Жетісу облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту жұмыстары жалғасуда. Республика күні қарсаңында өңірде қуаты 40 МВт болатын күн электр станциясы іске қосылды. Жаңа нысан пайдалануға берілген соң облыстағы жаңартылатын энергия көздері нысандарының саны 20-ға жетті. Өңірдің электр энергетикасының жалпы белгіленген қуаты 370 МВт болса, оның 291 МВт-ы жаңартылатын энергия көздері нысандарына тиесілі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Панфилов ауданында «Жаркент-2» күн электр станциясы пайдалануға берілді. Құны 5,8 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жоба өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экологиялық жүктемені азайтуға, сондай-ақ Қорғас агломерациясындағы тұрғын үйлер мен қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарды тұрақты әрі таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асет Қанағатов қатысты.
– Жетісу облысының табиғи ресурстары жаңартылатын энергия көздерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Осыған байланысты облыс әкімінің басшылығымен өңірде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыста 15 гидроэлектр станциясы, қуаты әртүрлі 2 жел электр станциясы және осы нысанны қоса алғанда 3 күн электр станциясы жұмыс істейді. Бүгінгі күн электр станциясының іске қосылуы генерациялау қуатын арттырып, өңірдің электрмен жабдықтау сенімділігін нығайта алады, - деді А. Қанағатов.
Жоба туралы толығырақ «Jetisu Terra Power» ЖШС директоры Денис Царев баяндап берді.
- Біз қуаты 20 МВт болатын «Жаркент-2» күн электр станциясын іске қостық. Бұл станция жылына 33 млн кВт-қа дейін таза электр энергиясын өндіре алады. Бұл Жаркент қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұл – өңірде жүзеге асырған екінші жобамыз. Наурыз айында осындай көрсеткіштері бар күн электр станциясын іске қосқан болатынбыз. Осылайша, екі станцияның жалпы қуаты 40 МВт-қа жетті, – деді ол.
- Электр энергиясының жетіспеушілігінің алдын алу үшін алдымызда жасыл энергетиканы дамыту мінеді тұр. Осы міндетке орай аумағы 50 гектар жерге 62 мың күн панелі қойылды. Әр панельдің қуаты 650-680 Вт. Таңғы 5-тен кешке дейін энергия өндіреді. Жалпы қуаты – 40 МВт. Станцияда 20 адам жұмыс істейді, - деді станция директоры Серікбай Көбелеков.
Жаңартылатын энергетиканы дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2026-2028 жылдары жалпы қуаты 170 МВт-тан асатын тағы 9 жаңартылатын энергия көздері нысанын пайдалануға беру жоспарланған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді Панфилов ауданының әкімдігі ұсынды.
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда өңір басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттер жөнінде баяндады. Сондай-ақ аудан әкіміне ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылымды, туризмді және басқа да маңызды салаларды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етіліп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105%-ды құрады. 2026-2028 жылдары облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы құны 299 млрд. теңгені құрайтын
18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарланса, соның екеуі биыл іске қосылған. Оның бірі - Кербұлақ ауданындағы «Агрохолдинг Жетісу» серіктестігі іске 1,4 мың гектар алқаптағы 21 дана жаңбырлатып суғару құрылғысын іске қосты. Сол сияқты ауданда биыл басталып, 2028 жылы аяқталатын суару жүйелерін қайта жаңғырту жобаларының нәтижесінде Қоғалы, Онжас, Аралтөбе ауылдарының 33 шақырым каналдары қалпына келтіріліп, 2,5 мың гектар жер қайта айналымға енгізілетін болады. Облыста заманауи су үнемдеу технологиялары 45,5 мың гектарға енгізілген, оның 9,3 мың гектары Кербұлақ ауданында, яғни үлесі - 20,4%.
