БАЯНДАМА Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің 2026 жылғы 8 айдағы бақылау-қадағалау қызметі бойынша Бірыңғай есеп беру күнінде

БАЯНДАМА

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

Департаментінің 2026 жылғы 8 айдағы бақылау-қадағалау қызметі бойынша

Бірыңғай есеп беру күнінде

 2 Слайд.

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарамалары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыру шеңберінде есепті кезеңде 2978 бақылау және қадағалау объектісін тексерді, оның ішінде рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде – 110, субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау – 134, субъектілерге (объектілерге) бармай профилактикалық бақылау – 2020, жоспардан тыс тексерулер – 143, тергеулер – 571.

Бұдан басқа, 2026 жылдың 2 жартыжылдығына балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ерекше бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты 1592 тексерулер (білім беру және тәрбиелеу объектілері – 957, денсаулық сақтау - 635) жоспарланған, бүгінгі күнге 200 объект тексерумен қамтылған (білім беру – 103, денсаулық сақтау - 97), қалған объектілер жыл соңына дейін тексеріледі.

Ерекше бақылау және қадағалау келесі нысандар бойынша жүргізілген:

  • жазғы сауықтыру маусымына дайындығын мониторингілеу;
  • балаларға профилактикалық егулерді ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде барлық деңгейде иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау кезінде салқын тізбекке қойылатын талаптарды сақтау тұрғысына мониторинг жүргізу;
  • балалар арасында туберкулездің алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау.
  • білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жоспарлы тексеру жартыжылдықта 1 рет.

 3 слайд.

2026 жылдың 1-жартыжылдығында рұқсат беру талаптарға сәйкестігі бойынша тексерулер кестесіне сәйкес жоспарланған тексерулердің жалпы саны – 6 объекті, оның ішінде тексерумен қамтылған - 5 объекті, бұл 83%-ды құрады. Кәсіпкердің (ЖК) ауысуына байланысты 1 объект тексерілген жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2 нұсқама берілді, жедел ден қою шаралары – 3 қолданылды (қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу – 1, өнімді айналымнан алып қою және сатудан қайтарып алу – 1, тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету – 1), сотқа материалдар жолданған жоқ – 0.

2026 жылдың 1-жартыжылдығына Жетісу облысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес -70 объекті жоспарланған, оның ішінде 64 объект профилактикалық бақылаумен қамтылды, бұл 91%-ды құрады. 6 объект тексерілмеді, оның себептері:

- объектінің жабылуы – 3;

- шаруашылық жүргізуші субъектінің ауысуы – 2;

- хабарлау қағидаларының бұзылуы – 1.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 39 нұсқама берілді, жедел ден қою шаралары – 47 қолданылды (қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру – 11, қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу – 35, өнімді алып қою және оны сатудан қайтарып алу – 1), сотқа материалдар жолданған жоқ – 0.

2026 жылдың 2-жартыжылдығында рұқсат беру талаптарға сәйкестігі бойынша тексерулер кестесіне сәйкес - 104 объекті тексеру жоспарланған, оның ішінде 5 объект тексерумен қамтылды, бұл 4,8%-ды құрады. 1 объект шаруашылық жүргізуші субъектінің ауысуына байланысты тексерілген жоқ. Қалған 98 объект ағымдағы жылдың соңына дейін тексерумен қамтылатын болады.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 081 250 теңгені құрайтын 4 әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде айыппұл түрінде (заңды тұлғаға – 2, ЖК-ға – 1, жеке тұлғаға – 1), анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 нұсқама берілді.

Жетісу облысы бойынша 2026 жылдың 2-жартыжылдығына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес 46 объекті жоспарланған, оның ішінде 25 объект профилактикалық бақылаумен қамтылды, бұл 54%-ды құрады. 4 объект тексерілмеді, себебі:

- объектінің жабылуы – 2;

- шаруашылық жүргізуші субъектінің ауысуы – 2.

Қалған 17 объект ағымдағы жылдың соңына дейін тексерумен қамтылатын болады.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 25 нұсқама берілді, қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу түрінде 23 жедел ден қою шаралары қолданылды, сотқа материалдар жолданған жоқ – 0.

4 слайд.

Жоспардан тыс тексерулер.

2026 жылдың 8 айында барлығы 143 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде жеке/заңды тұлғалардың шағымдары бойынша – 24 немесе 16,7%, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша – 41 немесе 28,6%, нұсқаманы орындау бойынша – 8 немесе 5,5%, жедел ден қою шаралары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша – 67 немесе 46,8%, прокурорлардың талабы бойынша – 1 немесе 0,6%, мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 2 немесе 1,3%.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3 849 249,5 теңгені құрайтын айыппұл түрінде 17 әкімшілік жаза қолданылды (лауазымды тұлғаға – 1, заңды тұлғаға – 3, ЖК-ға – 8, жеке тұлғаға – 5), анықталған бұзушылықтарды жою туралы 22 нұсқама берілді, жедел ден қою шаралары – 14 қолданылды (қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру – 1, қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу – 2, алып қою – 10, жұмыстан шеттету – 1), сотқа 21 материал жолданды.

 5 слайд

Тергеулер.

Барлығы 571 тергеу жүргізілді, оның ішінде жұқпалы аурулар мен уланулардың туындауы туралы шұғыл хабарламалар бойынша – 545 немесе 95,4%, бақылау сатып алуының нәтижелері бойынша – 26 немесе 4,5%.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3 243 789,5 теңгені құрайтын айыппұл түрінде 59 әкімшілік жаза қолданылды (лауазымды тұлғаға – 1, ЖК-ға – 2, жеке тұлғаға – 56), жедел ден қою шаралары – 13 қолданылды (алып қою – 10, жұмыстан шеттету – 3), Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің профилактикалық/эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы 621 қаулысы шығарылды.

Тергеу нәтижелері бойынша Департамент ресми сайтта 484 (84,7%) ақпарат жарияланды.

  1. слайд

Бармай профилактикалық бақылау.

2020 бармай профилактикалық бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде 2020 ұсыным берілді.

Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі шеңберінде – 1402 ұсыным, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын өнімді (тауарларды) жарнама бойынша – 74 ұсыным, рұқсаттар мен хабарламалар бойынша – 544 ұсыным берілді.

Бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 152 жедел ден қою шарасы қолданылды (қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу – 148, алып қою – 4).

 

7 слайд.  Ерекше бақылау және қадағалау бойынша

 Департаментпен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 51-2-бабына сәйкес «Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерге (объектілерге) қатысты» Жетісу облысы бойынша Ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) 2026 жылдың  2-жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімі бекітілді және бұйрық шығарылды № 90-н 08.05.2026ж.

Ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) 2026 жылдың  2-жартыжылдығына барлығы 1592 объект жоспарланды, оның ішінде білім беру және тәрбиелеу объектілері - 957, оның 103-і тексерумен қамтылды; денсаулық сақтау объектілер – 635, тексерумен қамтылғаны – 97.

                8 слайд. Әкішілік шаралар

2026 жылдың 8 айында барлығы 121 әкімшілік іс қозғалды. Департаменттің аумақтық басқармаларымен 98 әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 12 477 626 теңгені құрады. Оның ішінде есепті кезеңде жалпы сомасы 11 056 863 теңге болатын 83 әкімшілік іс бойынша айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар, 23 әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.

Доклад
Дата публикации
13 октября 2026