеңде субсидиялау шарттарын жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келіседі.
  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

       Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында, сондай-ақ Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары Өңірлік бағдарламаға қатысушылар болмайды.

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Өңірлік бағдарлама шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі бизнесті сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

  1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Дата публикации
15 апреля 2024