Сондай-ақ Бейбіт Исабаев өз сөзінде су, газ, жол инрақұрылымдарын дамыту, әлеуметтік нысандар құрылысы және басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
Бұл ретте өңір басшысы шалғайда жатқан Қоғалы ауылына назар аударылып, бірқатар маңызды жобалар қолға а
лынатынын айтты. Атап айтқанда, Қоғалы ауылында ауыз су жүйесін жаңғырту, ауылдық ауруханасын ағымдағы жөндеу қарастырылады.
Облыс басшысы сөзінің қорытындысында аудан әкіміне пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, оларды қайта айналымға қосу, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өңдеу саласын дамыту туралы тапсырмалар берді. Сонымен қатар туризм саласын да назардан тыс қалдырмау керектігін жеткізді. Бұл ретте ауданда орналасқан «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің жұмысымен шектелмей, жеке инвесторларды тарту арқылы тау және экотуризм бағыттарын жандандырып, аудан экономикасын дамыту мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
- Жалпы, облыс құрылған кезде Кербұлақ ауданында басты үш мәселе бар болатын - ауыз су, апатты үйлер және Сарыөзек ауылының айналма жолы. Бұл мәселелерге қатысты түбегейлі шаралар қабылдадық. Соның нәтижесінде ауыз су мәселесі шешілді, айналма жол салынды, апатты үйлерде тұратын азаматтарға жаңадан салынған 60 пәтерлі тұрғын үй берілді, тағы бір осындай үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы, Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған басты міндеті - халықтың жұмыс істеуіне жағдай жасау. Соған сай жаңа жұмыс орындарын ашу, жеңілдетілген несиелер беру, «Ауыл аманаты» бағдарламасының, кооперативтер құрудың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру қажет. Аудан әкімі халықпен ашық тілдесіп, қарапайым, түсінікті тілде диалог құра білуі керек, – деген Б. Исабаев аудан басшылығына тиісті тапсырмалар берді.
Осы күні Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда көтерілген мәселелер тұрғын үй, газдандыру мәселелеріне қатысты болды. Бұл мәселелердің заң аясындағы шешімі түсіндіріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жұмабай Мұсабеков
Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Жетісу облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Republic Day» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі
|
№ |
Сауда нысанының атауы |
Сауда нысанының мекенжайы |
|
1 |
«Алматы-1» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83 |
|
2 |
«Алматы-2» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83 |
|
3 |
«Астана-1» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112 |
|
4 |
«Астана-2» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112 |
|
5 |
«Болашақ» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Дарабоз ана көшесі, 91 |
|
6 |
«Жетісу» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 114 |
|
7 |
«ЦУМ» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 46 |
|
8 |
«Евразия» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51 |
|
9 |
«Шаған» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51А |
|
10 |
«Дәулет» сауда үйі |
Талдықорған қаласы, "Жастар" шағын ауданы, 51А |
«Bereke Fest» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі
|
№ |
Сауда нысанының атауы |
Сауда нысанының мекенжайы |
|
1 |
«Тоймарт» сауда желісі |
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 54 |
|
2 |
«Small» сауда желісі |
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 274 |
|
3 |
«Magnum» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, 20 |
|
4 |
«Food Mart» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, Рақышев көшесі, 1 |
|
5 |
«As-mart» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 222 |
|
6 |
«Family market» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, Ескелді би, көшесі, 47 |
|
7 |
«Магнит» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 206 |
|
8 |
«Центральный» супермаркеті |
Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 34 |
|
9 |
«Восток» шағынмаркеті |
Талдықорған қаласы, "Шығыс" шағын ауданы |
|
10 |
«Дархан» шағынмаркеті |
Талдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 183 |
|
11 |
«Мандарин» шағынмаркеті |
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 298 |
Жетісу облысында көлік легін оңтайландыру және «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайту мақсатында автокөліктерді «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының арнайы экономикалық аймағы аумағына бағыттау жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта пилоттық режимде іске асырылып жатқан жоба өткізу пунктіне түсетін жүктемені 30%-ға азайтуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Қорғас» ШЫХО» АЭА басқарушы компаниясының мәліметінше, 7-14 қазан аралығында 8 мыңнан астам автокөлік бағытталған. Ал тәуліктік көрсеткіш 1 мың көліктен асты.
