Ауылдық округ әкімі Тілеуғасым Әлішер 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап округ әкімі лауазымына сайланған.
Округтің аумағы 59870 га құрайды.
Округке 3 елді мекен кіреді, жалпы халық саны -1280 адам.
Алмалы ауылы округ орталығы болып саналады, тұрғылықты халық саны - 833 адам; Ақжар ауылында 165 адам, Дөңши ауылында 282 адам тұрады.
Округте 59 шаруашылық субъектісі бар.
Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 54487 га құрайды, оның ішінде 700 га шабындық, 53787 га жайылым.
Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған.
Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 160 шақырым (қатты жабынмен).
2G Билайн, Теле 2 байланысымен қамтылған.
Алмалы ауылында ауылдық аурухана, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, 3 дүкен, ауылдық округ әкімдігі, учаскелік полиция пункті орналасқан. Ақжар ауылында фельдшерлік пункт пен «Қазгидромет» АҚ гидрометеорология станциясы орналасқан. Дөңши ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істейді.
Алмалы ауылындағы Абай атындағы орта мектепте (1985 жылы санлынған) 135 бала оқиды.
| Мекенжай | Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылдық округі, Алмалы ауылы, Абай көшесі 6 |
| Индекс | 041000 |
| Телефон | +7(72834) 5-04-17 |
| kanbaktyco@zhetisu.gov.kz | |
| Қабылдауға жазылу | +7(72834) 5-04-17 |
| Өтініш беру |
eOtinish |





