Бәйшегір ауылдық округі бойынша 2026 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

   Бәйшегір ауылдық округі 1964 жылы құрылған. Ауылдық округке 3 елді мекен кіреді, 1 қаңтар бойынша жалпы халық саны 1168 адамды құрайды. Округтің аумағы 59870 га құрайды. Ауылдық округ аудан орталығынан 160 шақырым, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 210 шақырым қашықтықта орналасқан. Алмалы ауылы округ орталығы болып саналады.

Жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша кіріс құжаттар - 16, шығыс құжаттар - 37, ЭҚА немесе ОДО кіріс құжаттары-65, шығыс құжаттары-37.

     Бюджеттің орындалуы бойынша Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жылдық жалпы бюджеті 47 млн 111 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары – 13 0111 000 тенге, нақты орындалғаны 12 983 422 теңге, орындалу пайызы 99,8%.

         Ауыл шаруашылық  және мал шаруашылығы бойынша. Шаруа қожалықтар саны 52. Егістік жер – 94 гектар, Ауыл тұрғындарының жайылым  жер көлемі 5383 га. 

              Округ бойынша барлық М.І.Қ-8000 бас, қой, ешкі -8000 бас, жылқы 1750 басты құрап отыр. Бүгінгі күні сырғаланған төлдер ұсақ мал-1034 бас, бұзау-1122 бас. Жұқпалы ауруларды алдын алуы бойынша МІҚ-дан аусылға қарсы  7560 бас, қой-ешкі аусылға қарсы-2580 басқа екпе салынды. Ірі қара малдан -3240 бастан бруцеллез ауруына сынамаға қан алынды.

      Салық төлемдері бойынша    Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың тоқсандық жоспары 761 883  теңге, орындалғаны 2 845 481 теңге, орындалу пайызы- 373,5%.

            Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар: Бәйшегір ауылдық округі бойынша әскери қызметке шақырылған әскери міндеттілер саны 4 адам. Тізімде көрсетілген әскери шақырушыларды Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу мақсатында шақырту қағаздары толтырылып, таратылды. Аудандық Қорғаныс бөлімі мамандары тарапынан әскерге шақырылушы азаматтардың ата-аналарымен наурыз  айында кездесу өткізілді. Шақырылушы 4 азаматтың 3 әскерге шақырылушыға шақырту қағазы беріліп, құжаттары жинақталуда. 1 азамат денсаулығына байланысты кейінге шегерілді.

           Әлеуметтік сала Жыл басынан қоғамдық жұмысқа 13 жұмыссыз азамат қабылданды. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы – 2 отбасы (12 адам). Жыл басынан бері тұрақты жұмыспен 30 адам қамтылды.

Білім саласы бойынша  ауылдық округте  1 орта мектеп жұмыс істейді. 2025-2026 оқу жылын Абай атындағы орта мектеп 124 оқушымен бастады. Қазіргі таңда 124 оқушы. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 6. Биылғы оқу жылында мектеп бітіретін түлектер саны -15.

Мәдениет және спорт саласы. Округте қаңтар айында кітапханамен біріктірілген ауылдық мәдениет үйі мен спорт кешені нысандарының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрақты жұмыспен 23 адам қамтылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында күнделікті футбол, волейбол ойындарынан жаттығулар мен командалық жарыстар тұрақты өткізілуде. Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай волейболдан ерлер арасында округтер аралық турнирлер ұйымдастырылды. Округ бойынша көркемөнерпаздар байқауы мен тұрғындардың мереке күндерін кең ауқымда атап өту шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар, «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Алмалы ауылынан өрт сөндіру бекеті салынып, қолданысқа берілді. Тұрақты жұмыспен 7 адам қамтылды.

          Денсаулық саласы. Округте 1 ауылдық аурухана мен 2 медициналық пунк  жұмыс істеуде. Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар аурумен ауырғандар тіркелген жоқ.

          Елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалық.

     Бекітілген әкімшілік аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы кезінде 3 сенбілік және 3 таза сәрсенбі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, 5 тонна стихиялық қоқыс қалдықтары шығарылды.

          Үштөбе-Ақжар-Дөңши бағытындағы автокөлік жолының бойы қоқыстардан, жол жиегін арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.         

          Ауыл әкімдігі, спорт кешені, өрт сөндіру бекеті мен аурухана ауласына 100 түп алма ағашы егіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

          Қоғамдық тәртіп туралы  ағымдағы жылдың  1 тоқсан бойынша                            қылмыстық іс тіркелген жоқ.

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген. Жүйе бойынша 1 тоқсанда өтініш түскен жоқ. Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесімен 11 қабылдауы жүргізіліп, 15 азамат қабылданды.

          Ауыл әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 3 кездесу өтіп, жеке мәселелерімен 5 азамат қабылданды. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда. Жергілікті қоғамдастықтың 1 мәрте жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.

                                                             

 

 

 

 

Дата публикации
06 апреля 2026