Қызметтік әдеп, іскерлік қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын дамыту мәселелері қаралды

Қызметтік әдеп, іскерлік қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын дамыту мәселелері қаралды

2025 жылғы 17 қыркүйекте мекемемізде қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымдағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ішкі жиналыс өтті. Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік қарым-қатынастағы мәдениет пен этиканы ұстану, сондай-ақ ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиналыста қызметтік этиканы сақтау – мемлекеттік қызметшінің абыройы мен халықтың сенімін арттырудың маңызды шарты екені ерекше айтылды. Сонымен қатар, жұмыс барысында және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен аулақ болу, әріптестерге құрметпен қарау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар, ішкі «Speaking Club» және біліктілікті арттыру семинарлары аясында мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдыларын дамыту мәселесі де көтерілді. Бұл шаралардың мақсаты – қызмет сапасын жақсартып, халықпен тиімді әрі мәдени қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Жиын қорытындысы бойынша барлық қызметкерлерге Әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтау тапсырылып, осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары мен біліктілікті арттыру іс-шаралары тұрақты түрде жалғасатыны туралы хабарланды.