Меню

Страницы

Статья

Жер қойнауын пайдалануы

Басқармада кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына қолданыстағы 85 келісімшарт бар.

Анықтама: оның ішінде, Ақсу ауданы-4, Алакөл ауданы-15, Ескелді ауданы – 19, Қаратал ауданы-6, Кербұлақ ауданы – 6, Көксу ауданы – 6, Панфилов ауданы – 15, Сарқан ауданы – 8, Талдықорған қаласы-6.

Басқармамен жер қойнауын пайдалану құқығына 82 келісімшарт (2015 ж. – 5, 2016 ж. – 6, 2017 ж. -5, 2018 ж. – 26, 2019 ж.-5, 2020 ж. – 11, 2021 ж. – 13, 2022 ж. - 11) бұзылды.

Кодекс енгізілгеннен кейін (29.06.2018 ж.) келісімшарттық режим лицензиялық, Басқармаға кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған қолданыстағы 26 лицензия берілді.

Анықтама: оның ішінде, Ақсу ауданы – 8, Алакөл ауданы-5, Ескелді ауданы – 3, Көксу ауданы-2, Сарқан ауданы – 5, Кербұлақ ауданы – 2, Талдықорған қаласы -1.

Басқарма жер қойнауын пайдалану құқығына 52 лицензияны (2020 ж. – 3, 2021 – 24, 2022 ж. - 25) бұзды.

2020 жылғы 7 сәуірде ҚР ИИДМ № 188 бұйрығымен ереже шықты. Осы Қағидаға сәйкес ЖАО ЖПҚ барлауға немесе өндіруге (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік меншіктегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылыстар мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін) рұқсат береді.

Басқарма 52 рұқсат берді (2020-23, 2021- 18, 2022-11), оның 23-і барлауға, 29-ы өндіруге арналған. Оның 11-і жұмыс істеп тұр.

Анықтама: оның ішінде, Ақсу ауданы-7, Алакөл ауданы-29, Ескелді ауданы-3, Сарқан ауданы – 13.

Кодекстің енгізілуімен жер қойнауын пайдалануда жаңа қызмет түрі пайда болды, атап айтқанда кен іздеушілік. Кен іздеушілікке берілген лицензия бойынша оның иесінің кен орындары мен техногендік сипаттағы кен орындарында (тау-кен өндірісі мен металлургияның үйінділері мен қоймаланған қалдықтары) аршу жұмыстарын, тау-кен жұмыстарын қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесін пайдалануға айрықша құқығы бар. құм мен топырақты жуу, сондай-ақ басқа да байланысты жұмыстар.

Басқарма кен іздеушілікке 5 лицензия берді.

Анықтама: оның ішінде Ақсу – 1, Алакөл – 4.

Дата публикации
15 сентября 2022
Дата обновления
15 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

02 февраля 2024
Сауда және баға мониторингі
02 февраля 2024
Өнеркәсіп
02 февраля 2024
Инвестициялық-инновациялық даму

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы