Ауылдық округ әкімінің 2024 жылға бекітілген жоспары бойынша округ тұрғындарымен 3 есепті кездесуі өткізіліп, 9 азамат жеке мәселелері бойынша қабылданды. Хаттамалар толтырылып, іс-қимыл жоспары бойынша әр тоқсан сайын орындалуы бақылауға алынып, есеп берілді. «Қаратал ауданының Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің жылдық жалпы бюджеті 36 млн 440 мың теңге. Тоқсандық бюджеттік қаражатын игеру бойынша І-тоқсанда бюджеттің орындалу жоспары - 9 млн 851 мың тенге, нақты орындалғаны 9 млн 603 мың тенге, орындалу пайызы 97,5% (4-20 формасы қосымшада). Салықтармен жұмыс: Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың тоқсандық жоспары 300 мың теңге, орындалғаны 2 848 878 теңге, орындалу пайызы 945% Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың тоқсандық жоспары 40 мың тенге, орындалғаны 11 465 теңге, орындалу пайызы 28% Жеке табыс салығының тоқсандық жоспары- 200 мың теңгеден 2 395 218 теңге орындалды, орындалу пайызы 1197% Бекітілген әкімшілік аумақты аббаттандыру және көктемгі санитарлық тазарту айлығы кезінде 3 сенбілік және 3 таза сәрсенбі өткізіп, стихиялық қоқыс қалдықтарын шығаруд уақытылы ұйымдастырылды. Бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында 12 мәдени іс-шара мен 2 ақпараттық танымдық іс-шаралар өткізіліп, Қаратал ауданының 2024 жылға арналған МЕДИА-ЖОСПАРЫ бойынша аудандық БАҚ-қа 2 мақала жарияланды. Жеке және заңды тұлғалардан «Е-Өтініш» бағдарламасы арқылы 2 жазбаша өтініші мен 2 ауызша өтініш тіркелді және уақтылы орындалуы қамтамасыз етілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы саны -1. Ауыл әкімі аппаратының нормативтік-құқықтық актілерінің заң шеңберінде шығарылып, тіркеу жұмыстары жүргізілді. Округ әкімінің негізгі қызмет бойынша 19 өкімі мен жеке құрам бойынша 5 өкімі, 3 шешімі шығарылды. Ай сайын НҚА есебі берілді. Тұрғылықты жері және отбасы құрамы туралы 34 анықтама, мал тасымалы туралы 45 анықтама берілді.