– Автокөлік құралдарын қайта бағыттау нәтижесінде «Нұр жолы» өткізу пункті арқылы өтетін пайдалы жүк ағыны артты. Бұл өз кезегінде кедендік түсімдердің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, бюджетке түсетін кіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілді іске асыру көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, қосымша экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыруға және Жетісу облысының маңызды көлік-логистикалық торап ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. Жалпы, пилоттық жоба «Нұр жолы» өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыруға, көліктердің бос тұру уақытын және тасымалдау шығындарын қысқартуға, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Қорғас» ШЫХО» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сейілбек Садырбай.
Оның айтуынша, 17 қыркүйектен бастап алдын ала декларациялау және кедендік ақпарат алмасу үшін «EuraTrade Link» цифрлық платформасын енгізу бойынша қосымша жоба да іске қосылды. Бұл кедендік рәсімдерден өту тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Бүгінде «Қорғас» ШЫХО-да автокөлік құралдарын қабылдау мен рәсімдеуге қажетті барлық инфрақұрылым бар. Атап айтқанда, уақытша сақтау қоймалары, көлік-логистикалық алаңдар, кедендік және шекаралық бақылау аймақтары, жол және инженерлік инфрақұрылым қарастырылған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалды.
2026 жылғы 15 қазанда Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Кәсіпкерлердің өңірлік палатасымен және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, өңір кәсіпкерлеріне «Іскер Аймақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу офлайн және онлайн форматта өтті. Іс-шараға облыс аудандарының кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары, оларды алу шарттары, сондай-ақ бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Заңдылық, ашықтық және кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға тең қолжетімділігі қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға және жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз артықшылықтар беруге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ Жетісу облысында ашық әрі адал іскерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Жетісу облысында екі қант зауытының жалпы өндірістік қуаттылығы 950 мың тоннаға дейін өседі. Соның ішінде Ақсу зауыты 450 мың тоннаға, Көксу зауыты 500 мың тоннаға жеткізбек. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жансүгіров ауылындағы М. Байсақұлы атындағы Мәдениет үйінде өткен аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, биыл қант қызылшасы мен қант қамысынан 101 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарлануда. Бұл ретте екі қант зауытын жаңғыртуға тартылатын инвестиция көлемі 54 млрд теңгеден асады. Жалпы, 2026-2028 жылдары облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы құны 299 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан 2,7 млрд теңгеге 2 жоба - «Архарлы Майбүйрек» ЖШС, «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС іске қосылды. Сондай-ақ Көксу ауданында қуаттылығы 15 мың тонна құс етін өндіретін «Белес-Агро» құс фермасының құрылысы басталады.
- Ирригациялық жүйелерді жаңғырту бойынша биыл облыста жалпы құны 47 млрд теңге болатын 9 жоба іске асырылуда. Соның нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енгізіліп, 34,3 мың гектар алқап толық сумен қамтылды. Облыста бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары 45,5 мың гектарға енгізілген. Ақсу ауданында Ислам Даму банкі арқылы қаражат бөлініп, ауданның суару желілеріне реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін толығымен аяқталып, 11,5 мың гектар аумақта сумен қамтамасыз ету жақсартылады, - деді Б. Исабаев.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қызылағаш суару массивінің құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 98% орындалды, биыл толығымен аяқталады.
Облыс әкімі өз сөзінде пайдаланылмай жатқан жерделді мемлекет меншігіне қайтару жайына да тоқталды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына, соның ішінде өнеркәсіп пен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайлы айтты. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда жол салу, сумен және газбен қамту, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар салу мәселелері де сөз болды.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі:
– Соңғы 2 жылда Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Бұл бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастыру қажет. Аудан басшылығының басты міндеті – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, – деп түйіндеді Б. Исабаев.
