Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде қаңтар-маусым айлары аралығында «Е-GOV» порталының өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышынан, ауыл тұрғындары 358 әр –түрлі анықтамалар алды. 76 ауыл тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Е Өтініш» , «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 19 өтініш түсіп, толығымен қанағаттандырылды. Жыл бойына 43 шешім, 135 өкім шығарылды. Жалпы жыл басынан тұрғындармен – 10 рет есеп беру кездесулер өтті: Аудан әкімінің Көкпекті ауылында -1 кездесуі, Айту ауылында 1 кездесуі және округ әкімінің Көкпекті ауылында-2 рет, Қожбан – 2 рет, Жасталап – 2 рет, Айту ауылында- 2 рет.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Округте 4200 ірі-қара, 20800 ұсақ мал, 1900 жылқы, 9029 шошқа, 4600 құс бар. Жоспар бойынша егілген өнім: Жүгері- 240 га, қант қызылшасы- 15,5 га, майбұршақ -10 га, картоп-45 га, бақша дақылдары -80 га, көкөніс 105 га, көп жылдық шөп -355 га. Күзгі дала жұмыстарына дайындық бойынша 41 трактор, 6 сепкіш, 15 тырма, 4 тегістегіш, 26 соқа тіркелген, жеңілдетілген жанар-жағармай 2 шаруа қожалығы алды.
Бюджеттің орындалуы туралы;
"Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған 37 миллион 594 мың теңгені қаражатын толық игеру бойынша іс-шараларды іске асырылуда. Оның ішінде салық түсімдерін қадағалау Клиент-Қазынашылық бағдарламасына бөлінген қаражатты енгізіп электронды шот-фактура және қағаз шот-фактурасы арқылы 1С бағдарламасына енгізіп төлемдер жүргізуде.
Салық төлемдері туралы
|
Салық түрлері |
2025 жылға берілген жоспар, теңге |
Жиналғаны, теңге |
Орындау пайызы |
|
Жер-мүлік салығы |
194000 |
194600 |
102,4 |
|
Көлік салығы (жеке тұлға) |
3200000 |
3651500 |
114,1 |
2025 жыл аралығындағы берешегі бар 74 көлік иелеріне хабарлама таратылып, 68 көлік иесі салықтарын төледі. қалған 6 тұрғындармен заң шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді және уәкілетті органға хабарланды.
Білім саласы:Округте 1 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп бар. Округте 178 оқушы, 43 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде «Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебімен» КММ – оқушылар саны – 127, мұғалімдер – 41, Құлжабай батыр атындағы орталау мектебінде оқушы саны – 50 оқушы, мұғалімдер – 16. 2025-2026 оқу жылдары аралығында – 5 оқушы мектеп бітіреді. 5 оқушы ҰБТ – қатысады. Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Денсаулық саласы: Ауылдық округте 1 ФАП, 3 ФП жұмыс істейді. Қызметкерлер саны – 4 . Жыл басынан округте 12 сәби дүниеге келіп, 6 адам қайтыс болды. Спид, туберкулез, бруцелез, эхинококкоз, және тағы басқа жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Қоғамдық тәртіп сақтау бойынша Округке қарасты Айту би ауылдық округінде 1 учаскелік полиция қызметкері қызмет атқаруда. 3 тоқсанның қортындысы бойынша қылмыс тіркелмеген. Жалпы – 19 хаттама толтырылды. Арнайы бекітілген әкімшілік қызметкерлерімен учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе 8 рейд жұмыстары жүргізілді. Үштөбе - Жасталап автокөлік жолында заңсыз түрде құм тасымалдайтын Камаз автокөлік иелеріне округтің учаскелік инспекторы тарапынан аталған жол учаскесінде 2 мәрте рейд жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округ бойынша жыл басынан қараусыз жүрген малдардың иелеріне ҚР ӘҚБтК 408 бабы 1 бөлігімен 10 тұрғынға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Округ бойынша мал ұрлығы фактісі тіркелген жоқ.
Мәдениет және спорт саласы: Көкпекті ауылында 1 мәдениет үйі мен 1 кітапхана орналасқан. Кітап қоры - 4725 дананы құрайды. Округ бойынша 1 стадион, 3 мектеп ішіндегі ойын залдары бар. Қаңтар-қараша айларында округ бойынша – 23 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінде ауданаралық волейболдан балалар мен жасөспірімдер арасында турнир өткізілді. Әр – түрлі іс шараға қатысты 8 үгіт материалдары жаңартылып ілінді.
Тазалық жұмыстары: Округ бойынша Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстарына жалпы 581 адам қатысты. Көкпекті ауылынан 280 адам, Қожбан ауылынан – 92 адам, Жасталап ауылынан – 122 адам, Айту ауылынан – 87 адам. Жалпы 26 тонна қоқыс шығарылды. 80 көшет отырғызылды. Тазаланған автомобиль жол бойлары 19 шақырым, арық жүйелері 1,5 шақырым. 4 елді мекен бойынша барлығы 19 көше бар, барлығы толықтай тазаланды. Көкпекті, Жасталап ауылдарына 50 түп қарағай көшеттері егілді.
Әлеуметтік сала: Округ бойынша жыл басынан 20 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 15 адам жұмыс атқаруда. Қысқа мерзімді оқуға жазылғандар 4 адам, Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны – 1. «Күміс жас» жобасымен – 11 адам қатысуда. Ауылдық округтің беделді азаматтары мен жеке кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» жобасы аясында 58 отбасыға әр – түрлі қайрымдылық көмектер көрсетілді.
Инвестиция бойынша: 2025-2026 жылдары жүзеге асырылатын инвестжобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда «Аққара» ЖШС –нің тарапынан 300 гектар қант қылшасын тамшылатып суғару арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда, жоба құны 500 млн теңге. 2025 жылға 108,5 га қант қызылшасын екті.
2026 жылғы жобалар:
Округ әкімі М.Сағатбеков