2024 жылы 29 тамызда Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары С.Баясылдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

2024 жылы 29 тамызда Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары С.Баясылдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

2024 жылы 29  тамызда  Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары С.Баясылдың төрағалығымен  және басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті.

Басқарма басшысының орынбасарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс екендігін  және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы» заң  талаптарын орындалу туралы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Кеңесе қатысушылар өз баяндамаларында « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзнекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық-ел ішіне білінбей кірген індет секілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбалас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі – деп қорытындылады.