Талдықорған индустриялық аймағы бойынша
Анықтама
Жұмыс істеп тұрған "Талдықорған" индустриялық аймағы Талдықорған қаласы әкімдігінің 10.09.2007 жылғы №25-1854 қаулысымен құрылды.
Түрі: аймақтық маңызы бар мемлекеттік индустриялық аймақ.
Қызметтің басым түрлері: аралас (тамақ, химия, құрылыс өнеркәсібі және т.б.).
Жалпы ауданы 594,9 га.
Инфрақұрылым
"Талдықорған" индустриялық аймағы қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (Теміржол жолдары, Су құбырлары, кәріз құбырлары, автомобиль жолдары, байланыс кабельдері, қос тізбекті ӘЖ, ҚС, кіреберіс арка, қоршаулар, көше жарығы) толық қамтамасыз етілген. Инфрақұрылымның құны шамамен 4,4 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы "Zhetysu Investt" ЖШС болып белгіленді.