БАЯНДАМА
2026 жылғы 24 қыркүйектегі Бірыңғай есеп беру күні
аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мәселелері бойынша
Өрт қауіпсіздігі
2026 жылдың басынан бері БАҚ-та және әлеуметтік желілерде өрт қауіпсіздігі тақырыбында 9290 материал (+0,7%, 2025 жылы – 9230) жарияланды (баспасөзде – 724, телеарналарда – 45, радиода – 1519, әлеуметтік желілерде – 6930). Өрт қауіпсіздігі шараларына 281 мыңнан астам адам оқытылды.
Жүйелі профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өрт саны 3%-ға төмендеді (2026 жылы – 288, 2025 жылы – 297), өрт салдарынан қаза тапқандар саны 22%-ға азайды (2026 жылы – 7, 2025 жылы – 9). Сонымен қатар, 8 адам түрлі жарақат алды (+33%, 2025 жылы – 6).
Анықтама үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша 406 өрт оқиғасы тіркелді (2024 ж. – 419, -3,3%). Қаза болғандар саны 30%-ға артты (2024 ж. – 10, 2025 ж. – 13), және 11 адам жарақат алды (0%, 2024 ж. – 11).
Мемлекеттік өрт бақылауы
2026 жылдың басынан барлығы 879 тексеру жүргізілді, оның ішінде профилактикалық бақылау – 484, бұзушылық саны 5539 анықталды.
Анықтама: 2026 жылдың 1 жартыжылдығының кестесіне сәйкес 408 объекттіні тексеру жоспарланған (тексерілді 404), 2 жартыжылдығына 178 объект жоспарланған (тексерілді 87).
Жоспардан тыс – 395 (оның ішінде: нұсқамаларды орындау – 26, прокуратура талаптары – 0, полициядан келген хат бойынша – 1, шағымдар бойынша –8, МОР актілері бойынша – 333).
Анықтама үшін: Жетісу облысы ТЖД бақылаудағы объектілер саны – 14 448, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі – 1745, орта тәуекел дәрежесі – 920, төмен тәуекел дәрежесі – 11783.
Жетісу облысы бойынша 151 нысаннан тұратын инвестициялық жобалар тізімі жасалды, олар алгоритмге сәйкес жергілікті прокурорлармен келісілуде.
2026 жылдың басынан бері 673 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (өрт және жану фактілері бойынша), оның ішінде: ескерту – 500, айыппұл – 173, жалпы сомасы – 8 млн 039 мың 587 теңге 5 тиын.
Сот органдарына 45 әкімшілік материал жолданды. 40 материал бойынша шешім қабылданып жалпы сомасы – 15 млн. 303 мың 652 тенге айыппұл салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Қадағалаудағы субъектілер (объектілер)
Басқарманың қадағалауында облыстың 380 кәсіпорны бар, оның ішінде:
- 374-і жеке кәсіпкерлік субъектілері;
- 6-ы мемлекеттік сектор субъектілері.
Өндіріс салалары бойынша:
- көмірсутек шикізатын магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласының 3 кәсіпорны;
- өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша 18 кәсіпорын.
Тәуекел дәрежесі бойынша:
- жоғары тәуекел дәрежесіне жататындар – 204 (54%)
- жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтындар – 176 (46%)
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты бойынша:
Қауіпті өндірістік объектілердің жалпы саны – 1003 (2025 жылы – 986)
тау-кен өндіру саласының 159 объектісі (57)
жарылыс жұмыстарын жүргізетін 1 объект (1)
металлургия саласының 7 объектісі (7)
химия және мұнай-химия саласының 124 объектісі (124)
көмірсутек шикізатын магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласының 5 объектісі (5)
қазандық шаруашылығының 47 объектісі (47)
көтергіш құрылыстардың 407 объектісі (492)
газ шаруашылығының 218 объектісі (218)
өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша 35 объект (35)
Қадағалау қызметі
Жоспарлы тексерулер аяқталды – 44 (2026 жылға жоспарланғаны – 68).
- тексерілген объектілер саны – 187, 563 бұзушылық анықталды, 41 әкімшілік хаттама толтырылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 5 233 250 теңге (қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 100% өндірілді).
Жоспардан тыс тексерулер аяқталды – 12, объектілер тексерілді – 29, 135 бұзушылық анықталды, 11 әкімшілік хаттама толтырылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 865 000 теңге (қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 100% өндірілді).
Тергеу – 2. Басқарма «АТП Энергострой» ЖШС-де болған аварияның туындау себептеріне тергеу жүргізуде. Авария жарылғыш материалдарды кәдеге жарату кезінде орын алған (қаза тапқандар – 2 адам), қазіргі уақытта тергеу жұмыстары «жұмыс» кезеңінде.
Жедел ықпал ету шараларын (ЖЫШ) қолдану – 10 кәсіпкерлік субъектісіндегі 29 қауіпті өндірістік объектінің қызметі тоқтатылды (16 ЖӨҚ, 7 көтергіш механизм, 6 тау-кен жұмыстарын жүргізу объектісі).
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау – 7.
2026 жылдың басынан бері Басқарма қызметкерлері техникалық куәландыруларға – 15 (13), оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды өткізуге – 7 (1) рет қатысты.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді алуға 117 (93) өтініш қаралды, оның ішінде оң қорытындымен көрсетілген қызметтер – 101 (немесе 79%), уәжді түрде бас тартылғаны – 16 (немесе 21%).
2026 жылы Басқармаға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 223 (137) өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 149, заңды тұлғалардан – 74.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз сөйлеулер саны – барлығы 9 (6).
Техникалық кеңестер өткізілді – 4 (5).
2026 жылғы есепті кезеңде Жетісу облысының қадағалаудағы кәсіпорындарында 1 авария тіркелді («АТП Энергострой» ЖШС).
Инциденттер – 0, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру комиссиясының жұмысына қатысу – 0.