"Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-ң 2024 жылдағы қызмет қорытындысы

 

  1. Бюджеттің орындалуы бойынша Бәйшегір ауылдық округі әкімі

аппаратының жылдық бюджеті 47 859 000 теңге.   2024 жылдың 11 айында бюджеттің орындалу жоспары- 47 394 000 тенге, нақты орындалғаны 44 280 323 тенге, орындалу пайызы 93,4%.

    Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық жоспары 2 300 000 теңге,  орындалғаны 2 886 479 теңге, орындалу пайызы-125,5 %.

    Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың жылдың жоспары                

100 000 тенге, орындалғаны 67 474 теңге, орындалу пайызы-67,5 %.

         Жеке табыс салығының жылдың жоспары- 600 000 теңге,

орындалғаны 1 261 648 теңге, орындалу пайызы 210,3 %.

         Жыл басынан 42 келісім шарт жасалды.

    Көше жарықшамдарын ауыстыруға 500 мың теңге бөлінді. 447 мың теңгеге JK AiBORI ұтып, келісім шарт жасалды. 9 жарықшам ауыстырылып, Абай көшесінің жарық жүйесіне жөндеу жұмыстары мен уақыт рельесі орнатылды.

    Бекітілген әкімшілік аумақты аббаттандыру және көктемгі санитарлық тазарту айлығы кезінде 18 сенбілік және 18 таза сәрсенбі, 7 таза бейсенбі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп, 35 тонна стихиялық қоқыс қалдықтары шығарылды.

Округте орналасқан мекемелер аулаларына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 200 түп жеміс ағашының көшеттері мен 50 түп гүл көшеті отырғызылды. Үштөбе-Ақжар-Дөңши бағытындағы автокөлік жолының бойы қоқыстардан тазартылды.

          011 бағдарлама бойынша  Дөңши ауылының кіре беріс жолға (800 м) қиыршық тас төсеуге 12 000 000 теңге бөлініп, 11 010 000 теңгеге «Қали Сабира» жеке кәсіпкерлігі ұтып, келісім шарт жасалып, тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

          Билборд әзірлеуге Дизайн+ ЖК-мен 390 мың теңге, мерекелік безендіруге 180 мың теңгеге келісім шарт жасалды.

          Алмалы ауылындағы І.Жансүгіров көшесіне (605 м) орташа жөндеу жұмыстары 25 985 000 теңгеге жүргізілді.

          Алмалы ауылындағы Абай көшесіне шұңқырлы жөндеу, төменгі жағына орташа жөндеу жұмыстары мен кіре беріс көпірге жөндеу жұмыстары демеушілер көмегімен жүргізіліп, аяқталды.

          Алмалы ауылындағы Ә.Жайлығұлов көшесіне демеушілер тарапынан 580 000 теңгеге 12 дана көше жарықшамдары орнатылды.

           Алмалы ауылындағы Бәйшегір баба мешіті жанынан округ тұрғындарының демеушілігімен қатымхана құрылысы жүргізіліп, мешіт аумағы қоршалды.

          Ауыл шаруашылығы саласы:

          Жауапкершілігі шектеулі серіктестік саны – 1, тіркелген шаруа қожалықтарының саны-52, оның ішінде жұмыс жасап тұрған шаруа қожалықтарының саны – 42. Жеке кәсіпкерлер саны -5.

          Округ бойынша 8000 бас ірі қара, 9000 бас қой,ешкі, 1750 бас жылқы тіркелген. Етті бағыттағы мал басының әлеуетін арттыру бағдарламасы бойынша 19 шаруа қожалығы мемлекеттен субсидия алуда.

           Күзгі дала жұмыстары:  Округтегі «Темірқазық» ЖШС тарапынан 160 га суармалы жерге тамшылатып суғару әдісімен 160 га күнбағыс дақылы егіліп, әр гектардан 20 центнерден өнім жиналды.

           Әлеуметтік сала бойынша:

          2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша қоғамдық жұмысқа жоспардағы 20 орынға 20 жұмыссыз азамат қабылданды. (100%)

         «Жастар практикасына» жоспар бойынша 2 адам, орындалғаны 4 адам (200%).

