Жетісу облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Жетісу облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелері
Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.
Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.
1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі-тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;
3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;
4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2 тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі
1) жерлеу үшін орын бөлу тәртібін;
2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі;
3) зираттарды жобалау және салу тәртібін;
4) жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау тәртібін;
5) зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібін;
6) жерлеуге, зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.
Аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі:
зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;
жерлеу, зират қорымдарын күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
Облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.
жерлеу жылы, айы, күні;
зираттың (қабірдің) нөмірі;
қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
туған және қайтыс болған күні;
өлімнің себебі;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;
марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.
зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;
сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.
Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.
қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;
Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:
Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:
табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;
Зираттарды одан әрі күтіп ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.
Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.
Зират қорымдарын (өтпе жолдар,соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес тиісті тәртіппен жергілікті атқрушы органдар күтіп ұстайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Зират қорымының әкімшілігі мыналарды;
___________________________________________