Жетісу өңірінде 2024 жылдың 1 қаңтарына 534 өнеркәсіп кәсіпорны бар, оның ішінде 14 ірі, 17 орта, қалғандары шағын кәсіпорындар.
2023 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 320,6 млрд.теңгені құрады, бұл саладағы нақты көлемінің индексі 104,4%.
Облыс өнеркәсібінің 50% қамтитын жүйеқұраушы кәсіпорындарымен қаңтар - қаңтар айларында 155,3 млрд. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен 101,1% өнім шығарылды.
Жыл басынан 14 жаңа өнеркәсіп орын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 5 өндіріс орны кеңейтілді, 345 жұмыс орны ашылды.
Жетісу облысында 12 кәсіпорындар - экспорттаушылар жұмыс істейді.
Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан.
Облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары республикада және алыс және жақын шет елдерде өтетін халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша өңдеу өнеркәсібінің экспорт көлемі 89,5 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 128,9%-ды құрады.