Меню

Страницы

Статья

Сауда және баға мониторингі

Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша Жетісу облысында 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында тауар айналымы 126,7 млн. АҚШ долл. (58,1 млрд. теңге) оның ішінде: экспорт 82,1 млн. АҚШ долл. (37,7 млрд.теңге), импорт 44,5 млн. АҚШ долл. (20,4 млрд .теңге).

Барлық елдермен саудада экспорт 25,3 млн. АҚШ долл. (11,6 млрд. теңге), импорт 23,1 млн. АҚШ долл. (10,6 млрд. теңге), жануарлардан алынатын өнімдер экспортының негізгі бағыттары 16,7 млн. АҚШ долл. (7,7 млрд. теңге), импорт тоқыма және тоқыма бұйымдары 11,8 млн. АҚШ доллары (5,4 млрд.теңге).

2023 жылдың 11 айында бөлшек сауда көлемі - 203,0 млн. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 8,1%-ға жоғары болды.

Көтерме сауда көлемі 2023 жылдың 11 айында 366,3 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылдың деңгейінен 2,4 есе көп.

2023 жылға арналған жоспар 370,0 млрд. теңге НКИ 120%, факті бойынша 569,3 млрд. теңге НКИ 120%. 2022 жылы 362,5 млрд. теңге НКИ 119%.

2024 жылға арналған жоспар 650,0 млрд теңге НКИ 120,7%.

Өткен жылы тұрақтандыру қорын қалыптастыруға ҚР Үкіметінің резервінен 1,0 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 180,0 млн. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа 4 102 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге шарттар жасалды.

Бұрын тұрақтандыру қорына сатып алынған тауарлардың қалдығында 1,3 млрд.теңге сомасына 3 947,4 тонна ӘМАТ бар.

«Айналым схемасы» бойынша бюджеттік қаржыландыру  4,7 млрд.теңгені құрады.

«Айналым схемасы» шеңберінде жылдық 0,01%-бен жеңілдікті несиелер
19 кәсіпкерлік субъектісіне 4,3 млрд.теңге, оның ішінде 16 тауар өндірушіге 3,3 млрд. теңге (98%) және 3 сауда субъектілеріне 52,2 млн. теңге берілді.

Қазіргі уақытта бағаны тұрақтандыру тетіктері 19 өнімнің 18 атауын қамтиды.

«Айналым схемасы» шеңберінде 3,4 мың тонна көлемінде көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шарттар қолданылады, оның ішінде 120 тг/кг аспайтын бағамен 2,7 мың тонна картоп, 150 тг/кг аспайтын бағамен 397 тонна қырыққабат, 86 тг/кг аспайтын бағамен 315 тонна пияз және бағасы 140 тг/кг аспайтын 60 тонна сәбіз.

Келісім-шартқа отырған өнімнің бір бөлігі, оның ішінде 1,9 мың тонна картоп пен 60 тонна сәбіз ӘКК көкөніс қоймасында ұзақ мерзімді сақтауға салынған.

Халықты қамтамасыз ету мақсатында маусымаралық кезеңде ағымдағы жылдың көктемінде осы көкөніс қоймасында сақтауға тағы 240 тонна пияз салу жоспарлануда.

 

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

02 февраля 2024
Сауда және баға мониторингі
02 февраля 2024
Өнеркәсіп
02 февраля 2024
Инвестициялық-инновациялық даму

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы