Баспасөз аңдатпасы
Талдықорған қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен ақпараттық науқан басталады
2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Талдықорған қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен ақпараттық науқан өтеді.
Ақпараттық науқанның ұйымдастырушылары — Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК, сондай-ақ өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар.
Ақпараттық науқан аясында өткізілетін іс-шаралар:
АИТВ-инфекциясы – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. АИТВ-ны ерте анықтау және емді уақытылы бастау – оң статуспен өмір сүретін адамдарға толыққанды әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді.
Бүгінде антиретровирустық терапия тегін және қолжетімді, ол вирустың белсенділігін басып, басқа адамдарға жұғу қаупін болдырмайды.
АИТВ инфекциясы - қол алысу, құшақтасу, сүйісу, ортақ ыдыс пайдалану немесе жәндіктердің шағуы арқылы жұқпайды. АИТВ инфекциясының берілуінің тек үш жолы бар: жыныстық, вертикалды (анадан балаға) және парентералдық.
АИТВ -статусыңызды білудің жалғыз жолы — анонимді тестілеуден өту. Тестілеуді Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК -да өтуіңізге болады.
Ақпараттық науқанның негізгі мақсаттары:
Барша Жетісу облысы тұрғындарын бей-жай қарамауға, іс-шараларға қатысуға және мына бір маңызды шындықты есте сақтауға шақырамыз: әр адам АИТВ инфекциясының алдын алуға өз үлесін қоса алады!
Ұйымдастырушылар еріктілерге, жастар ұйымдарына және ҮЕҰ серіктестеріне көрсеткен қолдауы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Қосымша ақпарат:
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Медеу көшесі 3.
Жұмыс режимі:
Дүйсенбі-Жұма, 8: 30 – 17: 00
Телефондар:
8 (7282) 41-11-71 – қабылдау бөлмесі
8 (7282) 41-01-29 – емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансерлеу бөлімі
8 (7282) 41-60-85 – эпидемиологиялық мониторинг бөлімі
E-mail: aids_jetisu@mail.ru
Instagram: aids_zhetisu
TikTok: aids_zhetisu
Facebook: Вич Спид Профилактика