Бәйшегір ауылдық округі 1964 жылы құрылған. Ауылдық округке 3 елді мекен кіреді, 1 қаңтар бойынша жалпы халық саны 1168 адамды құрайды. Округтің аумағы 59870 га құрайды. Ауылдық округ аудан орталығынан 160 шақырым, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 210 шақырым қашықтықта орналасқан. Алмалы ауылы округ орталығы болып саналады.
Жоғарғы тұрған органдардан түскен құжаттар мен құжат айналымы бойынша кіріс құжаттар - 63, шығыс құжаттар -95 , ЭҚА немесе ОДО кіріс құжаттары-39, шығыс құжаттары-0
Бюджеттің орындалуы бойынша Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жылдық жалпы бюджеті 46 млн 777 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары - 11 694 250 тенге, нақты орындалғаны 9 662 287,11 теңге, орындалу пайызы 83% (4-20 формасы қосымшада) .
Ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша. Шаруа қожалықтар саны 52. Егістік жер – 94 гектар, Ауыл тұрғындарының жайылым жер көлемңі 5383 га.
Округ бойынша барлық М.І.Қ-8000 бас, қой, ешкі -8000 бас, жылқы 1750 басты құрап отыр. Бүгінгі күні сырғаланған төлдер ұсақ мал-1304 бас, бұзау-233 бас. Жұқпалы ауруларды алдын алуы бойынша МІҚ-дан аусылға қарсы 7560 бас, қой-ешкі аусылға қарсы-1890 басқа екпе салынды. Ірі қара малдан -1200 бастан бруцеллез ауруына сынамаға қан алынды.
Округ бойынша пайдаланылмайтын 1250 га жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне хат жолданды, бүгінгі күні округтің жайылымдық жерлерінің шекарасын анықтау үшін жерлердің картасына тапсырыс берілді.
Салық төлемдері бойынша Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың тоқсандық жоспары 700 000 теңге, орындалғаны 1 661 041,68 теңге, орындалу пайызы-237%.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың тоқсандық жоспары 15 000 тенге, орындалғаны 2618 теңге, орындалу пайызы-17%.
Жеке тұлғалардың көлік салығының берешектері (недоимка) бойынша 2024 жылға көлік салығын төлемеген жеке тұлғалар саны 3 адам. Соның ішінде 3 жеке тұлғаға 3 рет салық бұйрықтары таратылды. Жалпы тізімдегі 27 жеке тұлғаның 24-і салығын төледі. Берешек қарыз 329 353 теңге. Жұмыстар жалғасуда.
Әскери міндеттілермен атқарылып жатқан жұмыстар: Бәйшегір ауылдық округі бойынша әскери қызметке шақырылған әскери міндеттілер саны 7 адам. Тізімде көрсетілген әскери шақырушыларды Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу мақсатында шақырту қағаздары толтырылып, таратылды. Аудандық Қорғаныс бөлімі мамандары тарапынан әскерге шақырылушы азаматтардың ата-аналарымен ақпан айында кездесу өткізілді. Шақырылушы 7 азаматтың 3-і оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатындықтан, оқу орындарынан анықтамалары алынып, әскерге шақыру жұмыстары кейінге шегерілді. 1 азаматтың денсаулығына орай шақырту кейінге қалдырылды қалған 3 әскерге шақырылушыға шақырту қағазы беріліп, құжаттары жинақталуда.
Әлеуметтік сала Жыл басынан қоғамдық жұмысқа 8 жұмыссыз азамат қабылданса, «Жастар практикасына» жоспар бойынша 2 адам, «Күміс жас» жобасына жоспар бойынша 3 адам, 2 шаруа қожалығына қатысу үшін тапсырыс берілді. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы – 1 отбасы (7 адам).
Білім саласы бойынша ауылдық округте 1 орта мектеп жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылын Абай атындағы орта мектеп 132 оқушымен бастады. Қазіргі таңда 131 оқушы. 1-сыныпқа қабылданған оқушы саны - 5. Биылғы оқу жылында мектеп бітіретін түлектер саны -11. Абай атындағы орта мектептің жылыту жүйесінің пешінің қуаты жылыту ауданына сәйкес келмеуі себепті, жылу қуаты жоғары пешке ауыстырылды.
Мәдениет және спорт саласы. Округте 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана орналасқан. Кітап қоры-13430. Салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында күнделікті футбол, волейбол ойындарынан жаттығулар мен командалық жарыстар тұрақты өткізілуде. Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай волейболдан ерлер арасында округтер аралық турнирлер ұйымдастырылды. Округ бойынша көркемөнерпаздар байқауы мен тұрғындардың мереке күндерін кең ауқымда атап өту шаралары ұйымдастырылып, өткізілді.
Денсаулық саласы. Округте 1 ауылдық аурухана мен 2 медициналық пунк жұмыс істеуде. Алмалы ауылында амбулатория ғимаратының құрылысы, Дөңши ауылында медициналық пункт ғимараттарының құрылыс жұмыстарының өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуі мен құрылыс сапасы бақылауда ұсталды. Есепті кезең бойынша әлеуметтік
Елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалық.
Бекітілген әкімшілік аумақты аббаттандыру және санитарлық тазарту айлығы кезінде 3 сенбілік және 3 таза сәрсенбі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, 10 тонна стихиялық қоқыс қалдықтары шығарылды. «Q-print» ЖШС тарапынан 544 000 теңгеге Алмалы, Ақжар және Дөңши ауылдарындағы істен шыққан 32 дана көше жарықшамдары ауыстырылып, уақыт рельесі орнатылды. Алмалы ауылының Абай көшесіне 49 000 теңгеге мерекелік жалаушалар орнатылды.
Үштөбе-Ақжар-Дөңши бағытындағы автокөлік жолының бойы қоқыстардан, жол жиегін арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Ауыл әкімдігі кеңсесінің ауласына ағаш егу, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық тәртіп туралы ағымдағы жылдың 1 тоқсан бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген. Жүйе бойынша 1 тоқсанда өтініш түскен жоқ. Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесімен 9 қабылдауы жүргізіліп, 9 азамат қабылданды. Жеке мәселе
Ауыл әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 3 кездесу өтіп, жеке мәселелерімен 6 азамат қабылданды. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда. Жергілікті қоғамдастықтың 1 мәрте жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Бәйшегір ауылдық округінің әкімі А.Тлеуғасым