Айта кетейік, сол күні Бейбіт Исабаев аудан әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді Жұмабай Мұсабеков түсірді және бірқатар фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында айына 1 800 тоннаға дейін өсімдік майын өндіруге қауқарлы жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жобаға 61 млн теңгеден астам инвестиция тартылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алакөл ауданының Екпінді ауылында орналасқан «New Silver Central Asia Grain & Oil» ЖШС кәсіпорны құрылтайшыларының айтуынша, өндіріс цехын дәл осы аумақта орналастыру кездейсоқ емес. Ауданның өзі және оған іргелес өңірлер кәсіпорынды сапалы шикізатпен қамтамасыз ете алады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жергілікті шаруалардың кәсіпорынға жеткізуге дайын күнбағыс тұқымдарының сапалық көрсеткіштері өте жоғары.
Аудан әкімі Алмас Абдиновтың айтуынша, Алакөл ауданында дәнді және майлы дақылдар 80 мың гектар жерге егілген. Алайда өндірілген өнім осы уақытқа дейін негізінен шикізат күйінде сатылып келген. Сондықтан өңдеу цехының іске қосылуы аудан үшін маңызды оқиға деуге болады. Сонымен қатар жаңа өндірістің ашылуы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндік беріп, кәсіпкерліктің дамуына жол ашады және елді мекен экономикасының нығаюына ықпал етеді. Атап өтсек, жаңа өндіріс іске қосылғаннан кейін 10 жаңа жұмыс орны қашылды. Бұл – ауылдық жер үшін елеулі көрсеткіш.
Кәсіпорынның ашылуын тұрғындардың өздері де оң бағалады.
– Әрине, біздің ауылда өндіріс орнының ашылуы біз үшін - жақсы жаңалық. Біріншіден, тұрақты жұмыс орындары ашылады. Екіншіден, енді жергілікті шаруалар өздері өсірген күнбағыс өнімін қайда өткіземіз, өңдеуге қайда апарамыз деп алаңдамайды. Оның үстіне, біздің аудан – ауыл шаруашылығына бейімделген өңір, – дейді ауыл тұрғыны Ермек Майқынов.
Осылайша, Жетісу облысының Алакөл ауданында аграрлық сектор жаңа деңгейге көтерілді. Өңір шикізаттық бағыттан біртіндеп өз өнімін өңдеу қуатын қалыптастыруға беттеп келеді. Бұл өз кезегінде ауылдық аумақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін береді.
Жалпы, Жетісу облысында өндірілген өнімді өңдеу көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 68%-ға жеткенін атап өтуге болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалды.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Жетісу облысында кәсіпкерлік қоғамдастық алдында бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізілді.
Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлік субъектілері және өзге де мүдделі тараптар қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелері ұсынылып, мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған шаралар баяндалды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер бойынша ресми түсіндірмелер берілді.
Іс-шара шеңберінде әкімшілік кедергілерді төмендету, бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын арттыру және өңірде қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мәселелеріне басымдық берілді.
Ашық диалог алаңында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Жетісу облысында кәсіпкерлер алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізілді, оның барысында мемлекеттік бақылаудың ашықтығы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды.
Іс-шараға кәсіпкерлер, бизнес-қоғамдастық өкілдері, облыстың мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті қатысты.
Іс-шараның мақсаты — мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, өзара сенімді нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, бақылау-қадағалау органдары қызметінің ашықтығын арттыру және антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру.
Мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмыстардың қорытындылары ұсынылып, заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және бақылау рәсімдерін цифрландыру шаралары баяндалды.
Тексерулер жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және заң талаптарын біркелкі қолдану мәселелері қаралды.
Кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, проблемалық мәселелерді көтерді және мемлекеттік органдар тарапынан тиісті түсіндірмелер алды.
Аталған гранттың негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа бизнес-жобаларды іске асыруына мүмкіндік жасау және олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету.
Сонымен қатар, грант жастарды ауыл шаруашылығы мен шағын бизнеске тартуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Грант кімдерге беріледі?
