ҚТӨ тізілімі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі-ҚТӨ тізілімі) қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Тізілімнің басты артықшылығы - мемлекеттік мәліметтер базасымен интеграциялау арқылы цифрлық тексеру және автоматтандырылған тексеру. Мұндай қағидат Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен олардың өндірушілері туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қамтамасыз етеді, барлық реттелетін сатып алуларда және мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын ұсыну кезінде міндетті болады.

Министрліктің ресми сайтында ҚТӨ тізіліміне арналған арнайы бөлім жұмыс істейді https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/activities/74668?lang=ru .

Сайттағы ақпарат жаңа түсініктемелер мен құжаттар шыққан сайын үнемі жаңартылып отырады. Мұнда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және ҚТӨ Тізілімімен жұмыс істеу үшін қажетті өзге де материалдар орналастырылған.

Кәсіпорындардың хабардарлығын арттыру және әлеуетті қатысушыларды қамтуды кеңейту мақсатында Министрліктің интернет-ресурсына сілтемені көрсете отырып, ҚТӨ тізілімі туралы бөлімді өз ақпараттық алаңдарында орналастыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 79-33-90 (ішкі 1058) нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз – Тұрлыханова Ақбота Ертайқызы.

Дата публикации
16 мая 2025