ЕРЕЖЕ

 

«Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

тал ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «08» тамыз № 266  қаулысына  № 2 қосымша

 

 

«Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   (бұдан әрі –әкімінің аппараты) мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі –округ әкімі) қызметін қамтамасыз ететін және оның өкілеттілігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесінің ведомстволары  жоқ.
  3. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041003, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы, Жамбыл көшесі № 43.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы- «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы ереже «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

 Егер «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1.   Мақсаттары:

 Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында, округтің экономикасын дамыту мен жетілдіруге, мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функциаларын жүзеге асыру, жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеу.

  1.  Өкілеттіктері:

     1) Құқықтары:

  • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

     2)  Міндеттері:

     2.1) Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

    2.2) «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

    2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:
  • жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
  • жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  • жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  • ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  • жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  • ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
  • мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  • Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
  • өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  • аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
  • мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
  • мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
  3. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысының орынбасары жоқ.
  4. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1)  «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа  да  ұйымдарда өз құзыреті шегінде әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы қарастырылмаған

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

 «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
27 февраля 2024