Конкурсқа Жетісу облысының ауылдық елді мекендерінде тұрақты тіркеуде тұрған, 18 жастан кем емес және 34 жастан аспаған жұмыссыз жастар қатыса алады.
Үміткер өзінің жұмыссыз мәртебесін Мансап орталығынан алынған тиісті анықтама және соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы мәлімет арқылы растауы қажет.
Грант қандай бағыттарды қамтиды?
Жалпы, грант аясында ауыл жастары үшін 6 негізгі бағыт белгіленген.
Біріншісі – мал және балық шаруашылығы. Бұл бағытта ірі қара, ұсақ мал, құс, ара және балық өсіру, сондай-ақ оларға қатысты қосалқы шаруашылықтарды дамытуға болады.
Екіншісі – өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш, көк шөптер және басқа да өнімдерді өсірумен қатар, ашық дала дақылдарын өндіру қарастырылған.
Үшіншісі – сүт өнімдері өндірісі. Яғни сүт, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе және басқа да сүт негізіндегі өнімдерді өндіру.
Төртінші бағыт – қолөнер және шағын өндіріс. Мұнда ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарын жасап, оларды сатуға мүмкіндік беріледі.
Бесінші – тағам өндірісі және қоғамдық тамақтану. Мысалы, жартылай фабрикаттар, кондитерлік өнімдер өндіру, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану орындарын ашу және дамыту.
Алтыншы бағыт – білім беру орталықтары. Бұл бағытта балаларды дамыту орталықтарын, балабақшаларды, қосымша білім беру орталықтарын, спорттық залдар мен шығармашылық және зияткерлік үйірмелер ашуға болады.
Грант көлемі қанша?
Әрбір конкурс жеңімпазына 3 миллион теңге көлемінде грант беріледі.
Бұл қаражат тек ұсынылған бизнес-жобада көрсетілген мақсаттарға жұмсалуы тиіс. Яғни грант қаражатын еңбекақы төлеуге, үй-жайды жалға алуға немесе жобада көзделмеген басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Үміткер белгіленген нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге жобаның сипаттамасы, жоба таныстырылымы, шығыстар сметасы, жеке куәлік көшірмесі, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама және тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат қоса беріледі. Қажет болған жағдайда білім туралы құжат та ұсынылады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өтінімдердің толықтығы мен белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде жобалар конкурстық комиссия тарапынан бағаланып, жеңімпаздар анықталады.
Конкурстық комиссия құрамына облыстық басқармалардың, азаматтық қоғамның өкілдері мен кәсіпкерлер кіреді. Комиссия жұмысы ашықтық пен айқындық қағидаттарына негізделеді.
Жобаларды бағалау өтінімдер қабылданғаннан кейін
15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Үміткерлердің жобаларын таныстыруы тыңдалады.
Грант алғаннан кейін де бақылау жүргізіледі.
Жеңімпаз шартқа қол қойылған күннен бастап 3 ай ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Сондай-ақ осы мерзім ішінде грант қаражатының мақсатты жұмсалуы және жобаның іске асырылу барысы туралы есеп ұсынуы қажет.
Грант қаражатының мақсатты пайдаланылуына жыл ішінде мониторинг жүргізіледі. Егер қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны анықталса, грант сомасын толық қайтару туралы талап қойылады.
Қорытындылай келе, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – ауылдық жерлердегі жұмыссыз жастарға өз кәсібін бастауға, жаңа жобаларды іске асыруға және тұрақты табыс көзіне ие болуға мүмкіндік беретін нақты қолдау тетігі.
Басты мақсатымыз – ауыл жастарының кәсіпкерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың өз өңірінде еңбек етіп, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруына жағдай жасау.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47, «Жетісу жастары» орталығы, 102-кабинет.
Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылдың 7 қыркүйегінен
7 қазанға дейін.
Байланыс телефоны: 8 708 170 17 05.
«Жетiсу жастары» КММ ақпараты бойынша