«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидия бөлу бойынша»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы
13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 5 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Жетісу облысы бойынша энергия өндіруші ұйымдардың
2025-2026 жж. жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталуы а.ж. маусым айының 16 күні, аяқталуы а.ж. желтоқсан айының 31 күні болып белгіленсін.
Басқарма басшысы А. Бекетаев