
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның су құбырларын, жылу мен электр желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады.
Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіруді ұйымдастырады, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарына берiледi. Осы Заңның 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын 11 тобына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, репатрианттар, оралмандар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар) жатады. Заңның 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 1 тармақшасына сәйкес есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында олардың тұрғын үйі болмаған кезде танылады. Жоғарыда аталған топтардың біріне жататын болсаңыз, «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарынан кеңес алып, құжаттарды ХҚКО тапсыруыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72 бабына сәйкес егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылатынын хабарлаймыз.