Хабарландыру №1 2025 жылдың 6 қаңтарынан 2025 жылға арналған Жетісу облысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарын сатып алу бойынша тендер өткізу туралы

Хабарландыру №1 2025 жылдың 6 қаңтарынан

2025 жылға арналған Жетісу облысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарын сатып алу бойынша тендер өткізу туралы

 

 

         Тендердің ұйымдастырушысы: Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы, БИН 220740005209, ИИК KZ03 0701 02KS N700 1010 (есеп шоты), KZ36 0705 0225 3E25 0001 (кепілдік шоты) KZT, БИК ККМFКZ2А, РГУ «Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мекен-жайы: Қазақстан  Республикасы, Жетісу облысы, Талдыкорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87.

         2025 жылға Жетісу облысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу туралы тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

         Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы                № 110 бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 тарауының 9 тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келу қажет.                                                                     Сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың толық тізімі, толық спецификациясы, көлем, әр лотқа бөлінген сома, жеткізу мерзімі мен орны тендерлік құжаттамада (қосымша №1, №2) көрсетілген. Жеткізу мерзімі мен шарттары: тендерлік құжаттаманың қосымшасы №2 сәйкес.                                   Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдыкорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87, 2 қабат, кабинет №219, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерінен тыс және/немесе Басқарманың веб-сайтында. Тендерге қатысу туралы өтінімдер, конвертте мөрленген, әлеуетті жеткізушілермен Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылады, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдыкорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87, 2 қабат, кабинет №219.    Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2025 жылдың 27 қантар сағат 13:00 дейін.

Тендерлік өтінімдер бойынша конверттер 2025 жылдың 27 қантар сағат 15:00-те мына мекенжайда ашылады: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдыкорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 87, 1 қабат, конференц-залы.

Дата публикации
06 января 2025