Айту би ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша
АҚПАРАТ
Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде қаңтар-наурыз айлары аралығында «Е-GOV» порталының өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышынан, ауыл тұрғындары 47 әр –түрлі анықтамалар алды. 15 ауыл тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Е Өтініш» , «Е Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 32 өтініш түсіп, толығымен қанағаттандырылды. 1 тоқсанда 1 шешім, 61 өкім шығарылды. Жалпы жыл басынан тұрғындармен – 4 рет есеп беру кездесулер өтті: олар Көкпекті ауылында-1 рет, Қожбан – 1 рет, Жасталап – 1 рет, Айту ауылында- 1 рет.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Округте 4720 ірі-қара, 20629 ұсақ мал, 1754 жылқы, 6940 шошқа, 9960 құс бар. Жоспар бойынша егілетін өнім: Жүгері – 395 га , қант қызылшасы- 50 га, майбұршақ – 10 га, картоп – 20 га, бақша дақылдары- 20 га, арпа – 100 га, жаздық бидай – 5 га, көкөніс – 100 га, көп жылдық шөп – 743 га. Ауылдық округ бойынша 1800 бас жануарларды (төлдерді) бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша 37 трактор, 5 сепкіш, 15 тырма, 4 тегістегіш, 26 соқа тіркелген, жеңілдетілген жанар-жағармай алу үшін 7 шаруа қожалығы келісім шартқа отырды. Тыңайтқышқа 8 шаруа қожалығы 27,5 тонна селитра, 0,5 тонна аммофосқа өтініш берілді. Көкпекті, Қожбан, Айту ауылдары маңайынан 45 тұрғынға бау- бақшалыққа 1 гектардан жер бөлініп берілді.
Бюджеттің орындалуы туралы;
"Айту би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын уақытылы орындалды.
«Айту би ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2024 жылдың 1 тоқсанына бөлінген бюджеті - 37 594 000 млн теңгені құрады, 10 млн 677 мың теңге игерілді. 2024 жылдың 2 тоқсанына бюджеттің орындалуы 35 пайыз.
Салық төлемдері туралы
|
Салық түрлері |
1 тоқсанға берілген жоспар, теңге |
Жиналғаны, теңге |
Орындау пайызы |
|
Жер-мүлік салығы |
20000 |
32600 |
163,0 |
|
Көлік салығы (жеке тұлға) |
250000 |
1303300 |
321,8 |
2023 жыл аралығындағы берешегі бар 12 көлік иелеріне заң шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді және уәкілетті органға хабарланды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қалдықтардың орындалуын болжамдап отырмыз.
Білім саласы:Округте 1 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп бар. Округте 178 оқушы, 43 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде «Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебімен» КММ – оқушылар саны – 127, мұғалімдер – 41, Құлжабай батыр атындағы орталау мектебінде оқушы саны – 24 оқушы, мұғалімдер – 16. 2023-2024 оқу жылдары аралығында – 8 оқушы мектеп бітіреді.
Денсаулық саласы:
Ауылдық округте 1 ФАП, 3 ФП жұмыс істейді. Қызметкерлер саны – 4 . Жыл басынан округте 5 сәби дүниеге келіп, 4 адам қайтыс болды. Спид, туберкулез, бруцелез 1 адам ,эхинококкоз, және тағы басқа жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Қоғамдық тәртіп сақтау бойынша
Округке қарасты Айту би ауылдық округінде 1 учаскелік полиция қызметкері қызмет атқаруда. 1 тоқсанның қортындысы бойынша қылмыс тіркелмеген. Жалпы – 18 хаттама толтырылды. Арнайы бекітілген әкімшілік қызметкерлерімен учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе 3 рейд жұмыстары жүргізілді. Үштөбе - Жасталап автокөлік жолында заңсыз түрде құм тасымалдайтын Камаз автокөлік иелеріне округтің учаскелік инспекторы тарапынан аталған жол учаскесінде 2 мәрте рейд жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 4 камаз жүк көлігі иесіне ескертулер берілді. Ауыл тұрғындарымен ай сайын мал ұрлығын алдын алу және қараусыз жүрген малды қалдырмауы бойынша жиындар өткізілуде.
Мәдениет және спорт саласы:
Көкпекті ауылында 1 мәдениет үйі мен 1 кітапхана орналасқан. Кітап қоры - 4725 дананы құрайды. Округ бойынша 1 стадион, 3 мектеп ішіндегі ойын залдары бар. 1 тоқсанда округ бойынша – 8 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы аясында «Үлгілі көше», «Үздік үй» байқауын ұйымдастырылды. Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінде ауданаралық «Қазақша күрестен» балалар мен жасөспірімдер арасында турнир өткізілді.
Әр – түрлі іс шараға қатысты 7 үгіт материалдары жаңартылып ілінді.
Тазалық жұмыстары: Округтің санитарлық тазалық жұмыстарына бүгінгі күнге дейін 130 тұрғын қатысып 10 тн күл – қоқыстар жойылды. Сонымен қатар қашықтықтан (геопортал) арқылы анықталған заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, орындалды. Қоғамдық жұмысшылар апта аралығында облыстық маңызы бар Айту би-Жаңаталап, Көкпекті – Жасталап, Көкпекті - Қожбан тас жол бойының тазалығы мен елді мекендердің ішіндегі төгілген қоқыстардан тазарту және жол жиегіндегі арам шөптер шабу жұмыстарын жүргізуде. Әр – түрлі іс шараға қатысты 6 үгіт материалдары жаңартылып ілінді.
Әлеуметтік сала: Округ бойынша жыл басынан 19 тұрғын қоғамдық жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 19 адам жұмыс атқаруда. Қысқа мерзімді оқуға жіберілгендер 2 адам, Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны – 8. «Күміс жас» жобасымен – 2 адам қатысуда.Алғашқы жұмыс орыны бағдарламасымен бір маман еңбек жолын жалғастыруда.
Ауылдық округтің беделді азаматтары мен жеке кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» жобасы аясында 25 отбасыға әр – түрлі қайрымдылық көмектер көрсетілді.
Инвестиция бойынша: 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын инвестжобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда «Аққара» ЖШС –нің тарапынан 500 гектар қант қылшасын тамшылатып суғару арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда, жоба құны 800 млн теңге.
Округ әкімі М.Сағатбеков