2025–2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

Жетісу облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар), 2025–2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

         Мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) келесі құжаттарды қамтитын конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынуы қажет:

      1) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖОО өтінімі;

      2) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖОО-ның сауалнамасы;

      3) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша ұсыныстар;

     4) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖООКБҰ) ақпараттық картасы.

         Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілетін құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қойып, мөрмен бекітілуі тиіс және электрондық форматта конкурс ұйымдастырушысының ресми электрондық поштасына zdravzhetysu@mail.ru мекенжайы бойынша ағымдағы жылдың 28 шілдесі (сағат 09:00) мен          10 тамызы (сағат 18:30) аралығында жіберілуі қажет.  Өтінімнің қабылданғанын төмендегі телефон арқылы растау қажет: 8 (7282) 40 00 45, немесе мына мекенжай бойынша: Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Гаухар ана көшесі, 87-үй, 218-кабинет.

         Конкурсқа қатысуға арналған өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күн мен уақыттан кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурсқа қатысу өтінімдері, кешігу себептеріне қарамастан, қаралмайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

         Қосымша: 2025–2026 оқу жылына Жетісу облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

       

 

Дата публикации
28 июля 2025