Жетісу облысында 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 46 357 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл 2021 жылғы деңгейден 5,9% - ға жоғары. 2022 жылға жоспар 1,4 өсіммен 44 785 бірлікті құрайды (2021 жыл 43,8 мың бірлік).
Шағын және орта бизнес секторында 2022 жылдың бірінші тоқсанында 84,5 мың адам жұмыспен қамтылды, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3% - ға төмен (86,5 мың адам). 2022 жылға арналған болжам 93,8 мың адам.
2022 жылдың бірінші тоқсанында өнім шығару көлемі 135,4 млрд.теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 88% - ға артты (71,9 млрд. теңге). 2022 жылға арналған болжам 592,3 млрд. теңге.
2022 жылдың 1 тамызына ШОБ субъектілерінен бюджетке 16,0 млн. теңге түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,5%-ға жоғары (2020 жылы-15,2 млрд.теңге). 2022 жылға арналған болжам 30,7 млрд.теңге.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2022 жылға облыс бойынша 6,3 млрд.теңге бөлінді. 151-ден астам (Ұлттық жоба аясында 97) жоба қаржыландыру 345 жаңа жұмыс орнын құрумен жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 2,4 млрд. теңге несие сомасына 91 жоба қаржыландырылды.
пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 3,8 млрд. теңге бөлінді, 01.07.2022 жылғы жағдай бойынша 1,2 млрд. теңгені игеру, 1,5 млрд. теңге кредиттік сомаға 42 жоба мақұлданды, 98 жаңа жұмыс орны құрылды;
ішінара кепілдендіруге - 1,9 млрд. теңге бөлінді. 01.07.2022 жылғы жағдай бойынша 0,8 млрд. теңгені игеру, 0,9 млрд. теңге кепілдік сомасына 49 жоба мақұлданды, 108 жұмыс орны құрылды;
гранттар беруге – 65 млн. теңге бөлінді. Байқауды өткізу қыркүйек айына жоспарланған. 15 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге - 3 жоба бойынша 0,5 млрд.теңге бөлінді, 312 жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алудың қолжетімділігін арттыру және "Бизнес Бастау" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (шағын несие берудің) қолжетімділігін арттыру мақсатында «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Atameken Zhetysu» шағын қаржы ұйымы» ЖШС құрылды.
Бүгінгі таңда МҚҰ-ға жалпы сомасы 0,8 млрд.теңгеге шамамен 448 адам жүгінді.
01.08.2022 ж. жағдай бойынша 350,5 млн.теңге сомасына 49 жоба бойынша шағын несие берілді.