         «Күміс жас» жобасы жоспар бойынша 2 адам, орындалғаны 4 адам (200%);

          Қысқа мерзімді оқуға 2 адам жоспарланып, 8 адам білім алды (400%);

          Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша жоспарда 2 адам, орындалғаны 2 адам. (100%)

          Барлық белсенді шаралармен қамту жоспары 75 адам, орындалғаны 75 адам, тұрақты жұмыспен қамтылды.

         Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы – 1 отбасы (8 адам), зейнеткерлер саны -115, 1-2 топ мүгедектері – 15 адам, көп балалы отбасы саны-19.

         «Алтын алқа» иегері 15 ана, «Күміс алқа» иегері -7 ана.

         Биылғы жылы «Алтын алқа» наградасына 2 ананың құжаттары жинақталуда.

         Әлеуметтік аз қамтылған және жалғызбасты 4 отбасына ауыл әкімдігі тарапынан 24 куб отын түсіріліп, 6 отбасына азық-түлік тегін таратылды. «Тоғайбаев Ж» ШҚ тарапынан Алмалы, Дөңши ауылдарының тұрғындарына 7,5 тонна ұн  (150 қап) тегін таратылды.

         Отбасының цифрлық картасы бойынша Д  категориясы бойынша 54 отбасы анықталып, бүгінгі күнде 33 отбасы қалды. Оның ішінде 5–і зейнеткер, округте тұрмайтындар саны 6 азамат, қайтыс болғандар саны-3, мектеп жасындағы оқушылар мен студенттер саны-2 адам. Тіркеуде тұрмайтын 2 азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелді, Құжаттары жарамсыз 2 азаматтың жеке куәліктері қайта жасалды. МӘМС төленбеген Д категориясында 17 адамның 3-нің жарнасы төленді. Е категориясы бойынша 8 отбасы анықталса, бүгінгі күнде 7 отбасы қалды. Аталған категориялардың басым көпшілігі мерзімі өткен несие қарыздары бойынша берешегі бар.

         Білім беру саласы:

         «Абай атындағы орта мектеп» КММ-сі 1985 жылы іргетасы қаланған,  жобалық сыйымдылығы 450 орындық. Мектепте 40  балаға арналған 1 топтық шағын орталық және 20 балаға 1 мектеп алды даярлық сыныбы бар. Жылыту жүйесі  - автономды. 1-11 сыныптарда барлығы 135 оқушы білім алады, ұстаздар саны 28.

         Мектепке 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы мектептің сыртқы қоршауы ауыстырылды. Қазіргі уақытта мектептің шатыры мен фойесінің еденінің тозуы себепті ауыстыруды қажет етеді.

Мектепте: 4 кабинетке интерактивті тақта орнатылған, 1 steam мультимедиялық кабинет және 2 жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған. 1 компьютерге – 1,7 оқушыдан келеді, интернетке қосылған.

Дөңши ауылынан 40 оқушы Алмалы ауылындағы орта мектепке автобуспен қатынап оқиды. Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 14 оқушыға 300 мың теңгеге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша 1-сыныпқа барған 6 оқушыға демеушілер тарапынан оқу құралдары салынған сөмкелер таратылды. (80 мың теңге)

Денсаулық саласы бойынша:

Округ бойынша 1  ауылдық аурухана мен 2 фельдшерлік пункт жұмыс істейді.

  1. Алмалы ауылдық ауруханасы 1978 жылы салынған, типтік үлгіде салынған. Мекемеде 2 дәрігер мен 11 орта білімді медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

          Бүгінгі күнде Алмалы ауылынан мердігер «ҚараталСтройСервис» мекемесі тарапынан 47 млн 040 мың теңгеге фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қолданысқа берілу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айының соңы.

  1. Ақжар ауылындағы фельдшерлік пункт 1985 жылы типтік үлгіде салынған. Онда 1 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Ғимарат жаңа үлгідегі талаптарға сай.
  2. Дөңши ауылындағы фельдшерлік пункт ғимараты 1977 жылы жапсарлас болып салынған. 1 орта буын медициналық қызметкер жұмыс істейді.

         Дөңши  ауылынан   мердігер   мекеме  «Астана Құрылыс»   ЖШС     тарапынан  123 млн 200 мың теңгеге жоба бойынша медициналық пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары өтпелі.

