Меню

Страницы

Статья

Сауда және баға мониторингі

2022 жылға арналған бөлшек тауар айналымының жоспарланған көлемі-174,6 млрд.теңге.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде тауар айналымы 90,8 млрд. теңгені құрады, НКИ-102,2%.

2022 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша облыста 7 109 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде 4 209 дүкен 1 081 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 1 792 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері,  27 базарда 31,6 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

ӘМАТТ

Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімі «Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ акцияларының 100 пайызын Жетісу облысының құзырына беру туралы қаулы қабылдады және Алматы облысында ӘКК құру рәсімдері жүргізілуде.

Тұрақтандыру қорының резервтері өңірлер бөлінгенге дейін қалыптастырылғанын ескере отырып, тұрақтандыру қорының қолданыстағы ӘМАТ іске асыру Алматы облысында ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес екі облыс аумағында жүзеге асырылады.

Алматы облысында ӘКК құрылғаннан кейін несие қаражаты несие алған шаруашылық жүргізуші субъектілердің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлу шарттары бойынша бөлінетін болады.

Ағымдағы жылдың 23 мен 31 тамыз аралығындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс бойынша ӘМАТ бағасының индексі 100,0%-ды (ҚР-100,1%) құрады.

Облыста ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға бюджеттен 2,1 млрд теңге кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген несиелеуге (0,01%) бөлінді.

Айналым схемасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерімен 1,3 млрд теңгеге 17 шарт жасалды (оның ішінде 13 тауар өндіруші және 4 ішкі сауда субъектісі).

Ақсу қант зауытынан 773 тонна қант, Жетісу өңірінің шаруа қожалықтарымен 10 және Түркістан облысының шаруасымен 1 келісім-шарт, сонымен қатар жергілікті ұн өндіруші зауыттан «Райымбек Нан» ЖШС 1650 тонна 1-ші сұрыпты ұнға келісім жасалды.

Сонымен қатар, сүт өнімдерінің бағасын ұстап тұру мақсатында сүт өнімдерін өндіруші «Ляззат-2016» ЖШС-не 150 млн теңге несие (0,01%) берілді (сүт 2,5% - 210 тг/л артық емес, айран 2,5% - 215 тг/л артық емес, сүзбе 5-9% - 1150 тг/л артық емес, сары май - 2900 тг/л артық емес). Ол Жетісу өңіріндегі 200-ден астам дүкенге ӘМАТ сатады.

31.08.2022 ж. жағдай бойынша ірі және орта сауда желілерінде (бұдан әрі – СЖ) қант 460 теңге/кг, қолға 5 кг бағамен сатылуда. «Үй жанындағы дүкендерде» баға 365 теңгеден 850 теңге/кг аралығында.

Сауда орындары, негізінен «үй маңындағы дүкендер» қантты Алматылық жеткізушілерден сатып алады, бұл өнім құнының қымбаттауына әсер етуде. Сондай-ақ, қаланың сауда нысандарында қант жергілікті жерден, Меркен қант зауытынан (25 келі қап – 20 мың теңге, 800 теңге/кг) және алыс-жақын шетелдерден сатылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні қанттың серпілісі байқалмайды, СЖ және сауда дүкендерінде қант қоры жеткілікті, бірақ СЖ-да қант шектеулі мөлшерде сатылады.

Ақсу қант зауытына биылғы жылдың соңына дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің квотасы бойынша 15 мың тонна құрақ, Көксу қант зауытына 25 мың тонна құрақ квота бойынша бөлінді. (Көксу қант зауытының 2022 жылға жоспары 48 мың тонна құрақ өңдеу) Құрақ түскен күннен, яғни ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 42,8 мың тонна қант өндірілді.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласының әкімдігі, Көксу қант зауыты (бұдан әрі – зауыт) және ЖК «Садыров» (көтерме жеткізуші) арасында 50 тонна қантты сату бойынша 3 жақты меморандумға қол қойылды. Талдықорған қаласындағы 200 дүкенді қамтиды, соңғы тұтынушыға 520 теңге/кг аспайды.

Бүгінгі таңда зауыт пен ЖК «Садыров» 50 тонна қант 200 үй жанындағы дүкендерге жөнелтілді.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының әкімдігі СЭБ қызметімен бірлесіп «Дәулет» с.ү. Үндістаннан келген қантты анықтау мақсатында мониторинг жүргізді, алайда Үндістаннан келген қант табылмады.

Айналым схемасы бойынша жеткізілген көкөністердің жалпы көлемі 564 млн.теңге сомасына 3300 тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), оның ішінде 830 тонна ерте пісетін және 2470 тонна кеш пісетін көкөністер.

Көкөніс бағасын ұстап тұру шеңберінде «Нұрбек» ШҚ-мен (Түркістан облысы) 250 тонна картопты 170 тг/кг артық емес бағамен, 400 тонна қырыққабатты 130 тг/кг артық емес бағамен, 100 тонна пиязды 180 тг/кг артық емес бағамен және 80 тонна сәбізді 190 тг/кг аспайтын бағамен жеткізуге шарт қолданылады.

Кеш пісетін көкөністерді жеткізу бойынша Жетісу облысының фермерлерімен 2 470 тонна көкөніске 10 шарт жасалды (оның ішінде 2 260 тонна картоп 150 тг/кг артық емес бағамен, 180 тонна сәбіз 170 тг/кг артық емес бағамен және 30 тонна қырыққабат 130 тг/кг артық емес бағамен). Сақтауға және өткізуге салудың күтілетін мерзімі-2022 жылғы қараша-2023 жылғы сәуір.

31.08.22 ж. жағдай бойынша облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес 77,9 тонна Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністер бөлінді: 40,5 тонна қырыққабат, 7,8 тонна сәбіз, 12,1 тонна картоп және 17,4 тонна пияз.

Әкімдіктердің мониторингтік топтарының ұсынған деректері бойынша рейдтік іс-шаралар барысында 23 мен 31 тамыз аралығында 2556 үй жанындағы дүкендердің 952-ы немесе 37,2%-ы тексеріліп, бұзушылық анықталмады.

Дата публикации
15 сентября 2022
Дата обновления
15 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

02 февраля 2024
Сауда және баға мониторингі
02 февраля 2024
Өнеркәсіп
02 февраля 2024
Инвестициялық-инновациялық даму

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы