Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2024 жылдың 1- жарты жылдығында атқарылған іс-шаралардың есебі

Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2024 жылдың 1- жарты жылдығында атқарылған іс-шаралардың есебі

 

Басқарма өз қызметін облыс әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады

Міндеттері энергетика, коммуналдық, су және газ шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік реттеу және басқару болып табылады.

 

Елді мекендерді газдандыру бойынша

Облыстағы «2030 жылға дейінгі перспективасы бар Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасына сәйкес 358 елді мекеннің 192 е/м газдандыруға жатады (қалған 166 е/м 2030 жылдан кейін қаралатын болады).

Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 46% құрайды. 33 елді мекен газдандырылды, 327 мың адам газға қол жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің алдымызда 2025 жылдың соңына дейін 126 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету міндеті тұр (Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейін 101 елді мекен және Панфилов ауданының 25 елді мекені).

Анықтама: 2022 жылға дейін барлығы 5 е/м газдандырылды (Көксу ауданы Балпық би ауылы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Еңбек ауылы және Талдықорған қаласы). 01.01.2023 жылда – 17 е/м, 01.04.2024 жылда-11 е/м газдандырылды.

2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді мекен газға қосылады. (жаңа 22, өткен жылдан ауысатын 8), Көксу ауданы-14, Қаратал ауданы – 6, Ескелді ауданы – 9, Талдықорған қаласы-1. 433 км газ тарату желілері салынады.

Осы мақсаттар үшін ағымдағы жылы бюджеттен 12,0 млрд. теңге бөлінді (РБ – 6,8 млрд.теңге, ЖБ – 5,2 млрд. теңге).

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін ҚР Үкіметі (31.05.2024 ж. №431 ҚРҮҚ) қосымша 10,4 млрд. теңге мақұлдады,

олардың ішінде:

- 22 жобаны аяқтауға-5,6 млрд. теңге;

- 21 жоба бойынша жұмыстардың басталуына-4,8 млрд. теңге (жалпы құны 15,5 млрд.теңге). ҚМЖ аяқтауға 10,7 млрд. теңге қажет.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 25,7 млрд. теңгеге 42 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. (Мемсараптама қорытындысы - 23, ЖСҚ - 18 ГЭ қарауында алынды). РБ нақтылауға бюджеттік өтінім берілетін болады.

Газдандырудың екінші кезеңімен біз Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі таңда құны 131,7 млрд. теңге құрайтын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобада ұзындығы 302,0 км, 6 АГРС орнатумен магистральдық газ құбырын салу көзделген, бұл 124 мың тұрғыны бар тағы 66 елді мекенді газға қосуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. (Жобаланатын газ құбырының өнімділігі жылына 310,54 млн. м3 дейін).

Жобаны іске асыруды ағымдағы жылдың II жартыжылдығында бастау жоспарлануда. Жобаның аяқталу мерзімі 2028 жылдың 3 тоқсаны.

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 192 елді мекен газдандырылады.

Сумен жабдықтау

 

Жетісу облысындағы су құбыры желілерінің ұзындығы 3 841 км, желілердің тозуы 34% құрайды (1 304,6 км қайта жаңарту қажет).

Орталықтандырылған сумен 325 елді мекен немесе 90,7% (қалалық ЕМ – 6 (100 %), ауылдық ЕМ – 319 (90,6%), орталықтандырылмаған сумен – 26 елді мекен, тасымал сумен – 7 елді мекен қамтамасыз етілген.

2023 жылы сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 25 жобаны іске асыруға 6,4 млрд. теңге бөлінді (РБ - 5,2 млрд.теңге,ЖБ - 1,2 млрд. теңге). Орталық сумен жабдықтаумен 2 ауыл (Бесағаш ауылы, Бірлік ауылы) қамтамасыз етілді және 9 елді мекенде (14 ауыспалы) 112 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды.

Ағымдағы жылы 22 жобаны іске асыру басталды (9 жаңа,

13 ауыспалы) 7,3 млрд. теңге сомасына сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша:

РБ және ҰҚ- 6,4 млрд. теңге (5,5 млрд. тг - 8 жаңа

жобаны іске асыруға, 2 жобаны аяқтауға 0,9 млрд. тг)

ЖБ - 922,1 млн. теңге (оның ішінде жаңа жобаларға 528,8 млн.теңге және 11 жобаны аяқтауға 393,3 млн. теңге).

Нәтижесінде, жыл соңына дейін 428,5 км желі салынады, орталықтандырылған сумен жабдықтауға тағы 2 ауыл қосылады (Алакөл ауданының Тоқжайлау, Бибақан ауылдары), Облыстың 20 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарады, қамтамасыз ету деңгейі 91,3% жетеді (2024 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен 327 нп қамтамасыз етіледі).

Жалпы 2025 жылдың соңына дейін халық саны 697,9 мың адамды (99,9%) құрайтын облыстың 331 елді мекенді (92,5%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

 

 

Тарифті инвестицияларға айырбастау

 

Облыстың инженерлік инфрақұрылымындағы негізгі проблемалар электрмен және жылумен жабдықтау нысандарының тозуының жоғары деңгейі болып табылады.

Облыс аумағында барлығы 13,7 мың км тарату электр желілері және 2,6 мың бірлік қосалқы станциялар бар. Электрмен жабдықтау объектілерінің тозуы 80%-дан асты («ТАТЭК» АҚ - 87,2%).

Электр желілері мен негізгі жабдықтардың 90%-дан астамы «ТАТЭК» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының жеке меншігінде.

Электр желілерінің тозу дәрежесін төмендету мәселелсін шешу үшін өңірлік электр желілік компанияның («ТАТЭК» АҚ) инвестициялық бағдарламасының сомасын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануда. 2023 жылы сома 700 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, нәтижесінде 3 қосалқы станция және 47,8 км электр беру желілері жаңғыртылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде электр энергиясының өшуі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда екі есеге азайды (2023 жылғы қараша – 34, 2022 жылғы қараша – 72).

2024 жылға инвестициялық жобаның сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 80,4 км электр беру желілері мен 4 бірлік қосалқы станцияларын (Алакөл ауданы – 1 бірлік ҚС и 45,7 км ӘЖ; Кербұлақ ауданы – 2,4 км ӘЖ; г. Текелі қ. –27,7 км ӘЖ; Талдықорған – 4,6 км ӘЖ; Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандары – по 1 бірліктен ҚС) жаңғырту жоспарлануда

11 іс-шара өткізіледі. Қазіргі уақытта 3 іс-шара бойынша жұмыстар аяқталды (Кербұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылындағы ӘЖ-10кВ – 2,4 км және Алакөл ауданындағы № 2 ӘЖ-10кВ № 7602  "Әшім" 35/10кВ ҚС-нан Жыланды ауылына дейін-12,5 км, ӘЖ-10кВ № 7603 " Әшім"- Шынжылы176-ҚС-на дейін-13,3 км). Жыл қорытындысы бойынша тозуды 2,4% - ға төмендету жоспарлануда.

Жалпы, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 2023-2029 жылдар аралығында «ТАТЭК» АҚ инвестицияларының жалпы сомасы шамамен 11,8 млрд теңгені құрайды.

Осылайша, 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12%-ын жаңғырту жоспарлануда. Тозу деңгейінің төмендеуі 15%-ды (87,2%-дан 72,2%-ға дейін) құрайтын болады.

 

Жетісу облысында электр энергетикасын дамыту туралы

ақпарат

 

Облыста электр энергиясының белгіленген қуаты 234,5 МВт (ЖЭК – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО - 24 МВт) құрайды.

2024 жылдың 5 айы бойынша электр энергиясын тұтыну 918,3 млн. кВт*сағатты құрды (2023 жылы – 1,9 млрд.кВт*сағ). Оның ішінде электр энергиясының меншікті өндірісі – 320 млн. кВт*сағ (ЖЭК – 247,5 млн.кВт*сағ; ЖЭО, көмір – 72,5 млн. кВт*сағ). Басқа көздерден сатып алу – 598,3 млн.кВт*сағат.

Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді (Ақсу а. – қуаты 2 МВт 1 СЭС; Ескелді а. – қуаты 40,7 МВт 4 СЭС; Сарқан а. – қуаты 27,4 МВт 5 СЭС және қуаты 50 МВт 1 ЖЭС; Текелі қ. – қуаты 35,9 МВт 2 СЭС, Алакөл а. – 1 Қуаттылығы 50 МВт ЖЭС, қуаттылығы 4,5 МВт Қаратал а. – 1 СЭС).

2024 жылы белгіленген қуаттылығы 42,1 МВт, құны 17,4 млрд.теңге болатын жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасын аяқтау жоспарлануда (Ескелді ауданы 1 СЭС - 29 МВт, Сарқан ауданы: 2 СЭС – 13,1 МВт).

2026 жылға дейін тағы 8 нысанды іске асыру жоспарлануда (белгіленген қуаттылығы 84,7 МВт, құны 40,8 млрд.теңге).

Сондай-ақ, Сауд Арабиясының инверторларымен белгіленген қуаттылығы 1 ГВт, құны 906,3 млрд.теңге болатын «Алакөл ауданы Жоңғар қақпасы ауданында жел электр станциясын салу» (ірі жоба) жоспарлануда.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Алакөл ауданы әкімдігінің қаулысымен жер учаскесі белгіленді. Құрылыс 2025 жылы басталады.

 

Жетісу облысын жылумен жабдықтау бойынша анықтама

 

Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі негізгі жылу көздері Текелі қаласының ЖЭО және 23 қазандық (газда-7 қазан; көмірде-14 қазан; сұйық отында - 3 қазан).болып табылады. Оның ішінде Текелі қаласындағы ЖЭО жеке меншікте, Достық ауылындағы қазандық  «Қазақстан Темір Жолы» АҚ меншігінде, қалғандары коммуналдық меншікте. Жылу желілерінің ұзындығы 390 км (желілердің орташа тозуы 50% құрайды).

2024 жылы жылумен жабдықтаудың 4 жобасын іске асыруға бюджеттен 3,9 млрд.теңге (РБ-2,6 млрд. теңге, ЖБ – 1,3 млрд. теңге) бөлінді. Оның ішінде:

- «Қуаты 30 Гкал/сағ Үшарал қаласында жаңа қазандық салу» жобасы іске асыру сатысында  (шарт бойынша сома 3,1 млрд. теңге, 2024 жылға дейін 1,8 млрд.теңге (РБ) игерілді. Мердігер ұйым - "Азия Энергопроектмонтаж" ЖШС, құрылыс мерзімі 10 ай, жұмыстар 2023 жылдың сәуірінен басталды). Бүгінгі күні жұмыстар 70% орындалды. Жобаны аяқтау үшін 2024 жылға 1,3 млрд. теңге бөлінді (РБ – 925,4 млн.теңге, ЖБ – 311,4 млн.теңге).

- также, планируется запуск блочно-модульной котельной на газе в г.Уштобе мощностью 12 Гкал/ч (4 котла по 3 Гкал/ч, в марте 2024 года объект введен в эксплуатацию).

- 2021 жылдан бастап Текелі қаласының «Алатау» ш/а жалпы сомасы 3,4 млрд.теңгеге 17 км жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. (2024 жылға дейін 1,6 млрд. теңге игерілді, 9,3 км желі қайта жаңартылды). 2024 жылға 1,8 млрд. теңге бөлінді, қалған 7,7 км желіні қайта жаңғырту жоспарлануда.

Сондай-ақ, "Талдықорғантеплосервис" МКК өз күштерімен Толебаев, Алдабергенов көшелерінен Жансүгіров көшелеріне дейінгі жалпы ұзындығы 1,1 км жылу желілері қайта жаңғыртылады.  Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен қажетті материалдарды сатып алуға 300 млн.теңге* бөлінді.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелері бойынша 1,8 км жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда (2023 жылы Абай көшесі бойынша 600 м желі орындалды, Қабанбай батыр көшесі бойынша 4 жылу камерасы орнатылды).

Ағымдағы жылы Қабанбай батыр және Дарабоз ана көшелерінде ұзындығы 700 метр жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді (шарт бойынша сома 1,9 млрд.теңге, аяқтау үшін ЖБ-тен 682 млн. теңге қажет). Балпық би көшесі бойынша қалған 500 м ағымдағы жылдың тамыз айында басталады деп жоспарлануда.

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде қаланың орталық бөлігінің және Қаратал ш/а объектілері қуаттылығы 42,5 Гкал/сағ болатын №2 орталық қазандыққа қайта қосылатын болады, бұл өз кезегінде «Баскуат» қазандығына жүктемені айтарлықтай төмендетеді (10-15 Гкал / сағ).

Бұдан басқа, Үштөбе қаласындағы 3,2 км жылу желілерін (жобаның құны – 892,3 млн. тг) және Балпық би ауылындағы 0,5 км жылу желілерін (жобаның құны – 241,2 млн. тг) қайта жаңғырту бойынша 2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға бюджеттік өтінім ұсынылды. ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жобаларды алдын ала қолдады.

Жеке инвестициялар есебінен іс-шаралар

Жеке инвестициялар есебінен 2024 жылға Текелі қаласында қуаты 21 МВт жаңа бу-газ қондырғысының бірінші кезеңін іске қосу жоспарлануда (барлығы 41 МВт, 16,3 млрд.тг, 2025 жылы 2-ші кезең). Бүгінгі күні жабдықты ішінара жеткізу жүргізілді, газ турбиналық қондырғы орнатылды, ашық тарату құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтау сатысында және ғимараттың қаңқасын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Баскуат» қазандығының базасында жалпы қуаты 80 МВт электр және 100 Гкал/сағ жылу энергиясы бар (2024 жылы 40 МВт және 25 Гкал/сағ 1-кезең) газ турбиналық станцияны іске қосу жоспарлануда.

 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

 

Облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 30 925 адамды құрайды (оның ішінде: халықтың әлеуметтік осал топтары – 13159 адам, мемлекеттік сектор қызметкерлері - 8941 адам, жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 3095 адам, көп балалы аналар - 5595, мүгедектер мен соғыс ардагерлері – 5 адам, сондай-ақ тұрғын үйі апатты деп танылған 130 адам).

2023 жылы барлық бағыттар бойынша 2562 отбасы тұрғын үймен қамтылды (кредиттік тұрғын үйлер – 817, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй –656, демеушілер тарапынан-565, авариялық КҚТҮ тұрғындарына үйлер – 137, «Жетісу жастары» -31, ХӘӘТ үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу – 356), оның ішінде 691 көпбалалы, 771 әлеуметтік осал отбасы және 114 жетім балалар және т.б. (Алакөл – 139, Ескелді – 77, Қаратал -37, Көксу -40, Сарқан-44, Талдықорған – 1747, Кербұлақ – 17, Панфилов -185, Текелі – 192, Ақсу -84). Сондай-ақ, 94 азаматқа 133,1 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаты ұсынылды.

2024 жылы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 3487 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй - 678, "Кредиттік тұрғын үйлер" - 1802, "Жетісу жастары" - 50, «Жерұйық» - 66, авариялық КҚТҮ тұрғындарына үйлер сатып алу -95, ХӘӘТ үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу – 236, демеушілер есебінен - 560), оның ішінде 500 көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар қамтылады.

Ағымдағы жылы 115 азамат тұрғын үймен қамтылды (Ақсу ауданы-10, Талдықорған қ. -94, Текели - 11). Оның ішінде: көпбалалы отбасылар -27, ХӘӘТ – 34, жетім балалар – 12.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен тұрғын үй бағдарламасы қатысушылары үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 443,0 млн.теңге қарастырылып, ағымдағы жылы 18,7 млн.теңгеге                                  18 азаматқа тұрғын үй сертификаты ұсынылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында «Отбасы банк» АҚ жалдау төлемдерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді жүзеге асыру үшін 25,5 млн.теңге қаржыға 232 азаматпен тұрғын үйді жалға алу шарты жасалды.

Төлемдерді тағайындау ең төменгі күнкөріс деңгейінің                                   1 еселенген шамасынан аспайтын табысы бар 4 санаттағы кезектегілер (1,2-топ мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар)  қамтылады.

2024 жылға жалдау ақысын субсидиялауға 100,0 млн. теңге қарастырылып, «Отбасы банк» АҚ келісім шарт жасалды. Барлығы                125 азаматқа 4,1 млн.теңгеге тұрғын үйді жалға алу шарты жасалды.

 

Апатты көппәтерлі үйлердің жағдайы туралы

                                                                                                         

Облыс бойынша барлығы 1682 көпқабатты тұрғын үйлер бар, оның ішінде 39 апатты үйлер немесе 333 пәтер бар, онда 538 адам тұрады (2023ж. басында 47 апатты үй болған, 9 үй бұзылды).

