2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары
бойынша талдамалық анықтама
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Шағын және орта бизнес саласында:
- «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 18; бас тартылған – 315.
- «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 2, бас тартылған – 1.
Жер қойнауын пайдалану саласында:
- «Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңыздылығы туралы қорытынды беру» - 4, бас тартылған -2;
- «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру» - 0;
- «Ізденуге лицензия беру» - 0;
- «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» - 0;
Туризм саласында:
- «Туристік операторлық (туроператорлық) қызметке лицензия беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша облыс көлемінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
-«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» - 0;
- «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме» - 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар жоқ. Басқарма ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты негізде ішкі бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есеп жіберіледі. Бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер уақтылы берілді, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.