         Округ бойынша 2024 жылы 14 нәресте дүниеге келіп, 6 адам қайтыс болды. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, туберкулез, бруцеллез ауруларымен ауырған азаматтар тіркелген жоқ. Адам папилломасы вирусына қарсы 11-13 жас аралығындағы жеткіншек 21 қыздың 12-не екпе егілді, 9 қыз балаға ата-анасының қарсы болуынан егілмеді. Медицина қызметкерлері мен ауыл әкімдігі тарапынан ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

         Мәдениет саласы:

2024 жылы округте мәдениет үйі жоқ. 1 ауылдық  кітапхана бар.

1 стадион, 1 спорт залдар, 1 мини футболға арналған алаң, 2 балаларға арналған ойын алаңы орналасқан.

         Жыл сайын дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдардың саны ұлғайып, қазіргі уақытта адамдар саны 372 немесе 29 % құрайды.        

         Бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында 35 спорттық іс-шара (футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату) мен 10 мәдени, ақпараттық-танымдық іс-шаралар, оның ішінде облыстық әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе 1 шара өткізіліп, Қаратал ауданының  2024 жылға арналған медиа-жоспары бойынша аудандық БАҚ-қа 4 мақала жариялымға шықты. Мерекелік іс-шаралар уақтылы әрі тұрақты, жоспарға сай ұйымдастырылуда. Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекелеріне орай мерекелік шаралар кең ауқымда ұйымдастырылып, мәдени, спорттық шаралар ұсынылды. Қарттар күні мерекесіне орай ауыл қарттарына мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарламалар ұсынылды.

  • жылы Алмалы ауылынан блокты-модульді құрылғыдан ауылдық клуб

ғимаратын орнатуға 125 000 000 теңгеге мердігер «ЭНОК» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталды, құрылыс жұмыстары өтпелі. Пайдалануға беру мерзімі 2025 жыл.

Қоғамдық тәртіп сақтау

Округте  1 тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті орналасқан, 2 учаскелік инспектор қызмет етеді, 1 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері қылмыстық іс тіркелген жоқ.

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне негізделген, азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілген. Жүйе бойынша 6 өтініш түсіп, орындалды. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізінде өтініштердің жауаптары заңға сәйкес екі тілде берілуде.

          Аудан әкімінің желілік кестесіне сәйкес округке қарасты 3 елді мекендерде ауыл тұрғындарымен 6 кездесу өтті. Жыл басынан жеке қабылдау барысында 32 азамат қабылданды. Кездесудегі көтерілген өзекті мәселелер бүгінгі күні оң шешімін табуда. Жергілікті қоғамдастықтың 4 мәрте жиналысы, Ақсақалдар алқасының 3 жиыны, Аналар кеңесінің 3 жиыны ұйымдастырылып өткізілді.

          Ауылдық округ әкімінің негізгі қызмет бойынша 42 өкімі, жеке құрам бойынша 29 өкімі мен 8 шешім шығарылды.

           Округтегі 3 елді мекен Алтел, Билайн ұялы байланысымен қамтылған, алайда қуаты өте төмен.

 

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

  1. Алмалы ауылындағы Мықтыбек батыр (405 м) көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құжаттамасы әзірленуде.
  2. Алмалы ауылынан спорттық сауықтыру кешенін салу. Сметалық құжаттамасы жоқ.
  3. Алмалы ауылы Абай көшесінің төменгі жағына 500 м жолға жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. Сметалық құжаттамасы әзірленуде.
  4. Алмалы ауылынан Мәдениет үйінің құрылысын аяқтау. Сметалық құжаттамасы бар.
  5. Алмалы ауылынан ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш тақта орнату. Сметалық құжаттамасы әзірленуде.
  6. Алмалы ауылынан ветеринариялық пункт ғимаратының құрылысын жүргізу.
  7. Алмалы ауылындағы Абай атындағы орта мектептің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  8. Дөңши ауылының кіре беріс 750 м жолына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. Сметалық құжаттамасы әзірленуде.
  9. Дөңши ауылындағы Ә.Қашаубаев (500 м) көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Дата публикации
14 января 2025