39 апатты көпқабатты үйлер:

Кербұлақ ауданы – 12 үй 96 пәтер

Қаратал ауданы – 1 үй 8 пәтер

Текелі қаласы – 15 үй 148 пәтер

Талдықорған қаласы – 11 үй 81 пәтер.

2023 жылы апатты үйлердің тұрғындарына 1,3 млрд.теңгеге 137 пәтер сатып алынды, оның ішінде:

Текелі қаласы бойынша 620,4 млн.теңгеге 93 пәтер,

Талдықорған қаласы 491,6 млн.теңгеге 32 пәтер,

Ақсу ауданы бойынша 197,4 млн.теңгеге 12 пәтер.

2024 жылы облыс бойынша 1,0 млрд.теңгеге 95 пәтер сатып алу жоспарлануда, оның ішінде:

Текелі қаласында 380,2 млн. теңгеге 42 пәтер және 90,0 млн теңгеге 6 жеке тұрғын үй.

Талдықорған қаласы бойынша 560,0 млн.теңгеге 47 пәтер                       (1 пәтер құны 12,0 млн.теңгеден).

289 азамат қоныс аударуға жатады.

Жыл басынан барлығы 666,4 млн.теңгеге 42 пәтер сатып алынды, оның ішінде:

Текелі қаласы бойынша 106,4 млн.теңгеге 11 пәтер (7 пәтер                     3 бөлмелі, 4 пәтер 1 бөлмелі).

Талдықорған қаласы бойынша 560,0 млн.теңгеге 31 пәтер                    (15 пәтер 1 бөлмелі, 16 пәтер 2 бөлмелі).

Азаматтарды көшіру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару

Облыс аумағында типтік үлгідегі 7 полигон және қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған 182 алаң бар (412 га).

Аталған 7 полигонның 4-уі (Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов аудандары) сенімгерлік басқаруға, 1-уі жарғылық капиталын ұлғайтуға берілген (Талдықорған қаласы) 2-уі (Көксу, Қаратал аудандары) жергілікті әкімдіктердің теңгерімінде.

Ескелді, Кербұлақ, Панфилов аудандарында және Талдықорған қаласындағы полигондарда қоршаған ортаға арналған эмиссияға рұқсат құжаттарының мерзімі өткен.

Облыс бойынша аудан орталықтары мен ірі елді мекендер тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен толық қамтылған. Аталған қызмет түрін  22 кәсіпкер  көрсетеді және 7 кәсіпкер сұрыптау, қайта өңдеумен айналысады.

Сондай-ақ, Үшарал, Сарқан қалаларына арналған полигон құрылысына және Текелі қаласындағы жабық полигонды рекультивациялау жұмыстарына жобалау сметалық құжаттарды әзірлеуге 138,6 млн.теңге бөлінді.

- Сарқан, Үшарал қалаларына арналған 2 жаңа полигон бойынша «ЖаңаҚұрылысТалдықорған» ЖШС-мен шарт жасалды, әзірлеу мерзімі – 2024 жылғы маусым;

- Текелі қ. полигонды қалпына келтіру бойынша «Alpfa Graphics» ЖШС-мен шарт жасалды, әзірлеу мерзімі  - 2024 жылғы маусым. Мемлекеттік сараптама порталына жүктеу үшін құжаттарды жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері 10 ауданның (қала)   8-де (Талдықорған қаласында бір адамға - 379,53 теңге, Ескелді ауданында - 240 теңге, Панфилов ауданында – 365 теңге, Қаратал ауданында  – 302 теңге, Текелі қ. - 391 теңге, Ақсу ауданы - 150 теңге, Сарқан ауданында – 156 теңге, Алакөл ауданында – 279 теңге көлемінде) бекітілді.

Қалған аудандарда (Кербұлақ, Көксу) тарифтер ағымдағы жылдың шілде соңына дейін бекітіледі.

Облыс аудандары мен қалаларының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарлама «ГеоДатаПлюс» ЖШС-мен                                18,5 млн.теңгеге әзірледі.

Қазіргі уақытта бағдарламаны аудандық (қалалық) мәслихаттармен бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде (аяқталу мерзімі - 2024 жылғы тамыз).

Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

 

 

          Басқарма басшысы                                                 А. Бекетаев

Дата публикации
15 июля 2024