Қаратал ауданы әкімі
аппаратының басшысы
А.Қасымжановқа
Айту би ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында атқарылған жұмыстарының есебі
Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде қаңтар-наурыз айлары аралығында «Е-GOV» порталының өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышынан, ауыл тұрғындары 27 әр –түрлі анықтамалар алды. 29 ауыл тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Е Өтініш» , «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 6 өтініш түсіп, толығымен қанағаттандырылды. Қаңтар-наурыз айлары аралығында 3 шешім, 48 өкім шығарылды. Жалпы жыл басынан тұрғындармен – 5 рет есеп беру кездесулер өтті: Аудан әкімінің Көкпекті ауылында -1 кездесуі, округ әкімінің Көкпекті ауылында-1 рет, Қожбан – 1 рет, Жасталап – 1 рет, Айту ауылында- 1 рет.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Округте 5570 ірі-қара, 28350 ұсақ мал, 2136 жылқы, 9029 шошқа, 4260 құс бар. Жоспар бойынша егілетін өнім: Жүгері- 270 га, қант қызылшасы- 18 га, майбұршақ -20 га, картоп-20 га, бақша дақылдары -90 га, арпа -50 га, жаздық бидай -5 га, көкөніс 35 га, көп жылдық шөп -850 га. Ауылдық округ бойынша 2700 бас жануарлары (төлдерді) бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Күзгі дала жұмыстарына дайындық бойынша 39 трактор, 6 сепкіш, 15 тырма, 4 тегістегіш, 26 соқа тіркелген, жеңілдетілген жанар-жағармай алу үшін 2 шаруа қожалығы келісім шартқа отырды. Көкпекті, Қожбан, Айту ауылдары маңынан 46 тұрғынға бау –бақшалыққа 1 гектардан жер бөлініп берілді.
Бюджеттің орындалуы туралы;
"Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған 37 миллион 594 мың теңгені қаражатын толық игеру бойынша іс-шараларды іске асырылуда. Оның ішінде салық түсімдерін қадағалау Клиент-Қазынашылық бағдарламасына бөлінген қаражатты енгізіп электронды шот-фактура және қағаз шот-фактурасы арқылы 1С бағдарламасына енгізіп төлемдер жүргізуде.
Салық төлемдері туралы
|
Салық түрлері |
1-3 айларға берілген жоспар, теңге |
Жиналғаны, теңге |
Орындау пайызы |
|
Жер-мүлік салығы |
250000 |
0 |
0 |
|
Көлік салығы (жеке тұлға) |
1400000 |
152800 |
10,9 |
2024 жыл аралығындағы берешегі бар 74 көлік иелеріне хабарлама таратылып, 59 көлік иесі салықтарын төледі. қалған 12 тұрғындармен заң шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді және уәкілетті органға хабарланды.
Білім саласы:Округте 1 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп бар. Округте 178 оқушы, 43 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде «Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебімен» КММ – оқушылар саны – 127, мұғалімдер – 41, Құлжабай батыр атындағы орталау мектебінде оқушы саны – 24 оқушы, мұғалімдер – 16. 2024-2025 оқу жылдары аралығында – 11 оқушы мектеп бітіріп. 11 оқушы ҰБТ – қатысады.
Денсаулық саласы:
Ауылдық округте 1 ФАП, 3 ФП жұмыс істейді. Қызметкерлер саны – 4 . Жыл басынан округте 2 сәби дүниеге келіп, қайтыс болған адам жоқ. Спид, туберкулез, бруцелез, эхинококкоз, және тағы басқа жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Қоғамдық тәртіп сақтау бойынша
Округке қарасты Айту би ауылдық округінде 1 учаскелік полиция қызметкері қызмет атқаруда. 1 тоқсанның қортындысы бойынша қылмыс тіркелмеген. Жалпы – 7 хаттама толтырылды. Арнайы бекітілген әкімшілік қызметкерлерімен учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе 4 рейд жұмыстары жүргізілді. Үштөбе - Жасталап автокөлік жолында заңсыз түрде құм тасымалдайтын Камаз автокөлік иелеріне округтің учаскелік инспекторы тарапынан аталған жол учаскесінде 2 мәрте рейд жұмыстарын жүргізді. Мәдениет және спорт саласы:
Көкпекті ауылында 1 мәдениет үйі мен 1 кітапхана орналасқан. Кітап қоры - 4725 дананы құрайды. Округ бойынша 1 стадион, 3 мектеп ішіндегі ойын залдары бар. Қаңтар-наурыз айларында округ бойынша – 12 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінде ауданаралық волейболдан балалар мен жасөспірімдер арасында турнир өткізілді. Округ бойынша 450 тұрғынның қатысуымен Науыз мейрамы аталып өткізілді.
Әр – түрлі іс шараға қатысты 6 үгіт материалдары жаңартылып ілінді.
Тазалық жұмыстары: Округ бойынша Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстарына жалпы 165 адам қатысты. Көкпекті ауылынан 62 адам, Қожбан ауылынан – 20 адам, Жасталап ауылынан – 51 адам, Айту ауылынан - 32 адам. Жалпы 9 тонна қоқыс шығарылды. 185 көшет отырғызылды. Тазаланған автомобиль жол бойлары 19 шақырым, арық жүйелері 11 шақырым. 4 елді мекен бойынша барлығы 19 көше бар, барлығы толықтай тазаланды. Көкпекті, Жасталап ауылдарына 50 түп қарағай көшеттері егілді.
Әлеуметтік сала: Округ бойынша жыл басынан 19 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 19 адам жұмыс атқаруда. Қысқа мерзімді оқуға жазылғандар 5 адам, Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны – 3. «Күміс жас» жобасымен – 12 адам қатысуда. Ауылдық округтің беделді азаматтары мен жеке кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» жобасы аясында 18 отбасыға әр – түрлі қайрымдылық көмектер көрсетілді.
Инвестиция бойынша: 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын инвестжобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда «Аққара» ЖШС –нің тарапынан 300 гектар қант қылшасын тамшылатып суғару арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда, жоба құны 500 млн теңге.
Округ әкімі М.Сағатбеков