Жетісу облысы бойынша кеніздеушілікке арналған

Жетісу облысы бойынша кеніздеушілікке арналған

аумақтарды айқындау туралы

 

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 264-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жетісу облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

       1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                  Б. Исабаев

 

Жетісу облысы бойынша кеніздеушілікке арналған
Дата публикации
10 ноября 2022