Бәйшегір ауылдық округі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы уақытқа жоспарланған мәселелері туралы ақпарат

Бюджеттің орындалуы бойынша  Бәйшегір ауылдық округі әкімі

аппаратының жылдық бюджеті 69 464 000 теңге, нақты орындалғаны – 69 455 143

 тенге, орындалу пайызы 99,9%.

    Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық бюджеті 3 000 000 теңге,  орындалғаны 3 674 119 теңге, орындалу пайызы-122%.

    Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың  жылдық бюджеті 70 000

тенге, орындалғаны 69 707 теңге, орындалу пайызы-99,5%.

         Жеке табыс салығының жылдық бюджеті 1 500 000 теңге, орындалғаны

598 165 теңге, орындалу пайызы 39,9 %.

         Жыл басынан бері 25 келісім-шарт жасалды.

         Көше жарықшамдарын ауыстыруға 499 000 мың теңгеге «Q-print» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. 29 жарықшам ауыстырылды. Алмалы ауылы Абай көшесінің кіре беріс жолына 11 жарықшам, Дөңши ауылына кіре беріс жолға 22 дана жарықшам бағаны орнатылып, іске қосылды.

         Билборд әзірлеуге Дизайн + ЖК-мен 440 000 теңгеге келісім шарт жасалды.

         Санитарлық тазалық жұмыстарына 499 000 теңгеге келісім-шарт жасалды.

    Бекітілген әкімшілік аумақты аббаттандыру және көктемгі санитарлық тазарту айлығы кезінде 27 сенбілік және 20 таза сәрсенбі, 13 таза бейсенбі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп, 85 тонна стихиялық қоқыс қалдықтары шығарылды.

         Көгалдандыру жұмыстарына 267 000 теңгеге келісім-шарт жасалып,

200 түп жеміс ағашының көшеттері мен 10 қылқан жапырақты қарағай көшеті отырғызылды. Үштөбе-Ақжар-Дөңши бағытындағы автокөлік жолының бойы қоқыстардан тазартылды.

        «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 жеке кәсіпкер қаражаттарын толық алды. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес мал басын сатып алу, тіркеу  жұмыстар жүргізілуде.

        Қысқы мал азығын дайындау науқанына орай, тұрғындармен ақпарат-насихат жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтарының қысқа дайындығына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні қысқы науқанға 2500 тонна жем-шөп қоры жиналды, былтырғы жылдан қалған жем-шөп қалдығы 500 тонна.

         Әлеуметтік сала бойынша:

         2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша қоғамдық жұмысқа жоспардағы 15 орынға 18 жұмыссыз азамат қабылданды. (120%)

         «Жастар практикасына» жоспар бойынша 2 адам, орындалғаны 3 адам (150%).

         «Күміс жас» жобасы жоспар бойынша 5 адам, орындалғаны 5 адам (100%);

         Қысқа мерзімді оқуға 2 адам жоспарланып, 7 адам жіберілді (350%);

         Тұрақты жұмыспен қамту жоспары 50 адам, орындалғаны -15 адам, (30%).

         «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жоспар бойынша 1 адам, орындалғаны 2 адам, орындалу пайызы 200%);

         Әлеуметтік аз қамтылған және жалғызбасты 4 отбасына ауыл әкімдігі тарапынан 16 куб отын түсіріліп, 6 отбасына азық-түлік тегін таратылды, сонымен қатар, «А.Тоғайбаев» шаруақожалығы атынан 150 қап ұн (7,5 тонна) 150 отбасына таратылды.                            

         «Билайн» ұялы байланысының қуатын көтеру жөніндегі тұрғындардың өтінішіне орай, ұялы байланыстың қуаты 4G қуатына арттырылды.

         Білім беру саласы:

         Абай атындағы орта мектепке 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу жүйесі автономды, сұйық отын жылдық лимиті 32 тонна. Биылғы жылдың қаңтар айында мектепке жаңадан Buran boiler llp КВа-350 ЛЖ\Ги маркалы жылу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар, 71 млн теңгеге мектептің шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, мектептің электр жүйесіне жеке трансформатор орнатылды.

Денсаулық саласы бойынша:

          Алмалы ауылынан мердігер «ҚараталСтройСервис» ЖШС тарапынан 47 млн теңгеге ФАП құрылысы жүргізіліп, сәуір айында қолданысқа берілді.

Дөңши ауылынан мердігер «АстанаҚұрылыс» ЖШС тарапынан 117 млн 476 мың теңгеге медициналық пункт ғимаратының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Жыл басынан бері туберкулез, бруцеллез ауруымен тіркелгендер жоқ.

         Мәдениет саласы:

         Округте 1 стадион, 1 спорт зал, 1 шағын футбол алаңы, 3 балаларға арналған ойын алаңы орналасқан. Биылғы жылдың шілде айында ауылдық округтің аудан орталығынан шалғай орналасқандығы ескеріліп, аудан әкімдігі тарапынан ауыл әкімдігінің теңгеріміне жаңадан Газель маркалы жеңіл автокөлік алынды.

Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары өзіндік қаражат есебінен мердігер «Shine Project» ЖШС тарапынан жүргізіліп, қазан айында қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Алмалы ауылынан Мәдениет үйінің құрылысы  мен жеке кәсіпкер Бақытхан Ерғазының өзіндік қаражаты есебінен 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ветеринариялық пункт пен өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

           Алмалы ауылының Абай көшесіне демеушілер көмегімен 500 000 теңге қаражатқа ЛЭД экран орнатылып, іске қосылды.

          Мердігер «КазСтройСити» ЖШС тарапынан Алмалы ауылындағы Ә.Жайлығұлов көшесіне 23 968 000 теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Кілтбай, М.Әуезов, Мықтыбек батыр, Ә.Молдағұлова көшелеріне

жергілікті қаражат есебінен 6 млн теңгеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

          Алмалы ауылындағы Бәйшегір баба мешіті жанынан округ тұрғындарының демеушілігімен қатымхана құрылысы жүргізіліп, мешіт аумағы абаттандырылды.  

          Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай, Алмалы ауылынан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдері жазылған ескерткіш тақтаның құрылысы жүргізілді. Бөлінген қаражат көлемі 4 380 208 теңге. Мердігер «Jondew» ЖШС-гі.

          Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бойынша 47 жеке қабылдау өткізіліп, 49 адам қабылданды. Жеке қабылдауда болған барлық азаматтарға тиісті заң аясында ақпараттар берілді. Оның ішінде 20 азаматтың жеке мәселесі қанағаттандырылып, тиісінше 29 азаматқа түсініктеме берілді. Ауыл әкімі, округтегі мекеме басшыларының қатысуымен Алмалы және Ақжар ауылдарында  2 «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, қабылдауда болған 5 азаматтың жеке мәселесі қанағаттандырылды. Жеке және заңды тұлғалардан жыл басынан бері «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша 7 өтініш тіркеліп, ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес мерзімді әрі сапалы орындалуы қамтамасыз етілді. Ауыл әкімі аппаратының ҚР заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілері шығарылып тіркеу жұмыстары жүргізілді.

          Жыл басынан бері  округ әкімінің негізгі қызмет бойынша 61 өкімі мен жеке құрам бойынша 21 өкімі және 22 шешімі шығарылды.  

          «Е-архив» құжаттардың бірыңғай электронды архивіне 2021, 2022, 2023,2024, 2025 жылдардың іс номенклатуралары мен 2021 - 2025 жылдар аралығындағы ауыл әкімінің негізгі қызмет бойынша өкімдері мен шешімдері және 2021-2025 жылдар аралығындағы ауыл әкімінің тұрғандарымен өткізілген жиындарының хаттамалары 691  парақ сканерленіп, енгізілді.

          Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына, орай әр шаруашылық бойынша нақты деректерге салыстырма жүргізіліп, округтегі 3 елді мекен, 215 аула толығымен санақтан өтті (100%), 65 шаруа қожалығының 65-і санақтан өтті (100%).

         Мәдени іс-шараларды өткізу барысында 45 спорттық іс-шара мен   Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан Халықтарынның бірлігі күні, Жеңіс күні, Астана күні, ҚР Конституция күні, Қарттар күні, Республика күні мен ҚР Тәуелсіздігі күні мерекелеріне орай, мерекелік іс шаралар жоспарына сәйкес салтанатты шаралар ұйымдастырып өткізілді. Қаратал ауданының  2025 жылға арналған медиа-жоспары бойынша аудандық БАҚ-қа 4  мақала жариялымға шықты.

       2025 жылдың басынан бері  ауылдық округ бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ұсақ құқықбұзушылық бойынша 20 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

         

 

Бәйшегір ауылдық округінің әкімі                                  А.Тлеуғасым

Дата публикации
06 января 2026